Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Республиканской коллекции микроорганизмов

Қаулы · № 1257 · қабылданған 10.12.2003
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17759/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах Республиканской коллекции микроорганизмов Қолданыста Қаулы ·№ 1257 ·10.12.2003
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Республиканской коллекции микроорганизмов

Қолданыста Қаулы ·№ 1257 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Республиканской коллекции микроорганизмов
Атауы (қаз.)
Республикалық микроорганизмдер коллекциясының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1257
Қабылданған күні
10.12.2003
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI17759_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030001257_
ЭКБ идентификаторы
17759
Редакция идентификаторы
AI17759_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:43

0 Республикалық микроорганизмдер коллекциясының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дәрілік қоспаларды биологиялық зерттеулердің орталық зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.

2 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Кәсіпорын Жарғысының бекітілуін қамтамасыз етсін;

2 2) "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мүлігінің қосымшаға сәйкес бөлігін Кәсіпорынға берсін.

4 4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) әділет органдарында Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

2 2) "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі N 850 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 267-құжат):

2-тармақтың екінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы" деген сөздер "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын.

6 Берілетін мүліктің тізімі

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1257 қаулысына
қосымша
Берілетін мүліктің тізімі
Астана қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43 мекен-жайы бойынша орналасқан зертханалық корпус және оның ішіндегі зертханалар:
микробиологиялық синтез топты микроорганизмдер коллекциясының зертханасы;
иммунохимия және иммунобиотехнология зертханасы;
фармакология және токсикология зертханасы;
өсімдіктердің селекциясы мен биотехнологиясы зертханасы;
экологиялық биотехнология зертханасы.

Қолданыстағы