Об утверждении Правил ведения, использования и хранения специального учета граждан Республики Казахстан, привлеченных к уголовной ответственности, осужденных и отбывающих наказание за границей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ведения, использования и хранения специального учета граждан Республики Казахстан, привлеченных к уголовной ответственности, осужденных и отбывающих наказание за границей
- Атауы (қаз.)
- Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 09.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2023 178108_616115.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031720
- ЭКБ идентификаторы
- 178108
- Редакция идентификаторы
- 178108_616115
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:43
0 Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 6-2) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары бекітілсін.
2 2. Мыналардың:
1
1) «Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 81 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9724 болып тіркелген);
2
2) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 82 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20920 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне мәлімет үшiн, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Републикасының
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
11 Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 11 бұйрығымен
бекітілген
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау (бұдан әрі – есепке алу) тәртібін анықтайды.
2 2. Есепке алудың мақсаты Шет мемлекеттердің аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты анық ақпараттардан тұрады.
3
3. Есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) ақпараттар жүйесінде (бұдан әрі – АЖ) «Қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және шет елде жазасын өтеп жүрген адамға карточка» атты электрондық ақпараттық есепке алу құжатын (бұдан әрі – карточка) толтыру жолымен, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
4 4. Шет мемлекет сотының қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісі не заңды күшіне енген айыптау үкімі (қаулысы) есепке қою үшін негіздеме болады.
5 5. Егер Қазақстан Республикасы ратифицирлаған халықаралық шартта іс-қимыл қағидалары белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2 2-тарау. Есепке алуды жүргізу тәртібі
6
6. Есепке алуды жүргізу Комитетке Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінен (бұдан әрі – ҚР СІМ КҚД), Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінен (бұдан әрі – шетелдердегі мекеме), Қазақстан Республикасының сот әкімшілігінен (бұдан әрі – Сот Әкімшілігі), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ӘМ) және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ІІМ) келіп түскен мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1 1) шет мемлекет сотының қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісінің не заңды күшіне енген айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмелері;
2 2) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері.
Заңның 6-бабының 1-тармағында санамаланған адамдарда жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамдарда есепке алу үшін (көші-қон полициясы органдары Қазақстан Республикасының азаматтығын растаған жағдайда) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) және «Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген, жеке басын куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формуляр нысанындағы мәліметтер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) пайдаланылуы мүмкін;
3 3) өздеріне қатысты мәліметтер бұрын Комитетке жіберілген адамдардың үкімін (қаулысының) өзгерту, босату не шартты түрде мерзімінен бұрын босату не қайтыс болуы туралы түзету құжаттары.
7 7. Карточкаға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген куәландырылатын құжаттардан мәліметтер графикалық көшірмелерін қоса сала отырып, Комитетке келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізіледі.
8
8. Қазақстан Республикасының қылмыстық жауаптылыққа тартылған азаматтары туралы деректер оны бекіту күні көрсетіле отырып, қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісінің көшірмесі негізінде толтырылады, сотталған және шетелде жазасын өтеп жүрген азаматтар туралы деректер айыптау үкімінің (қаулысының) заңды күшіне ену күні көрсетіле отырып, соттың айыптау үкіміне (қаулысына) сәйкес толтырылады.
Шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту не соттау фактісін растайтын құжаттар болмаған фактісі анықталған және осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында жазылған құжаттар негізінде сотталған адамға қатысты мәліметтер енгізілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде соттың айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмелерін ҚР СІМ КҚД немесе тікелей тиісті шетелдердегі мекемеден талап ету қажет.
9 9. Сауалнама деректері осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі негізінде енгізіледі.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі болмаған жағдайда, азамат туралы қажетті мәліметтер құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі арқылы қалыптастырылған құжаттар негізінде енгізіледі.
10 10. Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген адамның елі мен ұлтын белгілеуге арналған цифрлық кодтар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес «Әлем мемлекеттерінің сөздігіне» және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес «Ұлттар сөздігіне» сәйкес келуге тиіс.
11
11. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – № 29 Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) нысан бойынша дактилоскопиялық карталар, заңды күшіне енген соттың айыптау үкімдерінің (қаулысының) көшірмелерімен автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттар жүйесіне енгізіледі.
12
12. Арнайы есепке алуды түзетуді Комитет жеке тұлғаның есепке алуға, оған қолда бар мәліметтерге қатысты түзету енгізу туралы жазбаша өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып (өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және құжаттардың түпнұсқалары немесе сот тағайындаған жазаны өтеу немесе соттылығын алып тастау фактісін растайтын нотариалды куәландырылған, заңдастырылған, апостиль қойылған көшірмелер) жүргізеді.
Өтініште көрсетілген сауалнамалық деректер өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерімен сәйкес келуі керек. Тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), туған күнін, жылын өзгерткен тұлғалар қазіргі және бұрынғы сауалнамалық деректерін көрсетеді.
Құжаттардың түпнұсқасын қайтару қажет болған жағдайда, өтініш беруші бұл туралы өтініште көрсетеді.
1 1-параграф. ҚР СІМ КҚД растайтын құжаттарды Комитетке есепке алу үшін ұсыну
13 13. Шетелдегі мекемелер Қазақстан Республикасының азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту және/немесе соттау фактісін растайтын құжаттарды келген елдің құзыретті органдарынан құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ҚР СІМ КҚД-ға қайта жібереді.
Қазақстан Республикасының азаматтарын қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісі анықталған кезде, «Қазақстан Республикасының 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына қосылуы туралы» 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысының 36-бабына сәйкес шетелдегі мекемелер келген елдегі құзыретті органдардан осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды талап етеді.
Курьерлік жеткізу кезеңі растайтын құжаттарды қайта жіберу мерзімдерін есептеу кезінде ескерілмейді.
14 14. ҚР СІМ КҚД шетелдердегі мекемелерден келіп түскен құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитетке жібереді.
15
15. Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, шетелдердегі мекемелер есепке алуды жүргізу үшін қажетті барлық құжатты ұсынбаған жағдайда, Комитет құжаттардың жоқтығы фактісі анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша мәліметтерді тиісті шетелдердегі мекемеден ҚР СІМ КҚД арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 11-1-4/252 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 460 бірлескен бұйрығы «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету ережесiн бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21405 болып тіркелген) талап етеді.
16
16. Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, болу елінің тиісті есепке алуды жүргізу үшін қажетті барлық құжатты ұсынбаған жағдайда, құжаттардың жоқтығы фактісі анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шетелдегі мекемелер қосымша мәліметтерді болу елінің тиісті құзыретті органынан талап етеді.
17 17. ҚР СІМ КҚД шетелдік мекемелердің растайтын құжаттарды мерзімінде ұсынуын бақылауды жүзеге асырады.
18 18. Шетелдегі мекемелер жылына бір рет тиісті консулдық округ аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының тізімін ҚР СІМ КҚД-ға жібереді.
Есепке алудың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Комитет жылына бір рет ҚР СІМ КҚД-да шетелдердегі мекемелері ұсынған тізімдік деректерді АЖ мәліметтерімен салыстыру жүргізеді.
Салыстыру нәтижелері актімен ресімделеді, ол 2 данада жасалады және оған ҚР СІМ КҚД және Комитет басшылары қол қояды.
2 2-параграф. Сот әкімшілігімен, ҚР ӘМ және ҚР ІІМ растайтын құжаттарды Комитетке есепке алу үшін ұсыну
19
19. Сот әкімшілігі, ҚР ӘМ және ҚР ІІМ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен алынған Қазақстан Республикасының азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісінің және/немесе заңды күшіне енген шет мемлекет сотының айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмелері келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Комитетке халықаралық деңгейде көшірмелерін жібереді.
3 3-тарау. Есепке алуды пайдалану және сақтау тәртібі
20 20. Есепке алуды пайдалану тәртібі № 29 қағидалармен регламенттелген.
21 21. Қағаз жеткізгіштердегі растайтын құжаттар тегі бойынша есепке алу бөлімшелерінде олар келіп түскен күннен бастап бір жыл ішінде сақталады, кейіннен ведомстволық архивке сақтауға жіберіледі.
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған және/немесе сотталған және жазасын өтеп жатқан адамдар туралы мәліметтер АЖ-да тұрақты сақталады.
1 Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген тұлғаларға берілетін карточка
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының
1-қосымша
нысан
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген тұлғаларға берілетін карточка
1.* Қылмыстық жауаптылыққа тартылған мемлекет _______________________ код _________
атауы, кодты көрсетіп
2. ТЕГІ
2.1 АТЫ
2.2 ӘКЕСІНІҢ АТЫ (ол болған кезде)
3. Жынысы: еркек (1), әйел (2).
4. Туған жылы « ____» _________19____жыл
5. Туған жері ______________________________________________________
6. Ұлты (кодты көрсетіп): __________________________ код ______________
7. Жеке басты куәландыратын құжат,: № _________ «___» ___________ ______ жыл
төлқұжат (1), жеке куәлік (2), туу туралы куәлік (3), басқалар (4), босатылуы туралы анықтама (5)
_______жылғы «___ » ___________ ___________________________________ берілді
қашан және кім берді
8. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________________
9. Қылмыстық заңнама баптары, қылмыстың сипаты
_______________________________________________________________________
(нормативтік құқытық актінің баптары және оның қылмыстық жауатылыққа тартылған мемлекеттегі атауы)
_______________________________________________________________________
10. Айыптау тағылған күн 20______жылғы «____» _______________
11. Соттаған_____________________________________________________________
(үкім шығарған сот органының толық атауы)
12 Сот шешімі шығарылған күн 20______жылғы «____» __________________
13.Қылмыстық заңнама баптары ___________________________________________
14. Бас бостандығынан айыру мерзімі_______________________________________
15. Қосымша жаза________________________________________________________
________________________________________________________________________
16. Үкім заңды күшіне енді 20______жылғы « _____ » __________________
17. Жазасын өтеу мерзімінің басталған күні 20______жылғы « ____ » _____________
18. Босату, ауыстыру туралы мәліметтер______________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
19. Басқа белгілер ________________________________________________________
(растайтын құжаттардың, графикалық көшірмелердің болуы)
________________________________________________________________________
20. ҚСжАЕАК қызметкері _________________________________________________
21. Мәлімет енгізілген күн 20_____жылғы « _____ » __________________
Ескерту: 1, 2, 2.1, 2.2, 4, 9-тармақтар міндетті түрде толтыруға жатады.
2 Әлем мемлекеттерінің сөздігі
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының
2-қосымшасы
Әлем мемлекеттерінің сөздігі
Австралия одағы
021
Иордандия Хашимит Королдігі
285
Панама Республикасы
557
Австрия Республикасы
025
Ирак Республикасы
289
Папуа Тәуелсіз мемлекеті Жаңа Гвинея
561
Әзербайжан Республикасы
029
Ислам Республикасы Иран
293
Парагвай Республикасы
565
Албания Республикасы
033
Ирландия
297
Перу Республикасы
569
Алжир Халықтық Демократия Республикасы
037
Исландия
301
Польша Республикасы
573
Ангола Республикасы
041
Испания Корольдігі
305
Португалия Республикасы
577
Андорра Хандығы
045
Италия Республика
309
Пуэрто-Рико Ынтымақтастығы
581
Антигуа және Барбуда
049
Йемен Республикасы
313
Реюньон
585
Антиль аралдары
053
Кабо-Верде Республикасы
317
Ресей Федерациясы
589
Арнайы әкімшілік аудан Аомынь (Макао)
057
Қазақстан Республикасы
321
Руанда Республикасы
593
Аргентина Республикасы
065
Камбоджа Корольдігі
325
Румыния
597
Армения Республикасы
061
Камерун Республикасы
329
Сент Винсент және Гренадины
629
Ислам Республикасы Ауғаныстан
069
Комор аралдары
369
Сент-Китс және Невис Федерациясы
633
Багам аралдары
073
Канада
333
Эль-Сальвадор Республика
601
Халық Республикасы Бангладеш
077
Катар мемлекеті
337
Сан-Марино Республикасы
605
Барбадос
081
Кения Республикасы
341
Демократиялық Республика Сан-Томе және Принсипи
609
Бахрейн Корольдігі
085
Кипр Республикасы
345
Сауд Аравия Корольдігі
613
Беларусь Республикасы
089
Кирибати Республика
353
Свазиленд Корольдігі
617
Белиз
093
Қытай Халық Республикасы
349
Сейшель аралдары Республикасы
621
Бельгия Корольдігі
097
ҚХДР
361
Сенегал Республикасы
625
Бенин Республикасы
101
Колумбия Республикас
365
Сент-Люсия
637
Болгария Республикасы
105
Конго Демократиялық Республикасы
373
Сербия Республикасы
641
Боливия көпұлтты мемлекеті
109
Корея Республикасы
377
Сингапур Республикасы
645
Босния және Герцеговина
113
Коста-Рика Республикасы
381
Сирия Араб Республикасы
649
Ботсвана Республикасы
117
Кот-д-Республикасы Ивуар
385
Словения Республикасы
653
Федеративті Бразилия Республика
121
Куба Республикасы
389
Соломонов аралдары
661
Бруней-Даруссалам
125
Кувейт Мемлекеті
393
Федеративті Республика Сомали
665
Буркина – Фасо мемлекеттері
129
Қырғыз Республикасы
357
Судан Республикасы Республика
669
Республика Бурунди
133
Лаосс Халық-Демократиялық Респу́бликасы
397
Суринам
673
Бутан Корольдігі
137
Латвия Республикасы
401
Америка Құрама Штаттары
657
Вануату Республикасы
141
Лесото Корольдігі
405
Сьерра-Леоне Республикас
677
Ватикан
145
Республика Либерия
409
Арнайы әкімшілік аудан Гонконг
681
Біріккен Корольдік Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия
149
Ливан Республикасы
413
Тәжікстан Республикасы
685
Венгрия
153
Ливия Мемлекеті
417
Таиланд Корольдігі
689
Боливариан Республикасы
Венесуээла
157
Литва Республикасы
421
Тайвань
693
Шығыс Тимор Демократиялық Республикасы
161
Лихтенштейн Князьдігі
425
Бірлескен Танзания Республикасы
697
Вьетна́м Социалистік Республикасы
165
Ұлы Герцог Люксембург
429
Тоголез Республикасы
701
Габон Республикасы
169
Маврикий Республикасы
433
Тонга Корольдігі
705
Гаити
173
Ислам Республикасы Мавритания
437
Тринидад және Тобаго Республикасы
709
Кооперативті Республика Гайана
177
Мадагаскар Республикасы
441
Тувалу
713
Республика Гамбия
181
Македония Республика
445
Тунис Республикасы
717
Республика Гана
185
Республика Малави
449
Түркменстан
721
Гваделупа
189
Малайзия
453
Түрік Республикасы
725
Гватемала Республикасы
193
Мали Республикасы
457
Уганда Республикасы
729
Гвиана
197
Мальдив Республикасы
461
Өзбекстан Республикасы
733
Гвиней Республикасы
201
Мальта Республикасы
465
Украина
737
Республика Гвинея - Бисау
205
Марокко Корольдігі
469
Уругвай Шығыс Республикасы
741
Федеративті Германия Республикасы
209
Мартиника
473
Фиджи Республикасы
745
Гибралтар
213
Мексика Бірлескен Штаты
477
Филиппин Республикасы
749
Гондурас Республикасы
217
Мозамбик Республикасы
481
Финляндия Республикасы
753
Гренада
221
Молдова Республикасы
485
Француз Республикасы
757
Грек Республикасы
225
Монако Князьдігі
489
Хорватия Республикасы
761
Грузия
229
Монғолия
493
Орталық Африка Республикасы
765
Дания Корольдігі
233
Одақ Республикасы Мьянма
497
Чад Республикасы
769
Джибути Республикасы
237
Намибия Республикасы
501
Черногория
773
Доминики Бірлестігі
241
Науру Республикасы
505
Чили Республикасы
781
Доминикан Республикасы
245
Федеративті Демократиялық Непал Республикасы
509
Чехия Республикасы
777
Басқалар
829
Нигер Республикасы
513
Швейцар Конфедерациясы
785
Араб Республикасы Египет
249
Федеративті Нигерия Республикасы
517
Швеция Корольдігі
789
Заир Республикасы
253
Нидерланды Корольдігі
521
Демократиялық Социалистік Республика Шри-Ланка
793
Замбия Республикасы
257
Никарагуа Республикасы
525
Эквадор Республикасы
797
Батыс Сахара
261
Жаңа Зеландия
529
Экваториальды Гвинея Республикасы
801
Тәуелсіз Мемлекет Самоа
265
Норвегия Корольдігі
537
Эстон Республикасы
805
Зимбабве Республикасы
269
БАЭ
541
Федеративті Эфиопия Демократиялық Республикасы
809
Израиль Мемлекеті
273
Сұлтанат Оман
545
Оңтүстік-Африка Республикасы
817
Индия Республикасы
277
Ислам Республикасы Пакистан
549
Ямайка
821
Индонезия Республикасы
281
Палестина
553
Япония
825
3 Ұлттар сөздігі
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының
3-қосымшасы
Ұлттар сөздігі
Авар
43
Лезгин
40
Азербайджан
23
Литва
18
Ауған
45
Ливан
60
Ангол
58
Мари
13
Араб
54
Молдаван
24
Армян
15
Монғол
57
Ассири
38
Мордвин
14
Балкар
34
Неміс
08
Башкир
35
Перуан
50
Белорус
09
Поляк
22
Белудж
49
Пуштун
48
Бербер
47
Осетин
20
Болгар
12
Орыс
01
Вьетнам
51
Серб
56
Гвиней
59
Сирия
53
Грек
37
Тәжік
10
Грузин
16
Татар
05
Дұнған
36
Түркмен
28
Еврей
03
Түрік
33
Ингуш
39
Өзбек
26
Үндіс
46
Ұйгыр
29
Қазақ
02
Украин
06
Қалмақ
41
Финн
21
Қарақалпақ
44
Француз
55
Қырғыз
27
Цыган
04
Қытай
30
Чечен
42
Корей
31
Чуваш
07
Кубин
52
Эстон
19
Курд
32
Басқа ұлттар
25
Латыш
17