Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и Программой Организации Объединенных Наций по окружающей среде (ЮНЕП) о правовом статусе Субрегионального офиса ЮНЕП для Центральной Азии в Казахстане

Қаулы · № 1054 · қабылданған 23.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-176896/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и Программой Организации Объединенных Наций по окружающей среде (ЮНЕП) о правовом статусе Субрегионального офиса ЮНЕП для Центральной Азии в Казахстане Қолданыста Қаулы ·№ 1054 ·23.12.2022
23.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и Программой Организации Объединенных Наций по окружающей среде (ЮНЕП) о правовом статусе Субрегионального офиса ЮНЕП для Центральной Азии в Казахстане

Қолданыста Қаулы ·№ 1054 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения в форме обмена письмами между Правительством Республики Казахстан и Программой Организации Объединенных Наций по окружающей среде (ЮНЕП) о правовом статусе Субрегионального офиса ЮНЕП для Центральной Азии в Казахстане
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1054
Қабылданған күні
23.12.2022
Көрсетілген редакция
23.12.2022 176896_611990.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001054
ЭКБ идентификаторы
176896
Редакция идентификаторы
176896_611990
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:41

0 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған 2022 жылғы 8 сәуірде Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады

1 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы КЕЛІСІМ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы
КЕЛІСІМ
Жоғары мәртебелі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Сыртқы істер министрі
Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіге
Нұр-Сұлтан қ.
«____» _________ 2022 ж.
Жоғары мәртебелі,
Сізге Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы (бұдан әрі – ЮНЕП) атынан мынадай мазмұндағы хатты жолдауды өзіме мәртебе санаймын:
«ЮНЕП-тің құрылуына негіз болған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының «Қоршаған орта саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық іс-шаралар» туралы 1972 жылғы 15 желтоқсандағы 2997 (XXVII) қарарын ескере отырып,
ЮНЕП-тің Қазақстан Республикасындағы қызметі мен оның болуына қатысты қолданылатын нормативтік құқықтық базаны қабылдауға өзара мүдделілігін негізге ала отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы балаларға көмек көрсетудің халықаралық төтенше қоры (ЮНИСЕФ), Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасы, ЮНЕП және Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да органдары мен бағдарламалары Үкіметпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жобаларды жүзеге асыруы шарттарымен осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдер жасауына негіз болатын 1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігін ашу туралы келісімнің (бұдан әрі – 1992 жылғы Келісім) 18-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып,
оған қоса, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қос тарап қажет деп санайтын кез келген басқа қосымша келісімдер жасауына негіз болатын 1992 жылғы Келісімнің 18-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімнің ережелерін Қазақстан Республикадағы ЮНЕП-тің қызметіне, мүлкіне, активтері мен персоналына қатысты қолдануды ұсынуды өзіме мәртебе санаймын.
Осы хат және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Сіздің жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНЕП арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын ұсынуды өзіме мәртебе санаймын, бұл Келісім 1992 жылғы Келісімнің 18-бабының 1-тармағына сәйкес қосымша келісімді білдіреді, демек 1992 жылғы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылады және ЮНЕП дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметінен осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң қолданысын тоқтатады.
Дегенмен бұл Келісім ЮНЕП функцияларын кезең-кезеңімен тоқтату мәселелерін реттеу және/немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНЕП арасындағы ықтимал дауларды шешу қажеттілігі туындаған жағдайда қосымша 6 (алты) ай мерзімге күшінде қалады.».
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.
ЮНЕП-тің
Атқарушы директоры
Ингер Андерсен
Жоғары мәртебелі
ЮНЕП-тің
Атқарушы директоры
Ингер Андерсен ханымға
Найроби қ.
«____» _________ 2022 ж.
Жоғары мәртебелі,
Сіздің 2022 жылғы «30» наурыздағы мынадай мазмұндағы хатыңызды алғанымды растауды өзіме құрмет санаймын:
«Сізге Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы (бұдан әрі – ЮНЕП) атынан мынадай мазмұндағы хатты жолдауды өзіме мәртебе санаймын:
«ЮНЕП-тің құрылуына негіз болған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының «Қоршаған орта саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық іс-шаралар» туралы 1972 жылғы 15 желтоқсандағы 2997 (XXVII) қарарын ескере отырып,
ЮНЕП-тің Қазақстан Республикасындағы қызметі мен оның болуына қатысты қолданылатын нормативтік құқықтық базаны қабылдауға өзара мүдделілігін негізге ала отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы балаларға көмек көрсетудің халықаралық төтенше қоры (ЮНИСЕФ), Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссардың басқармасы, ЮНЕП және Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа да органдары мен бағдарламалары Үкіметпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жобаларды жүзеге асыруы шарттарымен осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қосымша келісімдер жасауына негіз болатын 1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігін ашу туралы келісімнің (бұдан әрі – 1992 жылғы Келісім) 18-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып,
оған қоса, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қос тарап қажет деп санайтын кез келген басқа қосымша келісімдер жасауына негіз болатын 1992 жылғы Келісімнің 18-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімнің ережелерін Қазақстан Республикадағы ЮНЕП-тің қызметіне, мүлкіне, активтері мен персоналына қатысты қолдануды ұсынуды өзіме мәртебе санаймын.
Осы хат және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Сіздің жауап хатыңыз Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНЕП арасындағы ЮНЕП-тің Орталық Азияға арналған Қазақстандағы субөңірлік офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттар алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын ұсынуды өзіме мәртебе санаймын, бұл келісім 1992 жылғы Келісімнің 18-бабының 1-тармағына сәйкес қосымша келісімді білдіреді, демек 1992 жылғы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылады және ЮНЕП дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметінен осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын алған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң қолданысын тоқтатады.
Дегенмен бұл Келісім ЮНЕП функцияларын кезең-кезеңімен тоқтату мәселелерін реттеу және/немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНЕП арасындағы ықтимал дауларды шешу қажеттілігі туындаған жағдайда қосымша 6 (алты) ай мерзімге күшінде қалады».
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыдағы ұсыныспен келіскенімді растауды өзіме мәртебе санаймын.
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.

Қолданыстағы