Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан

Бұйрық · № 3 · қабылданған 04.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-177530/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан Қолданыста 04.01.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық № 3 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра обороны Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3
Қабылданған күні
04.01.2023
Көрсетілген редакция
04.01.2023 177530_618575.kaz
Соңғы өзгеріс
04.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031678
ЭКБ идентификаторы
177530
Редакция идентификаторы
177530_618575
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:47
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды амасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Бас әскери прокуратурасы

0 Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

Бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 589 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21552 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық бөлімшелерінде жеке құрамды медициналық қарап-тексеруді жүргізу қағидалары мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Әскери прокуратура органдарының әскери қызметшілерін медициналық қарап-тексеру осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.».

2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (бұдан әрі – ҚР ҚК) және әскери прокуратура органында әскери-дәрігерлік сараптама (бұдан әрі – ӘДС) жүргізу тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Әскери прокуратура органының әскери қызметшілеріне ӘДС осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.».
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ереженің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әскери-дәрігерлік (дәрігерлік-ұшқыш) комиссиялар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (бұдан әрі – ҚР ҚК), әскери прокуратура, Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясы органдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізеді.».

3. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 723 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21873 болып тіркелген) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде және әскери прокуратура органында әскери-медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Әскери прокуратура органының әскери қызметшілерін әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.».