Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан

Бұйрық · № 2 · қабылданған 04.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-177250/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 2 ·04.01.2023
28.10.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 2 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс миистрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
04.01.2023
Көрсетілген редакция
28.10.2023 177250_663800.kaz
Соңғы өзгеріс
28.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031636
ЭКБ идентификаторы
177250
Редакция идентификаторы
177250_663800
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:47

0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс миистрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар жəне
аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

0 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 4 қаңтардағы
№ 2 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1 1. «Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15861 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Көлік құралдарының жүргізушілері ретінде дайындау үшін тағайындалған әскерге шақырылушылар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21557 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығымен бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдарының жүргізушісін қайта медициналық тексеруден өткізу қағидаларына сәйкес медициналық тексеруден өтеді.».

2

2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15517 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдарына және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскерге шақырылушыларды, əскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу жəне өтеусіз жəне өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру қағидаларында, сондай-ақ оқу мерзімдерінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді өтеулі негізде даярлау ақылы негізде жүзеге асырылады. «Азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ЖӘБО арқылы көрсетеді.
Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің нысанында мазмұндалған.»;
Қағидаларға 2-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3

1 Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 4 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ оқу мерзімдеріне
2-1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы «Аза­мат­тар­ды әс­ке­ри-тех­ни­ка­лық және бас­қа да әс­ке­ри ма­ман­дық­тар бой­ын­ша да­яр­лау»
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
ҚР ҚМ жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­ган­да­ры
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал)
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
1) бі­рін­ші ке­зең­де – құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні;
2) екін­ші ке­зең­де – оқу­ға қа­был­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­да көр­се­ті­л­ген са­бақ­тар ба­стал­ған сәт­тен ба­стап 42 (қы­рық екі) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
1) бі­рін­ші ке­зең­де – аза­мат­тар­ды әс­ке­ри-тех­ни­ка­лық және бас­қа да әс­ке­ри ма­ман­дық­тар бой­ын­ша да­яр­ла­у­ға қа­был­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап;
2) екін­ші ке­зең­де – әс­ке­ри оқы­ты­л­ған ре­зерв­ті да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша оқу­ды аяқ­та­ға­ны ту­ра­лы сер­ти­фи­кат бе­ру.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем кө­ле­мі және ҚР заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стрі­нің 2017 жы­л­ғы 12 шіл­де­де­гі № 350 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген, (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 15861 бо­лып тір­кел­ген) Әс­ке­ри-тех­ни­ка­лық және өзге де ма­ман­дық­тар бой­ын­ша дай­ын­дық қа­ғи­да­ла­ры­ның 19-тар­ма­ғы­на сәй­кес өте­улі негіз­де бі­лім ала­тын әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар (әс­ке­ри мін­дет­ті­лер) оқу үшін тө­лем­ді олар­дың ақ­ша қа­ра­жа­тын ҚР ҚМ ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ы­мы­ның есеп шо­ты­на ауда­ру жо­лы­мен жүр­гі­зе­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін тө­лем оқу үшін алы­на­ды, ол бі­лім алушы­ны әс­ке­ри оқы­ты­л­ған ре­зерв бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша да­яр­лау құ­ны­ның каль­ку­ля­ци­я­сы­на сәй­кес 305 000 тең­ге­ні құ­рай­ды.
Оқу үшін тө­лем қол­ма-қол және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер мен банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, түс­кі ас­қа үзі­ліс са­ғат13.00-ден 14.00-ге дей­ін;
2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­ры жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де өті­ніш қа­был­дан­ған күн ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні бо­лып та­бы­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​mod.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) www.​egov.​kz пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­ның, әс­ке­ри мін­дет­ті­нің або­нент­тік нө­мі­рі пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на тір­кел­ген және қо­сы­л­ған жағ­дай­да әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­ның, әс­ке­ри мін­дет­ті­нің элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш;
осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру кар­та­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы, әс­ке­ри мін­дет­ті мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту өті­ні­шіне тір­кей­ді.
Әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­ның, әс­ке­ри мін­дет­ті­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын (сәй­кестен­ді­ру үшін) құ­жат ту­ра­лы, сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы не бол­мауы ту­ра­лы, соң­ғы тұр­ғы­лық­ты же­рі неме­се уа­қыт­ша тір­кел­ген же­рі,әс­ке­ри есеп­те тұр­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ЖӘ­БО «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) нақ­ты еме­сті­гін анық­тау;
2) әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­ның, әс­ке­ри мін­дет­ті­нің және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Әс­ке­ри қыз­мет және әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­дің мәр­те­бе­сі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 12-ба­бын­да және осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар­ды, әс­ке­ри мін­дет­ті­лер­ді оқы­ту өте­улі негіз­де 1 ақ­пан мен 20 жел­тоқ­сан ке­зе­ңін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы, әс­ке­ри мін­дет­ті оқу­ды аяқ­та­ған­нан және әс­ке­ри оқы­ты­л­ған ре­зерв­ті да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша оқу­ды аяқ­та­ға­ны ту­ра­лы сер­ти­фи­кат­ты ал­ған­нан кей­ін оқу­ға қа­был­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ор­та­лық­та­ры­ның ин­те­гра­ци­я­лан­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті жа­бу үшін ЖӘ­БО-ға қай­та­ры­лу­ға ти­іс.
Әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­ның, әс­ке­ри мін­дет­ті­нің қа­шық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де ЖӘ­БО-ның анық­та­ма қыз­ме­ті, Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту бел­гі­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​mod.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, сон­дай-ақ Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы алу­ға бо­ла­ды.

2 Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрі
2023 жылғы 4 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
2-қосымша

Қолданыстағы