Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств

Бұйрық · № 9 · қабылданған 20.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178172/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств Қолданыста 20.01.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств

Қолданыста Бұйрық № 9 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил по определению тематических направлений социально значимых мероприятий в области культуры и культурных мероприятий в Республике Казахстан и за рубежом, финансируемых за счет бюджетных средств
Атауы (қаз.)
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
20.01.2023
Көрсетілген редакция
20.01.2023 178172_622518.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031740
ЭКБ идентификаторы
178172
Редакция идентификаторы
178172_622518
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:35
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақпен көзделген іс-шара орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалар

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 9
бұйрығымен бекітілген
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мәдени іс-шара – мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара;

2) мәдениет саласындағы әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар – халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдар, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi iс-шаралар;

3) мәдениет саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау тәртібі

3. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына, «Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

4. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары ағымдағы күнтізбелік жылда тиісті жоспарлы кезеңге айқындалады.

5. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың тақырыптық бағыттары мынадай өлшемшарттардың бірі бойынша айқындалады:

1) өскелең ұрпақты эстетикалық және адамгершілік тәрбиелеуге, халықтың мәдени және рухани деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар;

2) Қазақстан халықтарының мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін дамытуға бағытталған іс-шаралар;

3) мемлекеттік-саяси іс-шараларды мерекелеу;

4) елімізде және шетелде республика өнері мен әлемдік мәдениеттің үздік шығармашылық жетістіктерін насихаттауға бағытталған іс-шаралар;

5) республикалық деңгейде атап өтілетін, жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалардың мерейтойлық және атаулы күндерi;

6) рухани мәдениеттi дамытуға, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi қайраткерлердiң, ғылым мен өнердiң көрнектi қайраткерлерiнiң мерейтойлары.

6. Қазақстан Республикасында және шет елдерде бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары мынадай өлшемшарттардың бірі бойынша айқындалады:

1) тұлғаның үйлесімді дамуына бағытталған мәдени және рухани құндылықтарды құруға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға, патриотизмге тәрбиелеуге және әрбір адамның эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға байланысты іс-шаралар;

2) мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, сақтауға, қорғауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға байланысты, жеке адамның жарасымды дамуына, әрбір адамның патриотизмін тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шара.

7. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттары уәкілетті органмен әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралардың күнтізбелік жоспарында қалыптастырылады.