Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств

Бұйрық · № 9 · қабылданған 20.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178172/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств Қолданыста Бұйрық ·№ 9 ·20.01.2023
20.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств

Қолданыста Бұйрық ·№ 9 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств
Атауы (қаз.)
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
20.01.2023
Көрсетілген редакция
20.01.2023 178172_622518.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031740
ЭКБ идентификаторы
178172
Редакция идентификаторы
178172_622518
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:35

0 Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалар

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 9
бұйрығымен бекітілген
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалар

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мәдени іс-шара – мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара;

2 2) мәдениет саласындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдар, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi iс-шаралар;

3 3) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2 2-тарау. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау тәртібі

3

3. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына, «Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

4 4. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары ағымдағы күнтізбелік жылда тиісті жоспарлы кезеңге айқындалады.

5 5. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың тақырыптық бағыттары мынадай өлшемшарттардың бірі бойынша айқындалады:

1 1) өскелең ұрпақты эстетикалық және адамгершілік тәрбиелеуге, халықтың мәдени және рухани деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар;

2 2) Қазақстан халықтарының мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін дамытуға бағытталған іс-шаралар;

3 3) мемлекеттік-саяси іс-шараларды мерекелеу;

4 4) елімізде және шетелде республика өнері мен әлемдік мәдениеттің үздік шығармашылық жетістіктерін насихаттауға бағытталған іс-шаралар;

5 5) республикалық деңгейде атап өтілетін, жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалардың мерейтойлық және атаулы күндерi;

6 6) рухани мәдениеттi дамытуға, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi қайраткерлердiң, ғылым мен өнердiң көрнектi қайраткерлерiнiң мерейтойлары.

6 6. Қазақстан Республикасында және шет елдерде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары мынадай өлшемшарттардың бірі бойынша айқындалады:

1 1) тұлғаның үйлесімді дамуына бағытталған мәдени және рухани құндылықтарды құруға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға, патриотизмге тәрбиелеуге және әрбір адамның эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға байланысты іс-шаралар;

2 2) мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара.

7 7. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары уәкілетті органмен әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралардың күнтізбелік жоспарында қалыптастырылады.

Қолданыстағы