О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 04.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 04.01.2023 177530_618575.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031678
- ЭКБ идентификаторы
- 177530
- Редакция идентификаторы
- 177530_618575
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:47
0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды амасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Бас әскери прокуратурасы
0 Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі
Бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 589 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21552 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидалары мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілерін медициналық қарап-тексеру осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.».
2
2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (бұдан әрі – ҚР ҚК) және әскери прокуратура органында әскери-дәрігерлік сараптама (бұдан әрі – ӘДС) жүргізу тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Әскери прокуратура органының әскери қызметшілеріне ӘДС осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.».
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ереженің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыш) комиссиялар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (бұдан әрі – ҚР ҚК), әскери прокуратура, Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясы органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізеді.».
3
3. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21873 болып тіркелген) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде және әскери прокуратура органында әскери-медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Әскери прокуратура органының әскери қызметшілерін әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.».