Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики оценки инвестиционной привлекательности регионов и унифицированного инвестиционного стандарта

Бұйрық · № 5 · қабылданған 18.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178112/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Методики оценки инвестиционной привлекательности регионов и унифицированного инвестиционного стандарта Қолданыста Бұйрық ·№ 5 ·18.01.2023
18.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики оценки инвестиционной привлекательности регионов и унифицированного инвестиционного стандарта

Қолданыста Бұйрық ·№ 5 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики оценки инвестиционной привлекательности регионов и унифицированного инвестиционного стандарта
Атауы (қаз.)
Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесін және біріздендірілген инвестициялық стандартты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
5
Қабылданған күні
18.01.2023
Көрсетілген редакция
18.01.2023 178112_615731.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031722
ЭКБ идентификаторы
178112
Редакция идентификаторы
178112_615731
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:36

0 Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесін және біріздендірілген инвестициялық стандартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже 15-тармағының 226) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Біріздендірілген инвестициялық стандарт бекітілсін.

2 2. Инвестициялық саясат департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

1 Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 18 қаңтардағы
№ 5 Бұйрыққа
1-қосымша
Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 226) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлердің инвестициялық тартымдылығы рейтингін айқындауға арналған.

2 2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) анкеталық сауалнама – инвестициялық тартымдылық рейтингін бағалау кезінде кәсіпкерлерге қатысты жүргізілетін сауалнама;

2

2) «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторды сүйемелдеу – инвестицияларды тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестицияларды тарту саласындағы өңірлік ұйымдар тарапынан инвесторға ақпараттық, консультациялық, ұйымдастырушылық жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар кешені;

3

3) инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты – инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвесторлардың ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, өңірлік ұйымдары тарапынан мемлекеттік, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуына көмек көрсетудің орталықтандырылған нысаны;

4 4) рейтинг – жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмыс жүргізу нәтижелері бойынша қалыптастырылған өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың рейтингі.

3

3. Рейтингтің мақсаты өңірлерде инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жағдайлар жасау және жоспарларды орындау жөніндегі қолданыстағы шаралардың тиімділігін бағалау болып табылады. Рейтингтің міндеті инвесторлармен жұмыс істеу бойынша үздік практикаларды анықтау, ел өңірлеріне инвестициялар тарту жөніндегі шараларды жақсарту үшін ынталандырулар жасау болып табылады.

4 4. Рейтинг жүргізу үшін кәсіпкерлерге анкеталық сауалнама жүргізіледі (әрбір өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 15 (он бес) кәсіпкер болады).

Анкеталық сауалнама өңірлердегі, қаржы институттарының «бір терезе» қағидаты қызметін бағалауға, инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігіне, бизнеске әкімшілік қысым деңгейіне және өңірлерде көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары деңгейіне бағытталады.

2 2-тарау. Өңірлердің инвестициялық тартымдылығы рейтингін айқындау

5 5. Рейтинг әдіснамасы мынадай 9 (тоғыз) бағытты қамтиды:

1 1) өндірістік қордың өсу қарқыны;

2 2) шағын және орта кәсіпкерліктің өсу қарқыны;

3 3) инвестицияның өсу қарқыны;

4 4) қаржы институттары;

5 5) нысаналы индикаторларды орындау;

6 6) «бір терезе» қағидаты бойынша қызметті жүзеге асыруды бағалау;

7 7) инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігі;

8 8) бизнеске әкімшілік қысым;

9 9) мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары.

6 6. Әрбір бағыт бойынша өңірдің қорытынды нәтижесіне әсер ететін коэффициенттер қойылады.

7 7. Рейтинг «қатты» және «жұмсақ» деректер негізінде қалыптастырылады. «Қатты» деректер деп статистикалық және ведомстволық деректер түсініледі. «Жұмсақ» деректер деп кәсіпкерлерге анкеталық сауалнама жүргізу және сараптамалық бағалау арқылы далалық зерттеулердің нәтижелері түсініледі.

8 8. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы рейтингісінің қорытынды формуласы:

R = Салмақ1 × F1 + Салмақ2 × F2 + Салмақ3 × F3 + Салмақ4 × F4 + Салмақ5
× F5 + Салмақ6 ×F6 + Салмақ7 × F7 + Салмақ8 × F8 + Салмақ9 × F9, мұндағы:
R – өңірдің инвестициялық тартымдылығы рейтингісінің қорытынды мәні;
F1 – өндірістік қордың өсу қарқыны;
F2 – шағын және орта кәсіпкерліктің өсу қарқыны;
F3 – инвестицияның өсу қарқыны;
F4 – қаржы институттары;
F5 – нысаналы индикаторларды орындау;
F6 – «бір терезе» қағидаты қызметін бағалау;
F7 – инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігі;
F8 – бизнеске әкімшілік қысым;
F9 – мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары.
Әрбір бағыттың маңыздылығы ескеріле отырып, қорытынды мәнде салмақ белгіленді, ол мынадай мәндерді сипаттайды: Салмақ1 – 15%; Салмақ2 – 10%; Салмақ3 – 45%; Салмақ4 – 5%; Салмақ5 – 10%; Салмақ6 – 2,5%; Салмақ7 – 5%; Салмақ8 – 5%; Салмақ9 – 2,5%.

9 9. F1 бағыты – «Өндірістік қордың өсу қарқыны» мынадай 2 (екі) фактордан тұрады:

1 1) өңірдің жалпы өңірлік өнімінің нақты көлем индексі;

2 2) өңір экспортының өсу қарқыны.

10 10. Көрсеткіштер бойынша өлшем бірлігін бірыңғай жүйеге келтіру мақсатында алдын ала әрбір көрсеткіш бойынша өңірлер бойынша саралау және алынған мәндердің ең жақсы көрсеткішпен арақатынасын салыстыру жүзеге асырылады (мұнда 1 (бір) балл – ең нашар көрсеткіш, 20 (жиырма) балл – ең жақсы көрсеткіш).

11 11. F2 бағыты – «Шағын және орта кәсіпкерліктің өсу қарқыны» мынадай факторлардан тұрады:

1 1) өңірлерде шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының өсу қарқыны;

2 2) өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының өсу қарқыны.

12 12. F3 бағыты – «Инвестицияның өсу қарқыны» мынадай факторлардан тұрады:

1 1) негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсу қарқыны;

2 2) тікелей шетелдік инвестициялардың өсу қарқыны.

13 13. F4 бағыты – «Қаржы институттары» мынадай факторлардан тұрады:

1 1) қаржы қаражатының қолжетімділігі;

2 2) әртүрлі қаржыландыру институттарының болуы туралы хабардар болу;

3 3) қаржы институттарының қызметіне қанағаттану.

14 14. F5 бағыты – «Нысаналы индикаторларды орындау» негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторлардың орындалу дәрежесі факторынан тұрады.

15 15. F6 бағыты – «Бір терезе» қағидатының қызметін бағалау» консультациялық көрсетілетін қызметтерді алуға қанағаттану факторынан тұрады.

16 16. F7 бағыты – «Инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігі» мынадай факторлардан тұрады:

1 1) кәсіпкерлердің инвестициялық инфрақұрылым объектілеріне қанағаттанушылығы;

2 2) кәсіпкерлердің жол желісінің сапасына қанағаттануы;

3 3) кәсіпкерлердің телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттануы;

4 4) жергілікті атқарушы органның интернет ресурсында өңірде қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамаыз ету жөніндегі ақпаратпен толықтыру сапасы.

17 17. F8 бағыты – «Бизнеске әкімшілік қысым» мынадай факторлардан тұрады:

1 1) меншікті оңай тіркеу;

2 2) фирмаға бір жылда сұратылған қосымша құжаттардың орташа саны;

3 3) сыбайлас жемқорлыққа тап болу жағдайлары.

18 18. F9 бағыты – «Мемлекеттік қолдаудың қаржылық шаралары» мемлекеттік қолдау шараларына қанағаттану факторынан тұрады.

19 19. Соңғы 24 (жиырма төрт) айда мемлекеттік көрсетілетін қызмет алған кәсіпкерлердің сауалнамалық пікіртерімі осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

1.1 Соңғы 24 айда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кәсіпкерлердің сауалнамалық пікіртерімі

Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесіне
қосымша
Нысан
Соңғы 24 айда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алған кәсіпкерлердің сауалнамалық пікіртерімі
1-блок. Сауалнама жүргізілетін кәсіпорындар бойынша жалпы деректер
1. Сіз мүддесін білдіріп отырған кәсіпорын атауын көрсетіңіз: ____________________________________________________________________________________
2. Қазақстан Республикасының қай өңірінде кәсіпкерлік (инвестициялық) қызметті жүзеге асыратыныңызды белгілеңіз: __________________________________
3. Сіздің компанияңыздағы қызметкер саны: _______________________________________________
4. Сіздің қызметіңіз қай салаға жатады: ____________________________________________________
5. Сіз қандай да бір жобаға инвестиция салдыңыз ба, не өз кәсіпорныңыздың негізгі қорларын жаңарттыңыз ба, не соңғы 3 жылда өз өңіріңіздің аумағында кәсіпорныңыз көбейді ме:
______________________________________________________________________________________
2-блок. Кәсіпкерге сауалнама жүргізу:

1 1. Жаңа жобаны іске қосқан кезде Сіздің өңіріңіздегі электр желілеріне оңай қосылуды бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

0
1
2
3
4
5
6
7

2 2. Сіздің өңіріңізде бизнес жүргізу үшін қажетті жылжымайтын мүліктің (құрылыстар мен жер учаскелерінің) қолжетімділігін бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

0
1
2
3
4
5
6
7

3 3. Өңір ұсынатын жалдамалы аудандарды алу жылдамдығын бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

0
1
2
3
4
5
6
7

4 4. Жаңа жобаны іске қосу, негізгі қорларды жаңарту немесе кеңейту үшін Сіздің өңіріңіздегі қаржы қаражатының қолжетімділігін бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

0
1
2
3
4
5
6
7

5 5. Сіздің өңіріңіздегі қаржы институттарының қызметін бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

0
1
2
3
4
5
6
7

6 6. «Бір терезе» қағидатының қызметін бағалау, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

0
1
2
3
4
5
6
7

7

7. Сіздің өңіріңізде инвестициялар тарту жөніндегі ұйымдардың қызметін бағалаңыз (мұндай ұйымдарға «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының өңірлік өкілдіктері, инвестицияларды тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жатады), мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.
0
1
2
3
4
5
6
7

8 8. Өңірдегі инвестициялық инфрақұрылым объектілеріне (еркін экономикалық аймақтар, индустриялық аймақтар, технологиялық және өнеркәсіптік парктер, алаңдар) қанағаттанушылық, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

0
1
2
3
4
5
6
7

9 9. Сіздің өңіріңіздегі жол желілерінің сапасын бағалаңыз, мұнда 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

1
2
3
4
5
6
7

10 10. Сіздің өңіріңіздегі телекоммуникациялық көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалаңыз, мұнда 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

1
2
3
4
5
6
7

11 11. Өз өңіріңіздегі инвестициялық қызмет туралы интернет-ресурстың сапасын бағалаңыз, мұнда 0 – мұндай интернет-ресурстың бар екенін білмеймін, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

0
1
2
3
4
5
6
7

12 12. Өңірде мүлікті тіркеу жеңілдігін бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

0
1
2
3
4
5
6
7

13 13. Өңірдегі бизнесті мемлекеттік қолдау деңгейін бағалаңыз, мұнда 0 – маған мұндай мәселе кездеспеді, 1 – жаман, 7 – өте жақсы.

0
1
2
3
4
5
6
7

14 14. Сіздің бизнесіңіз жылына қанша рет әкімшілік қысым көрсету шараларына (тексерулер, әкімшілік тергеп тексерулер міндетті түрде ұсынуға жатпайтын құжаттарға сұрау салулар) тап болады

_____________________________________________________________________

15 15. Ағымдағы _____ жылы билік органдары немесе табиғи монополиялар тарапынан сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келдіңіз бе _____________________________________________________________________

16 16. Сіздің өңіріңізде бизнес немесе инвестициялық қызмет жүргізу кезінде сізді қандай проблемалар көбірек мазалайды _______________________________

2 Біріздендірілген инвестициялық стандарт

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 18 қаңтардағы
№ 5 Бұйрыққа
2-қосымша
Біріздендірілген инвестициялық стандарт

Стан­дарт­тың ере­же­сі
Стан­дарт­тың та­лап­та­ры
Ес­керт­пе
1-БЛОК: Қо­лай­лы ин­ве­сти­ци­я­лық аху­ал­ды қам­та­ма­сыз ету жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар
1.
Өңір­де ин­ве­сти­ци­я­лық объ­ек­ті­лер мен ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рін құ­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар жос­па­рын (бұ­дан әрі – Жос­пар) қа­лып­та­сты­ру және жыл сай­ын жа­ңар­ту
Жос­пар­ды бе­кі­ту рә­сі­мі бе­кі­ту­сіз қол­да­ны­с­та­ғы
құ­жат­тар негі­зін­де қа­лып­та­сты­ры­ла­ды неме­се нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­мен бе­кі­ті­ле­ді;
ұсы­ны­л­ған ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­тың то­лық­тығы Жос­пар­ды биз­нес-жос­пар­ла­уда пай­да­ла­ну­ға мүм­кін­дік бе­ре­ді
То­лық Жос­пар­ды ұсы­ну объ­ек­ті­лер­ді ин­фра­құ­ры­лым түр­ле­рі бой­ын­ша топ­та­сты­ру­ды қам­ти­ды:
мін­дет­тер мен іс-ша­ра­лар­ды олар қол жет­кізу­ге ық­пал ете­тін стра­те­гия мақ­сат­та­ры­на бай­ла­ны­сты­ру;
іс-ша­ра­ның мәні және кү­ті­ле­тін нәти­же;
іс-ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру­дың жос­пар-кесте­сі;
қа­жет­ті ре­сур­стар;
қар­жы­лан­ды­ру құ­ры­лы­мын көр­се­те оты­рып, іс-ша­ра­ны іс­ке асы­ру құ­нын ба­ға­лау (рес­пуб­ли­ка­лық/жер­гі­лік­ті бюд­жет);
іс-ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру­ға жа­у­ап­ты тұ­лға­лар­ды көр­се­те оты­рып, жо­ба­лар бой­ын­ша қы­сқа­ша ақ­па­рат
2.
Жос­пар­ды іс­ке асы­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша жыл сай­ын­ғы есеп­ті ұсы­ну
1. Өңір бас­шы­сы жыл сай­ын ин­ве­сти­ция бой­ын­ша об­лы­стық мәс­ли­хат­қа өңір­де­гі ин­ве­сти­ци­я­лық аху­ал ту­ра­лы есеп дай­ын­дай­ды.
2. Жыл сай­ын­ғы есеп­те: Жос­пар­дың іс­ке асы­ру нәти­же­ле­рі;
өңір­дің ин­ве­сти­ци­я­лық са­я­са­ты­ның негіз­гі ба­ғыт­та­ры мен ба­сым­дық­та­ры; ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту және өңір­де биз­нес жүр­гі­зу жағ­дай­ла­рын жақ­сар­ту мақ­са­тын­да ке­ле­сі жы­лы іс­ке асы­ры­луы қа­жет негіз­гі ша­ра­лар;
стра­те­ги­я­лық мақ­сат­тар мен мін­дет­тер­ге қол жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ету үшін өзек­тен­ді­рі­л­ген іс-ша­ра­лар;
өңір­лер­дің ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­мет­тің негіз­гі көр­сет­кіш­те­рі көр­се­ті­ле­ді
2-БЛОК: Кә­сіп­кер­лік және ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­мет үшін жағ­дай жа­сау
3.
Іс­ке асы­ры­ла­тын жо­ба­лар­ды опе­ра­ци­я­лық қол­да­у­ға негіз­де­ле­тін өңір­лік ин­ве­сти­ци­я­лық аху­ал­ды жақ­сар­ту жө­нін­де­гі ке­ңе­стің (бұ­дан әрі – Ке­ңес) бо­луы.
1. Ке­ңес жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган (бұ­дан әрі – ЖАО) жа­нын­да­ғы кон­суль­та­тив­тік –ке­ңес­ші ор­ган бо­лып та­бы­ла­ды.
2. Ке­ңес қыз­ме­ті­нің мақ­са­ты өңір­дің эко­но­ми­ка­сын да­мы­ту ба­сым­дық­та­ры­на жа­у­ап бе­ре­тін өңір­дің бі­рың­ғай ин­ве­сти­ци­я­лық са­я­са­тын іс­ке асы­ру, отан­дық және ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту­ға және ти­ім­ді пай­да­ла­ну­ға жәр­дем­де­су бо­лып та­бы­ла­ды.
3. Ке­ңес өз қыз­ме­т­ін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сын, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өзге де нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін бас­шы­лық­қа ала­ды.
4. ЖАО Ке­ңе­стің жұ­мыс ор­га­ны бо­лып та­бы­ла­ды.
5. Ке­ңес оты­ры­ста­ры қа­жет­ті­лі­гіне қа­рай өт­кі­зі­ле­ді
1. Ке­ңес: ин­ве­сти­ци­я­лық аху­ал­ды жақ­сар­ту­ға бай­ла­ны­сты жал­пы жүй­е­лік мә­се­ле­лер­ге;
нақ­ты ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды сүй­е­мел­де­у­ге;
ин­ве­стор­лар ұшы­рап қа­луы мүм­кін про­бле­ма­лар­ды ше­шу­ге ба­са на­зар ауда­ра­ды;
2. Ке­ңес шең­бе­рін­де
Же­ке­ле­ген, оның ішін­де са­ла­лық мә­се­ле­лер­ді ше­шу­ге ар­нал­ған топ­тар құ­ру­ға бо­ла­ды.
Ке­ңе­стің құ­ра­мы:
ЖАО өкіл­де­рі­нен, ин­ве­стор­лар­дың, кә­сіп­кер­лер­дің қо­ғам­дық бір­ле­стікте­рі­нің өкіл­де­рі мен са­рап­шы­ла­ры­нан тұ­ра­ды. Об­лыс әкі­мі – Ке­ңес тө­ра­ға­сы.
Ке­ңес мы­на­дай ұсы­ны­стар­ды әзір­лей­ді:
мем­ле­кет­тік ор­ган­ның және ин­ве­сти­ци­я­лық про­цес­ке қа­ты­са­тын тұ­лға­лар­дың өза­ра іс-қи­мы­лын ұй­ым­да­сты­ру;
әкім­ші­лік ке­дер­гі­лер­ді азай­ту (рұқ­сат құ­жат­та­ма­сын бе­ру мер­зім­де­рін қы­сқар­ту және рә­сі­мін оңай­ла­ту);
өңір­ді да­мы­ту­дың ба­сым ба­ғыт­та­рын ай­қын­дау;
Жос­пар­ды тү­зе­ту бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды қа­рау;
өңір­дің ин­ве­сти­ци­я­лық бел­сен­ді­лі­гін ын­та­лан­ды­ру;
ин­ве­сти­ци­я­лық объ­ек­ті­лер­ді және өңір­дің қа­жет­ті кө­лік­тік, энер­ге­ти­ка­лық, әле­умет­тік және бас­қа да ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рін құ­ру жос­па­ры­ның жо­ба­сын ма­құл­дау;
дәр­мен­сіз және сәт­сіз жо­ба­лар­ды қо­са ал­ған­да, ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру нәти­же­ле­рін қа­рау
4.
Ин­ве­сти­ци­я­лар тар­ту және ин­ве­стор­лар­мен жұ­мыс бой­ын­ша «Kazakh Invest» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның өңір­лік өкіл­де­рін (бұ­дан әрі – «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ), ин­ве­сти­ци­я­лар­ды тар­ту са­ла­сын­да­ғы өңір­лік ұй­ым­да­рын (бұ­дан әрі – өңір­лік ұй­ым­дар) жан­дан­ды­ру
1. Өңір­де ин­ве­сти­ци­я­лар тар­ту және ин­ве­стор­лар­мен жұ­мыс жө­нін­де­гі өңір­лік ұй­ым­дар, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ-ның өкіл­де­рі тұ­рақ­ты негіз­де жұ­мыс іс­тей­ді.
2. Өңір­лік ұй­ым­дар, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ-ның өкіл­де­рі:
ЖАО-мен өза­ра іс-қи­мыл ке­зін­де ин­ве­стор­лар үшін «бір те­ре­зе» қа­ғи­дат бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ды қам­та­ма­сыз ету;
«то­лық аяқ­тал­ған» нақ­ты ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды қол­дау және іс­ке асы­ру бой­ын­ша жо­ба­лық ко­ман­да­лар­ды құ­ру­ға жәр­дем­де­су;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да және ше­тел­де өңір­дің ин­ве­сти­ци­я­лық мүм­кін­дік­те­рі мен жо­ба­ла­рын іл­ге­рі­ле­ту
(оның ішін­де кон­фе­рен­ци­я­лар, көр­ме­лер, фо­рум­дар ар­қы­лы);
өңір ау­ма­ғын­да ин­ве­сти­ци­я­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру және қол­дау бой­ын­ша ин­ве­сти­ци­я­лық және вен­чур­лік қор­лар­дың, банк­тер­дің, ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лық агент­тіктер­дің, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған қар­жы ұй­ым­да­ры­ның, ха­лы­қа­ра­лық да­му ин­сти­тут­та­ры­ның әле­уе­ті мен мүм­кін­дік­те­рін пай­да­ла­ну мақ­са­тын­да олар­мен өза­ра іс-қи­мыл жа­са­су;
мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­ла­рын­да өңір­дің мүд­де­ле­рін біл­ді­ру.
3. Өңір­лік ұй­ым­дар, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкіл­де­рі үшін
оның жұ­мысы мен қыз­мет­кер­лер жұ­мысы­ның ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі бел­гі­ле­ну­ге ти­іс
Өңір­лік ұй­ым­дар, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ-ның өкіл­де­рі жү­зе­ге асы­ра­ды:
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алу­да кон­суль­та­ция бе­ру және қол­дау көр­се­ту;
ық­ти­мал суб­си­ди­я­лар мен мем­ле­кет­тік қол­дау алу­да қол­дау көр­се­ту;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­мен ин­ве­сти­ци­я­лық ке­лі­сім­шар­тқа қол қо­ю­ға жәр­дем көр­се­ту;
эко­но­ми­ка са­ла­ла­ры және заң­на­ма бой­ын­ша ақ­па­рат­тық және тал­да­ма­лық ма­те­ри­ал­дар дай­ын­дау;
бар­лық дең­гей­де­гі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен кез­де­су­лер;
ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды бір­ле­сіп іс­ке асы­ру үшін әріп­те­стер­ді із­деу (ре­зи­дент еме­стер­ді қо­са ал­ған­да);
ер­кін эко­но­ми­ка­лық және ин­ду­стри­я­лық ай­мақ­тар­дың қа­ты­су­шы­сы ре­т­ін­де тір­ке­уді сүй­е­мел­деу;
қор­лан­ды­ру көз­де­рін із­де­сті­ру­де қол­дау көр­се­ту;
жер учас­ке­сін із­деу және ірік­теу;
жұ­мыс іс­теп тұр­ған кә­сі­по­рын­дар­ды мо­ни­то­ринг­теу және олар­дың ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­ме­ті ба­ры­сын­да туын­дай­тын про­бле­ма­лық мә­се­ле­лер­ді ше­шу­ге жәр­дем­де­су.
Со­ны­мен қа­тар қыз­мет­тің ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау үшін өңір­лік ұй­ым­дар, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкіл­де­рі үшін де, қыз­мет­кер­лер үшін де жұ­мыс ти­ім­ді­лі­гі­нің көр­сет­кіш­те­рін бел­гі­леу қа­жет. Мы­са­лы, ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі тар­ты­л­ған ин­ве­сти­ци­я­лар­дың кө­ле­мі, құ­ры­л­ған жо­ға­ры өнім­ді жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны бо­луы мүм­кін.
Ұй­ым ти­ім­ді­лі­гі­нің көр­сет­кі­ші ре­т­ін­де
өңір­дің ин­ве­сти­ци­я­лық тар­тым­ды­лы­ғын және өңір­лік ұй­ым­да­ры­ның, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкіл­де­рі­нің брен­ді­нің та­ны­мал­ды­ғын арт­ты­ру­ға ба­ғыт­тал­ған жыл сай­ын­ғы ақ­па­рат­тық жо­ба­лар мен ха­лы­қа­ра­лық кез­де­су­лер өт­кі­зу қа­жет.
Өңір­лік ұй­ым­да­ры­ның, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкіл­де­рі­нің көр­сет­кіш­те­ріне қол жет­кі­зу Ке­ңе­стің ба­қы­ла­у­ын­да бо­лу­ға ти­іс
5.
Ин­ве­стор­лар­дың объ­ек­ті­ле­рін ор­на­ла­сты­ру үшін ин­фра­құ­ры­лым­ның қол­же­тім­ді­лі­гін қам­та­ма­сыз ету
(өнер­к­ә­сіп­тік, тех­но­ло­ги­я­лық парк­тер)
Өңір­де мы­на­дай тип­тер­дің бі­рі­нің объ­ек­ті­ле­ріне қол­же­тім­ді­лік қам­та­ма­сыз еті­ле­ді:
өнер­к­ә­сіп­тік алаң (қа­жет­ті кө­лік­тік, энер­ге­ти­ка­лық, ин­же­нер­лік және өзге ин­фра­құ­ры­лым­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген өн­ді­рі­стік қу­ат­тар­ды ор­на­ла­сты­ру­ға ар­нал­ған);
өнер­к­ә­сіп пар­кі;
тех­но­ло­ги­я­лық парк;
биз­нес-ин­ку­ба­тор;
кла­стер­лік да­му ор­та­лы­ғы (ұжым­дық пай­да­ла­ну ор­та­лы­ғы, про­то­тип­теу ор­та­лы­ғы)
Ин­ве­стор­лар­ды қол­дау ин­фра­құ­ры­лы­мы ин­ве­стор­лар­ға өз биз­не­сін қол­дау қыз­мет­те­рін алу және ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет үшін қо­лай­лы жағ­дай жа­сау мүм­кін­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге ти­іс. Объ­ек­ті­лер ин­ве­сти­ци­я­лар тар­ту­ға ар­нал­ған алаң ре­т­ін­де пай­да­ла­ны­лу­ға ти­іс
6.
Ин­ве­сти­ци­я­лық стра­те­ги­я­ға және ин­ве­стор­лар­дың қа­жет­ті­лік­те­ріне сәй­кес ке­ле­тін ма­ман­дық­тар бой­ын­ша кә­сіп­тік да­яр­лау және қай­та да­яр­лау те­тікте­рі­нің бо­луы
1. Ин­ве­стор­лар­дың қа­жет­ті­лік­те­рін зер­де­ле­у­ге (оның ішін­де са­у­ал­на­ма­лар) және өңір­дің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық да­му бо­лжа­мы­на негіз­дел­ген түр­лі ба­ғыт­та­ғы ма­ман­дар­ға өңір­лік ең­бек на­ры­ғы­ның ке­мін­де 5 (бес) жыл мер­зім­ге қа­жет­ті­лік­те­рі бо­лжа­мы­ның (бұ­дан әрі – Бо­лжам) бо­луы.
2. Ре­гла­мент Бо­лжам са­рап­шы­лар­мен, өңір­лік кә­сіп­кер­лер па­ла­та­ла­ры, қо­ғам­дық ин­сти­тут­тар мен ұй­ым­дар өкіл­де­рі­мен, ЖАО бей­ін­ді қыз­мет­кер­ле­рі­мен бір­ле­сіп әзір­ле­не­ті­нін көз­дей­ді.
3. Өңір­дің бі­лім бе­ру ме­ке­ме­ле­рін­де жа­ңа өн­ді­рі­стер­дің қа­жет­ті­лік­те­рін қа­на­ғат­тан­ды­ру­ға ба­ғыт­тал­ған бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның бо­луы
Өңір­лік ең­бек на­ры­ғы қа­жет­ті­лік­те­рі­нің Бо­лжа­мын ЖАО ең­бек на­ры­ғы­ның ақ­па­ра­ты және өңір­де (әсі­ре­се өңір­дің ба­сым са­ла­ла­рын­да) жұ­мыс іс­тей­тін кә­сі­по­рын­дар­дың сұ­рау са­лу­ла­ры негі­зін­де әзір­ле­у­ге ти­іс. На­рық қа­жет­ті­лік­те­рін қам­та­ма­сыз ету­дің ти­ім­ді­лі­гі үшін өңір­дің ин­ве­сти­ци­я­лық стра­те­ги­я­сы­на және ин­ве­стор­лар­дың қа­жет­ті­лік­те­ріне сәй­кес ке­ле­тін ма­ман­дық­тар бой­ын­ша бі­лім алушы­лар мен жастар­дың, сон­дай-ақ да­яр­лау және қай­та да­яр­лау кур­ста­ры­нан өт­кі­сі ке­ле­тін жұ­мыс­сыздар­дың кә­сі­би өзін-өзі ай­қын­да­уын сүй­е­мел­деу жө­нін­де­гі ЖАО ин­тер­нет-ре­сур­сын тол­ты­ру мә­се­ле­ні қа­рау орын­ды.
ЖАО ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да өңір­дің ең­бек на­ры­ғын­да сұ­ра­ны­сқа ие кә­сіп­тер ту­ра­лы, ор­та және жо­ға­ры кә­сіп­тік бі­лім бе­ру ме­ке­ме­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат және са­ла­ның же­тек­ші кә­сі­по­рын­да­рын­да­ғы жұ­мыс орын­да­ры­ның си­патта­ма­сы,
вир­ту­ал­ды экс­кур­си­я­лар, ор­та кә­сіп­тік бі­лім бе­ре­тін бі­лім бе­ру ме­ке­ме­ле­ріне қа­был­дау тәр­ті­бі ор­на­ла­сты­ры­ла­ды
3-БЛОК: Ин­ве­стор­лар­ға ке­піл­дік­тер­ді қам­та­ма­сыз ету
7.
Ин­ве­сти­ци­я­лар тар­ту және ин­ве­стор­лар­мен жұ­мыс іс­теу жө­нін­де­гі ұй­ым­дар­ды оқы­ту, құ­зы­рет­ті­лі­гін арт­ты­ру және ба­ға­лау жүй­е­сі­нің
бо­луы
1. Ин­ве­сти­ци­я­лар тар­ту және ин­ве­стор­лар­мен жұ­мыс іс­теу жө­нін­де­гі өңір­лік ұй­ым­дар, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкіл­де­рі­нің қыз­мет­кер­ле­рі үшін бі­лім­ге, дағ­ды­лар­ға, құн­ды­лық­тар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ды ай­қын­дай­тын
құ­зы­рет­тер мо­дель­де­рін құ­ру.
2. Ин­ве­сти­ци­я­лық про­цес­ке қа­ты­са­тын өңір­лік ұй­ым­дар, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ өкіл­де­рі­нің қыз­мет­кер­ле­рі үшін ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рін ба­ға­лау өл­шем­шар­тта­рын бел­гі­леу
және олар­ды құ­зы­рет­тер мо­де­лі­мен бай­ла­ны­сты­ру
Құ­зы­рет­тер мо­де­лі
өңір­дің ин­ве­сти­ци­я­лық да­муын жос­пар­лау және ын­та­лан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды сүй­е­мел­деу және мо­ни­то­ринг­теу са­ла­сын­да­ғы, сон­дай-ақ іс­кер­лік қа­рым-қа­ты­нас са­ла­сын­да­ғы кә­сі­би құ­зы­рет­ті қам­ти­ды.
Бұ­дан бас­қа, құ­зы­рет­тер мо­де­лі ла­у­а­зым­дық мін­дет­тер бө­лі­ні­сін­де қыз­мет­кер­дің қыз­мет бей­і­нін ес­ке­ре­тін құ­зы­рет­тер­дің бо­луын бо­лжай­ды.
Құ­зы­рет­тер мо­де­лі жо­ға­ры­да атал­ған­дар­дан бас­қа, ла­у­а­зым­дық ре­гла­мент­тер негі­зін­де әзір­лен­ген ти­ім­ді­лік­ті ба­ға­лау өл­шем­шар­тта­рын қам­ти­ды.
Құ­зы­рет­тер мо­де­лі ЖАО мен «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ, өңір­лік ұй­ым­дар­дың қа­ты­суы­мен бір­ле­сіп әзір­ле­не­ді
8.
Мә­се­ле­лер­ді же­дел ше­шу үшін ин­ве­стор­лар­дың ЖАО-мен ті­ке­лей бай­ла­ныс ар­на­ла­ры­ның бо­луы
1. Ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­мет про­це­сін­де туын­дай­тын про­бле­ма­лар мен мә­се­ле­лер­ді же­дел ше­шу үшін ин­ве­стор­лар­дың ЖАО-мен ті­ке­лей бай­ла­ныс ар­на­сы (ар­на­ла­ры) ұй­ым­да­сты­ры­лу­ға ти­іс.
2. Ті­ке­лей бай­ла­ныс ар­на­сы мы­на­дай та­лап­тар­ға сай бо­лу­ға ти­іс:
кә­сіп­кер­лік және ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­рі­нің
мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­дің ти­іс­ті дең­гей­де­гі мә­се­ле­лер­ді ше­шу­іне тең қол жет­кі­зуі;
бел­гі­ле­ген мә­се­ле­лер мен про­бле­ма­лар­ды қа­рау нәти­же­ле­рі мен мер­зім­де­рін ба­қы­лау.
3. Мы­на­лар, атап ай­тқан­да:
кә­сіп­кер­лік және ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­мет субъ­ек­ті­ле­рі үшін қол­же­тім­ді осы са­ла­да уәкі­лет­ті ЖАО бас­шы­ла­ры­ның ұя­лы те­ле­фон­да­ры;
ЖАО бас­шы­ла­ры­ның әле­умет­тік же­лі­лер­де­гі ре­сми блог­та­ры;
ЖАО-ның ин­тер­нет-ре­сур­сы ар­қы­лы жұ­мыс іс­тей­тін қа­уырт же­лі – ті­ке­лей бай­ла­ныс ар­на­ла­ры бо­ла ала­ды
Ті­ке­лей бай­ла­ныс ар­на­сы:
әр­түр­лі ЖОА-нан бір­не­ше уәкі­лет­ті адам­ның мә­се­ле­ні ше­шу­ге қа­ты­су үшін пай­да­ла­ны­ла­ды.
Со­ны­мен қа­тар ин­ве­сти­ци­я­лау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша он­лайн ре­жим­де кон­суль­та­ция бе­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру мүм­кін­ді­гін қа­ра­у­ға бо­ла­ды

Қолданыстағы