О внесении изменений в некоторые приказы Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 537
- Қабылданған күні
- 01.12.2003
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2011 AI17806_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002618_
- ЭКБ идентификаторы
- 17806
- Редакция идентификаторы
- AI17806_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:46
0 Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
"Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы тауар номенклатурасы туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 567 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылы 9 маусымда N 2355 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы N 219 бұйрығында :
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Тауарларды декларациялау ережесінде:
21-тармақта:
жүз елуінші абзацта "тоғыздық белгі" сөзі "ондық белгі" сөзіне ауыстырылсын;
жүз сексенінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"33-баған "Тауардың коды"
Бірінші шағын бөлімде ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауарлардың жіктеу коды көрсетіледі. Кодтың құрылымы ашық жерсіз және өзге де бөлгіш таңбаларсыз жазылады.";
2) "Тауарларды кедендік бақылаумен өткізу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 мамырдағы N 197 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылы 26 мамырда N 2318 болып тіркелген):
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Тауарлар мен көлік құралдарының жеткізілуін бақылау ережесінде:
9-тармақтағы жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"33-баған "Тауардың коды" - тауарлардың ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша жіктемесіне сәйкес тауар коды көрсетіледі. Кодтың құрылымы ашық жерсіз және өзге де бөлгіш таңбаларсыз жазылады. Тауардың ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша дәл кодын айқындау мүмкін болмайтын жағдайда тауар позициясы (тауардың сандық кодтың төртінші белгісі деңгейіндегі коды) көрсетіледі";
3) "Кеден құжаттарының электронды көшірмелерінің құрылымдарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 мамырдағы N 232 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылы 24 мамырда N 2309 болып тіркелген):
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Жүк кеден декларациясы электронды көшірмелерінің құрылымында (1-қосымша) және Жеткізілуін бақылау құжаты электронды көшірмесінің құрылымында (2-қосымша):
*.DCL, *.DBL, DECL01.DBF, DECL02.DBF, DECL03.DBF, DOBLnn.DBF, деректер базаларында G33 жиегінде, "ұзындығы" бағанындағы "9" саны "10" санымен ауыстырылсын.