Құжат мәтініне өту

О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг

Қаулы · № 379 · қабылданған 27.10.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17771/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған Қаулы ·№ 379 ·27.10.2003
26.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг

Күшін жойған Қаулы ·№ 379 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг
Атауы (қаз.)
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
379
Қабылданған күні
27.10.2003
Көрсетілген редакция
26.03.2012 AI17771_12.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002583_
ЭКБ идентификаторы
17771
Редакция идентификаторы
AI17771_12
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:52

0 Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді :

1 1. Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтердің мынадай түрлерін қоса атқаруға рұқсат етіледі деп айқындалсын:

1 1) брокерлік және/немесе дилерлік - кастодиандық қызметпен, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен, сондай-ақ Ұлттық почта және банктердің операторы үшін трансфер-агенттік қызметпен;

2 2) бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі - трансфер-агенттік қызметпен;

3 3) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі - брокерлік және/немесе дилерлік қызмет;

4

4) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі - зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жинақтаушы зейнетақы қорлары дербес жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен, сондай-ақ брокерлік және/немесе дилерлік қызметпен клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз;

5 5) кастодиандық - брокерлік және/немесе дилерлік қызмет;

6 6) депозитарлық - бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметпен.

1-1 1-1. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2007.09.24. N 238 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен .

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

3

3. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 133 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 мамырда N 2302 тіркелген, 2003 жылғы маусымда "Вестник Национального Банка Казахстана" журналының N 11 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті және бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының және "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға, сондай-ақ сауда-саттық ұйымдастырушыға, орталық депозитарийге, бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына, "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді Басқарушылар Қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

Қолданыстағы