Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қаулы · № 1101 · қабылданған 29.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-177127/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1101 ·29.12.2022
29.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1101 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1101
Қабылданған күні
29.12.2022
Көрсетілген редакция
29.12.2022 177127_612629.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001101
ЭКБ идентификаторы
177127
Редакция идентификаторы
177127_612629
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:00

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Нұр-Сұлтан қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Астана қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

2 2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) суармалы егіншілік және агромелиорация;»;
15-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«4-1) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, жолданымдарда, хабарларда, үн қатуларда, ұсыныстарда, сұраныстарда халық көтеретін жүйелі проблемаларды уақтылы және толық қарауды, талдауды, мониторингтеуді және анықтауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады;»;
316) және 317) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«316) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
317) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
320) және 321) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«320) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
321) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың нысанын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
323), 324) және 325) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«323) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
324) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметтің басталғаны (тоқтатылғаны) туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
325) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;»;
327) тармақша алып тасталсын;
328) және 329) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«328) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекітеді;
329) асыл тұқымды жануарлардың республикалық тізілімін жүргізуді және оны уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады;»;
333) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«333) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;»;
335) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«335) мыналарды:
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын;
мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын;
асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру (жою) тәртібін;
асыл тұқымдық өнім (материал) мәртебесін беру (тоқтата тұру, күшін жою) тәртібін;
асыл тұқымды жануардың жеке карточкасының, сондай-ақ селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануары карточкасының нысаны мен оларды толтыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
338) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«338) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 508-21), 508-22), 508-23), 508-24), 508-25), 508-26), 508-27), 508-28) және 508-29) тармақшалармен толықтырылсын:
«508-21) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды жүзеге асырады;
508-22) индекстік бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-23) молекулалық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-24) мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
508-25) асыл тұқымды тұқымдық жануарларға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-26) асыл тұқымды жануарларға өз өнімділігі бойынша бағалау (сынақтар) жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-27) геномдық бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
508-28) бонитерді (сыныптаушыны), техник-ұрықтандырушыны және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманды оқыту курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;
508-29) бонитердің (сыныптаушының), техник-ұрықтандырушының және эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маманның біліктілігін арттыру курстарының үлгілік бағдарламаларын және олардың сағат көлемін әзірлейді және бекітеді;»;
Министрліктің және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
79-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Самар ауданы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.»;
188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«188. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.»;
мынадай мазмұндағы 224-1-тармақпен толықтырылсын:
«224-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісу облыстық аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«231. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қонаев қалалық аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
278-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«278-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Абай облыстық аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
288-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«288-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Самар аудандық аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
290-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«290-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ақсуат аудандық аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
324-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«324-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облыстық аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
405-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«405. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.»;
406-тармақта қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді, орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі;
422-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«422. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Астана қаласының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы