Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О введении в Республике Казахстан моратория на смертную казнь

Жарлық · № 1251 · қабылданған 17.12.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17786/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О введении в Республике Казахстан моратория на смертную казнь Күшін жойған 09.02.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О введении в Республике Казахстан моратория на смертную казнь

Күшін жойған Жарлық № 1251 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении в Республике Казахстан моратория на смертную казнь
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1251
Қабылданған күні
17.12.2003
Көрсетілген редакция
09.02.2023 17786_620877.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U030001251_
ЭКБ идентификаторы
17786
Редакция идентификаторы
17786_620877
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы

Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Мемлекеттің қылмыстық саясатын одан әрі ізгілендіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 1-тармағына және 40-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасында өлім жазасын толық жою туралы мәселе шешілгенге дейін оны орындауға мораторий енгізілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі он күн мерзімде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне осы Жарлықтың 1-тармағында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруды, оның ішінде 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза туралы қағидаларын қолданысқа енгізуді қамтамасыз ететін заң жобасын енгізсін.

3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қылмыстық жазалау шаралары ретінде өлім жазасын көздейтін, күшіне енген сот үкімдерінің заңдылығын және негізділігін тексерсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.