Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по государственным закупкам

Қаулы · № 1262 · қабылданған 13.12.2003
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17762/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по государственным закупкам Қолданыста Қаулы ·№ 1262 ·13.12.2003
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по государственным закупкам

Қолданыста Қаулы ·№ 1262 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Агентства Республики Казахстан по государственным закупкам
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1262
Қабылданған күні
13.12.2003
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI17762_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030001262_
ЭКБ идентификаторы
17762
Редакция идентификаторы
AI17762_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:42

0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы

Мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығын қамтамасыз ету, тиімділігі мен айқындылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің "Электрондық коммерция орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып белгіленсін.

4 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынсын және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына :
көрсетілген қаулыға 642-қосымшада :
6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) "басылымы" деген сөзден кейін "2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қарашаға дейін уақыт кезеңінде" деген сөздермен толықтырылсын, "10 000 экземпляр" деген сөздерден кейін "2003 жылғы қарашада, желтоқсанда 30 000 экземпляр" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулыға 645-қосымшада:
4-тармақтағы "енгізу" деген сөзден кейін "Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 5-бағаны (Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар) мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын;
"4." Электрондық коммерция орталығы" РМҚК құру және оның қызметін қамтамасыз ету";
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
3)

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы