Құжат мәтініне өту

Об изменении наименования акционерного общества «Информационно-аналитический центр»

Қаулы · № 1121 · қабылданған 30.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-177070/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об изменении наименования акционерного общества «Информационно-аналитический центр» Қолданыста Қаулы ·№ 1121 ·30.12.2022
30.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении наименования акционерного общества «Информационно-аналитический центр»

Қолданыста Қаулы ·№ 1121 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении наименования акционерного общества «Информационно-аналитический центр»
Атауы (қаз.)
«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1121
Қабылданған күні
30.12.2022
Көрсетілген редакция
30.12.2022 177070_618671.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001121
ЭКБ идентификаторы
177070
Редакция идентификаторы
177070_618671
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:50

0 «Ақпараттық-талдау орталығы»

акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының атауы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « » .
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 21-135-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-135. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне:» деген бөлімде реттік нөмірі 405-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«405-2. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы.».

3 3. «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«7. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы.».
_________________________

Қолданыстағы