Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Қаулы · № 1062 · қабылданған 26.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-177061/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1062 ·26.12.2022
26.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1062 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1062
Қабылданған күні
26.12.2022
Көрсетілген редакция
26.12.2022 177061_612217.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001062
ЭКБ идентификаторы
177061
Редакция идентификаторы
177061_612217
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:33

0 Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

2 2. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдау мен анықтауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 315-1) және 315-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«315-1) кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарды сыныптау әдістемесін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатындарының қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
315-2) ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамын құзыретті органмен бірлесіп бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 540-1) және 540-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«540-1) инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны уәкілетті органға жібереді;
540-2) табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен уәкілетті органға жібереді;».

3 3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың оныншы абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы