Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Өзге акт · № 167 · қабылданған 26.12.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-176995/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов Күшін жойған Өзге акт ·№ 167 ·26.12.2022
13.11.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 167 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
167
Қабылданған күні
26.12.2022
Көрсетілген редакция
13.11.2024 176995_728456.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22UR031537
ЭКБ идентификаторы
176995
Редакция идентификаторы
176995_728456
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:38

0 Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі, осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 167 шешіміне 1 қосымша
Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

1

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын іске асыру үшін Сауран ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

1 1) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;

2 2) Тұрғын үй қарызы сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде айқындалсын.

Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалады.

7 Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 167 шешіміне 2 қосымша
Сауран ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

1 1) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;

2

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы бюджеттік ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын қажетті мамандар.

Қолданыстағы