Об утверждении Правил использования средств резерва местного исполнительного органа Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті атқару органының резервтік қаржысын пайдалану Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджеттік жүйе туралы» № 357-1 Заңын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтік қаржысын пайдалану Ережелерін бекіту туралы» № 1408 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті атқару органының резервтік қаржысын пайдалану Ережелері Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № а-2/51 қаулысы өз күшін жойсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Ә.Әдиетовке жүктелсін.
Басқа 5
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2003 жылғы «21» қазан №а-11/256 қаулысына №1 қосымша Жергілікті атқару органының 2003 жылға белгіленген резервтік қаржысын пайдалану ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже жергілікті атқару органының резервтік қаржысының бөлінуі мен пайдаланылу тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Резерв Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 261 Заңымен енгізілген соңғы өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджеттік жүйе туралы» № 357-1 Заңының 13-бабына сәйкес аудандық бюджеттің тиісті қаржы жылына бекітілген шығындары құрамында жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде көзделмеген және ағымды қаржы жылында дереу қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің резервтік құрамында Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған қаржы көзделген.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджеттік жүйе туралы» 357-1 Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес резерв мөлшері аудандық бюджет түсімінің екі пайызынан аспауға тиіс.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқару органының резервінен қаржыландырылатын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға және басқа да көзделмеген шығындарға төмендегі шаралар жатады:
Тармақша 1
1) Төтенше жағдайлардың алдын алу - күнілгері атқарылған және төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендету, адамдар өмірі мен денсаулығын сақтап қалу, шығындар мөлшерін кеміту мүмкіндігіне барынша бағытталған іс-шаралар кешені. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына мыналар жатады:
Тармақша 1.1
1.1) төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соғуы мүмкін апаттардың төнуін болжау мен хабарлау, жағдайды бақылау, байқау, ғылыми зерттеулер жүргізу;
Тармақша 1.2
1.2) төтенше жағдайлар саласындағы қорғаныс шаралары;
Тармақша 1.3
1.3) халықты және мамандарды оқыту, білімді насихаттау.
Тармақша 2
2) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдар өмірін құтқару мен денсаулығын сақтап қалуға, зияндар мен материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға, сонымен қатар төтенше жағдайларды жоюға бағытталған құтқару, апатты жою-қалпына келтіру және басқа да үстірт жұмыстарды атқару. Жергілікті атқару органдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асыруға негіз болып табылады. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларға мыналар жатады:
Тармақша 2.1
2.1) төтенше жағдай аймағында шоғырландырылған апатты жою-құтқару қызметтерінің күші мен құрал-жабдықтарын тарта отырып, жергілікті атқару органдарының және ұйымдар басшыларының алдын ала бекітілген жоспарларға сәйкес құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын атқаруы;
Тармақша 2.2
2.2) төтенше оқиғалардың салдарынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
Тармақша 2.3
2.3) зардап шеккендерге арнап уақытша түру мекен-жайын және тамақ өнімдерінің қорын ұстау;
Тармақша 2.4
2.4) шұғыл шаралар қолданушы апаттық-кұтқару және апаттық-қалпына келтіру бөлімшелерін апаттан құтқарудың техникалық құрал-жабдықтарымен қосымша жарақтандыру;
Тармақша 2.5
2.5) төтенше жағдайлар аймағына күш пен құрал-жабдықтардың жеткізілуін қамтамасыз ету;
Тармақша 2.6
2.6) қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру шараларын өткізу;
Тармақша 2.7
2.7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мақсатында көлік құралдарымен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық, медициналық және басқа да ресурстардың қорын жасау.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқару органның резервінен қаржы бөлу ісін аудандық қаржы бөлімі аудан бюджетінің тиісті қаржы жылына және осы мақсаттарға белгіленген шығындар мен несиелендіру құрамында бекітілген мөлшерде жүзеге асырады. Қаржыландыру заңда белгіленген тәртіпте, қаражатты алушы, бөлінетін қаржының мөлшері және оны жұмсау мақсаттары көрсетілген аудан әкімдігі қаулысының негізінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Резервтік қаржы көзделген мақсаты болғандықтан ол осы Ереже мен аудан әкімдігінің қаулысында көзделмеген басқа мұқтаждықтарға жұмсалынбайды. Қаржы жылы аяқталған соң аудан әкімдігі қаулысының күші жойылады да пайдаланылмаған қаржының қалдығы қайтарылады.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің жергілікті атқару органының резервінен қаржы бөлу туралы қаулысын дайындау кезінде төмендегі шарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына қаржы болмаған;
Тармақша 2
2) жергілікті атқару органының резервтік қаржысына деген қажеттілік үстіміздегі қаржы жылында туындап, қаржы алушының бұрынғы міндеттемелеріне байланыссыз болған жағдайда.
Тармақ 8
8. Төтенше жағдайлар орын алған кезде жергілікті атқару органдары осы төтенше жағдайлардың таралу көлемі мен аймағын анықтап, оларды объектілі немесе жергілікті екендігіне жатқызады.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғалардың жергілікті атқару органының резервінен қаржы бөлу туралы өтінішін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлім қарастырады. Мұндай жағдайда негізделген материалдар мен олардың тізбесін ұсыну тәртібі белгіленеді.
Тармақ 10
10. Жергілікті жердегі төтенше жағдайларды жою қажет болғай жағдайда төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім аудандық қаржы бөліміне негізделген есептерді қоса отырып, шешім жобасын ұсынады. Төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық бөлім оны белгіленген заңды тәртіпте жергілікті атқару органының бекітуіне енгізеді.
Тармақ 11
11. Жергілікті атқару органының резервтік қаржысын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға тиімді пайдалану мақсатында жергілікті атқару органының резервінен жоғарыда аталған шығындарға бөлінетін қаржы сомасы әрбір ағымды тоқсанда аудан бюджетінде аталған шараларды қаржыландыруға көзделген жылдық соманың 25 пайызынан аспауға тиіс.
Тармақ 12
12. Ағымдағы қаржы жылында резервтегі шараларды дереу қаржыландыруды қажет етуші міндеттемелер туындаған жағдайда қаржы бөлу басымдық тәртіпте, осы Ережеге сәйкес, аудандық бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат мөлшерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Егер бюджеттің орындалу барысында шығындар кірістерден асып кетсе, немесе бюджетке кірістердің түсуі біршама төмендеп кетсе, онда жергілікті атқару органы резерв шығындарына қысқарту енгізуге құқылы.
Тармақ 14
14. Резервтен бөлінген қаржы алушылар оның жұмсалуы, атқарылған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті аудандық қаржы бөлімі белгілеген тәртіппен және тиісті мерзімде беріп отырулары тиіс.
Тармақ 15
15. Аудандық қаржы бөлімі резерв қаржысының жұмсалуы мен оның қалдығы туралы жергілікті атқару органына ай сайын ақпарат беріп турады.
Тармақ 16
16. Резервтен бөлінген қаржының тиісті мақсаттан тыс пайдаланғаны үшін оны алушы Қазақстан Республикасының заңында көзделген тәртіпте жауап береді.
Тармақ 17
17. Жергілікті атқару органының резервтік қаржысының тиісті мақсатта жұмсалуына аудандық қаржы бөлімі бақылау жасайды.