Аудан әкімияты жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесін құру туралы Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімияты жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 "Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесті құру туралы" қаулысын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес, ауданда діни бірлестіктермен жұмысты нақтылау, олармен байланыстарды күшейту мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Діни бірлестіктердің жұмыстарын реттеу мен бақылау мақсатында аудан әкімияты жанынан діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес құрылсын және Кеңестің құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімияты жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңесінің Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Аудан әкімінің 2001 жылғы 2 наурыздағы "Аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі құрамы мен Ережені бекіту туралы" № 39 шешімі жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Ғ. Шәуеновке жүктелсін.
Басқа 5. Аудан әкімияты жанынан діни бірлестіктермен
байланыстар жөніндегі Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
Аудандық әкімияттың
2003 жылғы 24 қарашадағы
№ 174 қаулысына № 1 қосымша
Аудан әкімияты жанынан діни бірлестіктермен
байланыстар жөніндегі Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 6. І. Жалпы ережелері
І. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімияты жанындағы нұсқамалық-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен, діни мен аймақтағы қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
Тарау 11. ІІ. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары
ІІ. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары
Тармақ 1
1. Кеңестің мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының дін ұстану бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат, қоғамдағы діни келісімді нығайту және конфессиялық қатынастар үндестігі мәселелер жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің негізгі міндеттері төмендегідей:
аймақта діни жағдайды және оның даму тенденцияларын жан-жақты жинақтап қорыту және талдау;
ішкі саясат саласында қоғамдық басымдық мәселесін, азаматтар құқығын қамтамасыз ету еркіндігін жүзеге асыру;
діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік пен төзімділікті нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес нұсқамалық-көмек көрсету болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынандай функцияларды жүзеге асырады:
ішкі саясат саласында негізгі құрылымдарға қатынасу, дінге сену еркіндігінде азаматтар құқығын қамтамасыз ету және дінге сену бірлестіктерімен бірлесе атқарады;
ақпараттық насихаттық іс-шараларды жүзеге асырады.
Тарау 15. ІІІ. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның жұмыс тәртібі
ІІІ. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның жұмыс тәртібі
Тармақ 1
1. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары басқарады. Кеңестің мәжілістері үш айда кемінде бір мәрте өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі Кеңес төрағасының жеке бастамасы бойынша немесе кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.
Тармақ 2
2. Кеңес мәжілісі, егер оның жұмысында Кеңес мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептелінеді. Кеңестің шешімдері мәжіліске қатысқан Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тепе-теңдігі кезінде Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңнамаларда белгіленген тәртіппен мыналарға:
мемлекеттік органдардан, діни ұйымдар мен жеке тұлғалардан Кеңес құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұратуға;
Кеңес құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ресми түсініктемелер беруге;
Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 19. ІV. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету
ІV. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Кеңестің дербес құрамын аудандық мәслихат бекітеді.
Тармақ 2
2. Төрағасы болмағанда оның міндетін төрағаның орынбасары атқарады. Кеңес аудан аумағындағы жетекші конфессиялар, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері қатарынан жасақталады. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Кеңестің ұйымдастыру-бақылау қызметін қамтамасыз етуге Кеңестің барлық мүшесі қатыстырылады.
Тармақ 4
4. Кеңес хатшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, әдістемелік және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Кеңес мәжілісінде қабылданатын және оның төрағасы бекітетін жұмыс жоспары жөніндегі ұсыныстарды Кеңес қарауына енгізеді;
Кеңес мәжілістерінің күн тәртібін құрайды;
Кеңестің қызметі туралы есеп дайындайды;
Тарау v. V. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі
V. Кеңестің қызметін тоқтату тәртібі
Тармақ 1
1. Кеңес өз қызметін Заңнамалар негізінде тоқтатады.