Об утверждении Правил по благоустройству населенных пунктов, содержанию и защите зеленых насаждений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил по благоустройству населенных пунктов, содержанию и защите зеленых насаждений
- Атауы (қаз.)
- Елдi мекендердi көркейту, жасыл көшеттердi күту және қорғау бойынша ережелердi бекiту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-1/9
- Қабылданған күні
- 09.10.2003
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2009 17698_207153.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03BR002098
- ЭКБ идентификаторы
- 17698
- Редакция идентификаторы
- 17698_207153
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:54
0 Елдi мекендердi көркейту, жасыл көшеттердi күту және қорғау бойынша ережелердi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТi:
1 1. Берiлген елдi мекендердi көркейту, жасыл күту және қорғау бойынша Ережелер бекiтiлсiн.
2 2. Елдi мекендердi көркейту, жасыл көшеттердi күту және қорғау бойынша Ережелердiң орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың» тұрақты комиссияларына жүктелсiн.
3 3. Осы Ереже Ақмола облыстық әдiлет басқармасында тiркеуден өткеннен соң күшiне енедi.
Келiсiлдi:
аудан әкiмi
ауданның бас санитарлық дәрiгерi
4 Шортанды аудандық мәслихатының
2003 жылғы 10 қазандағы С-1/9
шешiмiмен
БЕКІТІЛДІ
Елдi мекендерi көркейту, жасыл көшеттердi
күту және қорғау бойынша
ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жақсаруы туралы" Заңына сәйкес әзiрленген.
Осы Ережелер елдi мекендер аумағын көркейту, жасыл көшеттердi күту және қорғау тәртiбiн және осы мәселе бойынша заңды және жеке тұлғалардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн белгiлейдi.
1 1. ТАРАУ. Негiзгi ұғымдар мен анықтамалар
1 1. Аумақты көркейту - адамның ауыл және поселке аумағындағы қолайлы өмiрiн қамтамасыз ететiн элементтер жұмыстардың кешенi.
2 2. Бекiтiлген аумақ - бөлiнiп берiлген аумаққа жататын немесе оған қызмет етуге немесе күзетiлетiн аймақ болып табылатын жер учаскесi.
Бекiтiлген аумақтар болып табылады:
1 1) Жол бөлiгiнiң шетiмен шектелген, көше жақтағы аумақ- жол қабаты дұрысталған көшелер үшiн немесе жол бөлiгiнiң ортасына дейiн- жол қабаты жетiлдiрiлмеген көшелер үшiн;
2 2) Аулалар аралығындағы аумақтар;
3 3) Жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатымен уақытша сақталуға, қоймаға қылуға және басқа мақсаттарға пайдаланылатын аумақ;
4 4) Бөлiнген аумақтың периметрi бойынша 25 метр қашықтықтағы аумақ.
3 3. Жасыл көшеттер - санитарлық-гигиеналық талаптарды, көркейту және сәулеттiк-ландшафттық ресiмдеу деңгейiн арттыруды қамтамасыз ететiн елдi мекеннiң құрылымын жоспарлау элементi.
4 4. Жер жұмыстары - аумақты қазумен, құмды үюмен, қайтадан жабумен байланысты жұмыстар.
5 5. Жер пайдаланушы - меншiк түрiне қарамастан (кәсiпорын, ұйым, кәсiпкерлер, жеке сектордағы үйлер иелерi және шаруашылық басшылары) ауылдық жерлердегi жер учаскелерiн пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
6 6. Инженерлiк жүйе және құрылыстар - тұрғындар мен кәсiпорындардың»мұқтаждықтарына кешендiк қызмет жасауға арналған елдi мекендердi инженерлiк көркейтудiң маңызды элементтерi.
7 7. Шағын сәулеттiк нысандар - көлемi жағынан шағын көркемдеу және қайта өңдеу түрiндегi нысандар.
1 1) Әсемдiк құрылыстары - мүсiндер, фонтандар, барельефтер, гүлдерге арналған құмыралар және т.б.;
2 2) Қайта өңдеу түрiндегi құрылыстар - күркелер, дүңгiршектер, орындықтар, қоршаулар, қоқыс жинағыштар, көшелердi», үйлердiң» маңдайшалары, хабарландырулар және т.б.
8 8. Жапқыштар (тенттер) - жол бөлiгiне тасылатын сұйық жүктердi құлаудан, шашылудан сақтауға арналған арнайы құрал.
9 9. Қоғамдық жерлер - ортақ пайдаланылатын демалыс орындары (сапаржайлар, саяжайлар), алаңқайлар және аялдамалар.
10 10. Бөлiнiп берiлген аумақ - жер пайдаланушыға иеленуге немесе пайдалануға уәкiлдiк органдардың шешiмiне сәйкес өзiне тиiстi объектiлердi орналастыруға берiлген жер учаскесi.
11 11. Көше - жол бөлiгi, тротуарлар, жасыл көшеттер, жер асты және жер үстi инженерлiк желiлерi орналасқан аумақ.
2 2. ТАРАУ. Жалпы ережелер
12
12. Меншiк түрiне және ұйымдастыру - құқықтық нысандарына қарамастан кәсiпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымдық тұлғалар және азаматтар көркейту ережелерiн сақтауға, елдi мекеннiң аумағында тиiстi тазалық пен тәртiптi қамтамасыз етуге, ғимараттар мен құрылыстарды жөнделген жағдайда ұстауға мiндеттi.
Аумақтардың санитарлық күтiлу және сыртқы көркейтiлу заңды және жеке тұлғаларға осы Ережелер негiзiнде аудан әкiмiнiң және ауыл округтерi әкiмдерiнiң өкiмдiк актiлерiмен бекiтiлiп берiледi.
13 13. Жылдың жылы мерзiмiнде ауа райына байланысты бөлiнген және бекiтiлген аумақтар жиналумен қатар суарылуы керек.
14 14. Меншiк субъектiсi көшелердi жинауды үй иелiктерi аумағы шегiнде жүргiзедi.
15 15. Меншiк түрiне қарамастан кәсiпорын, ұйымдар басшылары, жеке автокөлiк жүргiзушiлерi көшелерге көлiктi тиiстi санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтағанда ғана шығаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Елдi мекендер аумағына санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай келмейтiн, жол қабатының ластануына жол беретiн және сыртқы механикалық ақаулары бар автокөлiктер және басқа механикалық құралдардың кiруiне және жұмыс жасауына жол берiлмейдi. Жол қабатын ластап, сұйық және басқа да жүктер таситын жүк автокөлiк жүргiзушiлерi осы көлiктiң»артқы қорабының болуын және жапқыш құралмен жабдықталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.