Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 27 · қабылданған 06.01.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-177627/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Күшін жойған 12.05.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Күшін жойған Қаулы № 27 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27
Қабылданған күні
06.01.2023
Көрсетілген редакция
12.05.2023 177627_632175.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NA00027A
ЭКБ идентификаторы
177627
Редакция идентификаторы
177627_632175
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:46
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 1135, № 1136, № 1137, № 1138, № 1139, № 1140 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Рудныйсоколовстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне инженерлік коммуникацияларды жүргізу және пайдалану үшін қауымдық сервитуттар белгіленсін.

2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Рудныйсоколовстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Әкімдіктің
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 27 қаулысына
қосымша
«Рудныйсоколовстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

1) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында электрмен жабдықтау инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0756 гектар;

2) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында су құбыры инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,1153 гектар;

3) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында газ құбыры инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0180 гектар;

4) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында кәріз инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,1065 гектар;

5) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында телефонмен жабдықтау инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0241 гектар;

6) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, № 162 үй мекенжайында жылу желісі инженерлік коммуникацияларын жүргізу және пайдалану үшін, жалпы алаңы 0,0192 гектар.