О внесении изменений в некоторые решения Акмолинского областного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения Акмолинского областного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7С-25-6
- Қабылданған күні
- 16.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.01.2023 178184_615538.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23B007256M
- ЭКБ идентификаторы
- 178184
- Редакция идентификаторы
- 178184_615538
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:40
0 Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. «Ақмола облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-7 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ақмола облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы №162 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28125 болып тіркелген) жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақмола облысы аумағында жануарларды (иттер мен мысықтарды) аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың тәртібін белгілейді.»;
2-тармақтың 11) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде мәтіні өзгеріссіз.
2 2. «Ақмола облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-8 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ақмола облысында үй жануарларын асырау және серуендету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №168 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28138 болып тіркелген) үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Ақмола облысының аумағында үй жануарларын ұстау және серуендету тәртібін белгілейді.».