Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об изменении наименования акционерного общества «Информационно-аналитический центр»

Қаулы · № 1121 · қабылданған 30.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-177070/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об изменении наименования акционерного общества «Информационно-аналитический центр» Қолданыста 30.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об изменении наименования акционерного общества «Информационно-аналитический центр»

Қолданыста Қаулы № 1121 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении наименования акционерного общества «Информационно-аналитический центр»
Атауы (қаз.)
«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1121
Қабылданған күні
30.12.2022
Көрсетілген редакция
30.12.2022 177070_618671.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001121
ЭКБ идентификаторы
177070
Редакция идентификаторы
177070_618671
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:50
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Ақпараттық-талдау орталығы»

акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының атауы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « » .
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде реттік нөмірі 21-135-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-135. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ».

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне:» деген бөлімде реттік нөмірі 405-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«405-2. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы.».

3. «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«7. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» акционерлік қоғамы.».
_________________________