Об утверждении Типового положения о дисциплинарном совете при акимах областей, городов Акмолы и Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типового положения о дисциплинарном совете при акимах областей, городов Акмолы и Алматы
- Атауы (қаз.)
- Облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестер туралы үлгi ереженi бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1547
- Қабылданған күні
- 12.11.1997
- Көрсетілген редакция
- 10.03.1999 AI1779_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P970001547_
- ЭКБ идентификаторы
- 1779
- Редакция идентификаторы
- AI1779_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:54
0 Облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестер туралы үлгi ереженi бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.03.1999 № 218 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестер туралы үлгi ереже бекiтiлсiн.
1 Облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестер туралы ҮЛГI ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 12 қарашадағы
N 1547 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестер туралы ҮЛГI ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Үлгi ереже облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестердiң өкiлеттiгiн, қызметiн ұйымдастыру мен тәртiбiн айқындайды.
1. Облыстардың, Ақмола және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы тәртiптiк кеңестер (бұдан әрi - Кеңес) мемлекеттiк тәртiптi нығайту және жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының жауапкершiлiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн қарайтын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметiнде заңдылық, объективтiлiк және әдiлеттiлiк принциптерiн басшылыққа алады.
3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) тиiсiнше облыстың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмiнiң (бұдан әрi - әкiм) қарауына тәртiптiк терiс қылықтарға, соның iшiнде билiк пен қызмет бабын асыра пайдалануға, қызмет этикасы ережелерiн бұзуға жол берген жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарын тәртiптiк жауапқа тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
2) әкiм үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде мемлекеттiк тәртiптi нығайту, жергiлiктi атқарушы органдардың маслихаттар аппараттарының лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет туралы заң талаптары мен қызмет этикасы ережелерiн сақтауын қамтамасыз ету жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстарды талдап жасау;
3) жергiлiктi атқарушы органдардың, маслихаттар аппараттарының лауазымды адамдарының билiктi немесе қызмет бабын асыра пайдалану фактiлерi туралы азаматтардың өтiнiш-арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау;
4) Қазақстан Республикасының Жоғарғы тәртiптiк кеңесiнiң қарауына мемлекеттiк тәртiптi нығайтуға және мемлекеттiк қызметтiң жұмыс iстеуiнiң пәрмендiлiгiн арттыруға бағытталған ұсыныстарды енгiзу.
4. Кеңестiң құрамын әкiм құрады және ол Төраға мен Кеңес мүшелерiнен тұрады, олар: мәслихат депутаттары, жергiлiктi жұртшылықтың беделдi өкiлдерi, лауазымы бойынша - облыс (Ақмола және Алматы қалаларының) прокуроры, аумақтық әдiлет басқармасының бастығы.
Кеңес Төрағасын Республиканың Жоғары тәртiптiк кеңесi Төрағасымен алдын ала келiскеннен кейiн әкiм тағайындайды.
Кеңес Төрағасының лауазымы мемлекеттiк қызметшi лауазымы болып табылады.
Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады.
5. Кеңес Төрағасы:
1) Кеңестiң жеке құрамы туралы ұсынысты әкiмнiң қарауына енгiзедi;
2) Кеңес қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
3) Кеңес отырыстарының күн тәртiбiн белгiлейдi;
4) Кеңес отырысын шақырады және оған төрағалық етедi. Кеңес Төрағасы болмағанда отырыстарда оның өкiлеттiгi бойынша Кеңес мүшелерiнiң бiрi төрағалық етедi;
5) Кеңес мүшелерiнiң арасынан Кеңес отырысында қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгiлейдi;
6) республиканың Жоғарғы тәртiптiк кеңесiнiң алдында Кеңес жұмысының қорытындылары туралы жүйелi түрде есеп бередi;
7) оқтын-оқтын (жарты жылда бiр рет) Кеңес жұмысының қорытындылары туралы әкiмге хабарлап отырады;
8) Кеңестiң регламентiн оның бекiтуiне ұсынады;
9) осы үлгi ережеде, заңдарда, Кеңес Регламентiнде көзделген өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
6. Кеңес отырыстары:
1) оларға Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп есептеледi;
2) қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде төрт рет өткiзiледi;
3) ашық түрде өткiзiледi. Қажет болған жағдайда, егер мәселенi қарау мемлекеттiк құпияларға қатысты болса, онда Кеңес Төрағасының шешiмi бойынша жабық отырыстар жүргiзiлуi мүмкiн.
7. Кеңес шешiмдерi отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушiнiң дауысы шешушi дауыс болып табылады.
8. Кеңес өз құзыретiнiң шегiнде:
1) өз отырыстарында жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын тыңдауға;
2) жергiлiктi атқарушы органдардан, мәслихаттар аппараттарынан, Республика Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнен, сондай-ақ ұйымдардан қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпараттарды сұратуға;
3) жергiлiктi атқарушы органдарға, мәслихаттар аппараттарына орындауға мiндеттi тапсырмалар беруге;
4) тиiстi лауазымды адамдардан ауызша және жазбаша түсiнiктемелер талап етуге;
5) тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың, мәслихаттар аппараттарының басшыларынан мемлекеттiк қызметшiлердiң билiктi немесе қызмет бабын асыра пайдалануы, қызмет этикасы ережелерiн бұзуы фактiлерi бойынша тексерiстер мен қызметтен тексерулер жүргiзудi талап етуге;
6) штаттан тыс инспекторлар ретiнде жергiлiктi жұртшылықтың беделдi және кәсiби даярлығы бар өкiлдерiн тексерiстер, қызметтiк тексерулер жүргiзуге қатысу үшiн тартуға құқылы.
9. Кеңес жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының, олардың орынбасарларының, аталған органдардың, мәслихаттардың лауазымды адамдарының тәртiптiк iстерiн қарайды.
10. Азаматтардың өтiнiш-арыздарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау қорытындылары бойынша Кеңес мүшелерiнiң тексеру жүргiзуi туралы шешiм қабылдауы не оны жүргiзуi жергiлiктi өкiлеттi атқарушы органға немесе лауазымды адамға тексеру қорытындылары туралы Кеңес алдында мiндеттi есеп беретiн етiп тапсыруы мүмкiн.
11. Кеңес қарауға қабылдаған тәртiптiк iс екi апта мерзiмде қаралуға тиiс.
Кеңес отырысында тәртiптiк iстi қарағанға дейiн iске қатысы бар жағдайлар мен мәлiметтерге алдын ала тексеру жүргiзiледi, тәртiптiк жауапқа тартылып отырған адамнан жазбаша түсiнiктеме алынады.
Кеңес отырысында тәртiптiк iстi қарау, әдетте, тәртiптiк жауапқа тартылып отырған адамның қатысуымен жүргiзiледi.