Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Таскалинскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Таскалинскому району
- Атауы (қаз.)
- Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35-2
- Қабылданған күні
- 28.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2022 177015_613483.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22ZK031600
- ЭКБ идентификаторы
- 177015
- Редакция идентификаторы
- 177015_613483
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:14
0 Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Тасқала аудандық мәслихаты
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 35-2
шешіміне қосымша
Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері
Есептік бірлік
Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3
1.
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
0,82
2.
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
1,15
3.
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1,16
4.
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
1 орын
0,46
5.
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,64
6.
Емханалар, медициналық орталықтар
1 келіп кету
0,04
7.
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
2,10
8.
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,14
9.
Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
1,20
10.
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
1 отыратын орын
0,21
11.
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,3
12.
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,26
13.
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,21
14.
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер
Сауда алаңы 1 м2
0,80
15.
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,80
16.
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
0,13
17.
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,41
18.
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,45
19.
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС
1 машина-орын
0,15
20.
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
2,5
21.
Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер
1 гаражға
0,15
22.
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,23
23.
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,15
24.
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,02
25.
Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)
1 жұмыс орны
0,15
26.
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,28