Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил исполнения представителем держателей облигаций своих функций и обязанностей, о порядке и случаях досрочного прекращения его полномочий, а также о требованиях к содержанию договора о представлении интересов держателей облигаций, заключаемого между эмитентом и представителем держателей облигаций

Қаулы · № 397 · қабылданған 12.11.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17773/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил исполнения представителем держателей облигаций своих функций и обязанностей, о порядке и случаях досрочного прекращения его полномочий, а также о требованиях к содержанию договора о представлении интересов держателей облигаций, заключаемого между эмитентом и представителем держателей облигаций Күшін жойған Қаулы ·№ 397 ·12.11.2003
24.02.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил исполнения представителем держателей облигаций своих функций и обязанностей, о порядке и случаях досрочного прекращения его полномочий, а также о требованиях к содержанию договора о представлении интересов держателей облигаций, заключаемого между эмитентом и представителем держателей облигаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 397 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил исполнения представителем держателей облигаций своих функций и обязанностей, о порядке и случаях досрочного прекращения его полномочий, а также о требованиях к содержанию договора о представлении интересов держателей облигаций, заключаемого между эмитентом и представителем держателей облигаций
Атауы (қаз.)
Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
397
Қабылданған күні
12.11.2003
Көрсетілген редакция
24.02.2012 AI17773_6.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V030002603_
ЭКБ идентификаторы
17773
Редакция идентификаторы
AI17773_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:49

0

Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19 және 20-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1

1. Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ереже бекітілсін.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

3 3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамына, бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

8 Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ереже

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Облигациялар ұстаушылар
өкілінің өз функциялары мен
міндеттерін орындау, оның
өкілеттіктерін мерзімінен
бұрын тоқтату тәртібі және
жағдайлары туралы, сондай-ақ
эмитент пен облигациялар
ұстаушылардың өкілі арасында
жасалатын облигациялар
ұстаушылардың мүдделерін
білдіру туралы шарттың
мазмұнына қойылатын талаптар
туралы ережені бекіту жөніндегі"
2003 жылғы 12 қарашадағы
N 397 қаулысымен бекітілген
Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі және жағдайлары туралы, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар туралы ереже
Осы Ереже облигациялар ұстаушылар өкілінің (бұдан әрі - өкіл) өз функциялары мен міндеттерін орындау тәртібін, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.

1 1-тарау. Өкілдің функциялары мен міндеттерін орындауы

1

1. Өкіл эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауын бақылауды эмитенттен эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шартта (бұдан әрі - шарт) белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кезеңдік есептер алу, сондай-ақ эмитентке тиісті сұратулар жіберу және одан эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауы туралы мәліметтер алу арқылы жүзеге асырады.

2 2. Өкіл облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды:

1 1) облигациялар ұстаушылар алдындағы облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген міндеттемелерін орындауы жөніндегі талаптармен эмитентке;

2 2) бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына;

3 3) облигацияларды ұстаушылар берген сенімхаттар негізінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы талап арызбен сотқа өтініш жасау арқылы жүзеге асырады.

3 3. Шарт облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеуге дейін жасалады.

4

4. Эмитенттің облигациялар ұстаушылардың алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлік (бұдан әрі - кепілдік мүлік) толық немесе ішінара жоғалған немесе бүлінген жағдайда эмитент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны қалпына келтіру немесе ауыстыру шараларын қолданады.

5

5. Облигациялар ұстаушыларға зиян келтіруі мүмкін жағдайлар болған кезде, оның ішінде егер кепілге салынған мүлік эмитенттің міндеттемелерін орындауын толық көлемде қамтамасыз етпесе, өкіл бұл жөнінде оған белгілі болған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде облигациялар ұстаушыларды оның жарғысында белгіленген хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен хабардар етеді.

5-1

5-1. Эмитент сыйақыны және (немесе) облигациялардың номиналды құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, сондай-ақ шектеулерді (ковенантты) бұзған жағдайда өкіл осы мәліметтерді алған күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей ол туралы өкілдің эмитентпен жасалған шарт бойынша өзінің функцияларын жүзеге асыру және өзінің құқықтарын іске асыру аясында қолданатын шараларды көрсете отырып, уәкілетті органды, облигация ұстаушыларды және сауда-саттықты ұйымдастырушыларды (облигациялар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген жағдайда) хабардар етеді.

5-2 5-2. Өкіл эмитент облигацияларды орналастыру нәтижесінде алған ақшаны пайдалану тәртібіне және мақсатты пайдалануына бақылау жүргізу бойынша шаралар қабылдайды және тоқсан сайынғы негізде бақылау нәтижесінде алған ақпаратты шартқа сәйкес облигациялар ұстаушыларға жеткізеді.

6 6. Өкіл эмитенттің облигациялар ұстаушылардың алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің (бұдан әрі - кепілге салынған мүлік) жай-күйін бақылауды:

1 1) эмитенттің кепілге салынған мүлікке құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларымен танысу;

2 2) эмитенттен кепілге салынған мүліктің жай-күйі туралы және өкілдің талабы бойынша кез келген күнге ақпарат алу;

3 3) эмитенттен тоқсанның қорытындысы бойынша немесе өкілдің талабы бойынша кез келген күнге оның қаржылық есебінің көшірмесін алу;

4 4) жыл сайын эмитенттің аудитор растаған қаржылық есебі негізінде оның қаржылық жай-күйіне талдау жасау;

5 5) оның жарғысымен белгіленген тоқсан сайын бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау, кепілдік мүліктің жай-күйіне талдау жасау арқылы жүзеге асырады.

7 7. Өкіл кепілге салынған мүлікке қатысты іс-әрекетін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

2 2-тарау. Өкілдің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату

8 8. Облигациялар ұстаушылар өкілінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату:

1 1) бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялар қайтарылып алынған;

2 2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыруға, таратуға байланысты өкілдің қызметі тоқтатылған жағдайларда;

3 3) тараптардың келісуі бойынша;

3-1 3-1) эмитенттің бастамасы бойынша, егер облигациялар ұстаушылардың он және одан көп пайызы эмитенттің атына өкілді ауыстыру талабымен өтініш берген жағдайда;

4 4) шартты бұзу туралы сот шешімі негізінде басталады.

9 9. Осы Ереженің 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар басталған кезде өкіл үш күнтізбелік күн ішінде эмитентке тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы оған бұл туралы хабарлайды.

Осы Ереженің 8-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген жағдай басталған кезде эмитент жеті жұмыс күн ішінде өкілмен жасасқан шартты бұзу шараларын қолданады.

10 10. Эмитент жаңа өкілмен шарт жасасқаннан кейін және облигациялар шығарылымының проспектісіне тиісті өзгеріс енгізгеннен кейін Шарттың қолданылуы тоқтатылады.

Осының алдындағы өкілмен жасалған шарттың қолданылуы тоқтатылғаны және эмитенттің басқа өкілмен жаңа шарт жасағаны туралы ақпаратты эмитент оның жарғысында белгіленген тәртіппен облигациялар шығарылымының проспектісіне тиісті өзгерістер енгізген күннен бастап бес күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жариялайды.

3 3-тарау. Эмитент пен өкіл арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарты

11 11. Шартта Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптардан басқа:

1 1) эмитенттің өкілге:

күн тәртібін қоса бере отырып акционерлердің (қатысушылардың) алда болатын жалпы жиналысы туралы, егер осы жиналыстың күн тәртібінде облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын мәселелері бар болса;
егер облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша шешімдер қабылданса, директорлар кеңесінің және акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысының шешімдері туралы;
облигациялар бойынша сыйақылар және олар бойынша негізгі борышты төлеуі туралы;
облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) сақтау туралы;
эмитенттің облигациялар ұстаушылар алдындағы, облигациялар шығару проспектісінде белгіленген өзге міндеттемелерін орындауы туралы ақпарат ұсыну;

2 2) өкілдің функциялары мен міндеттемелерін орындау;

3 3) облигация ұстаушылар өкілінің хабарламасы, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзғаны туралы хабарлау;

4 4) өкілдің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

5 5) эмитенттің кепілге салынған мүлік бүлінген, бағалау құны төмендеген немесе жоғалған жағдайда оны ауыстыру (қалпына келтіру);

6 6) эмитенттің өкілге қаржылық есебін беру тәртібі мен мерзімдері туралы мәліметтер болады.

4 4-тарау. Қорытынды ережелер

12 12. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Қолданыстағы