Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по области Абай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по области Абай
- Атауы (қаз.)
- Абай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12/79-VII
- Қабылданған күні
- 28.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2024 177292_740470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22F0031613
- ЭКБ идентификаторы
- 177292
- Редакция идентификаторы
- 177292_740470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:20
0 Абай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Тұрғын үй сертификатының мөлшері
Абай облысы мәслихатының
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12/79-VII
1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1 1. Әлеуметтік көмек түрі ретінде қарыз сомасынан 10 %, алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
2 2. Әлеуметтік қолдау түрі ретінде қарыз сомасынан 10 %, алайда 1 600 000 (бір миллион алты жүз мың) теңгеден артық емес.
6 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Абай облысы мәслихатының
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 12/79-VII
2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
№
Атауы
1
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
2
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
3
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар
4
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар
5
Ұлы Отан соғысының ардагерлері
6
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер
7
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер
8
Қандастар
9
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар
10
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары
11
Толық емес отбасылар
12
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар
13
Басқа мемлекеттердің
аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері