Құжат мәтініне өту

О переименовании акционерного общества «Информационно-аналитический центр нефти и газа»

Қаулы · № 36 · қабылданған 25.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178274/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О переименовании акционерного общества «Информационно-аналитический центр нефти и газа» Қолданыста Қаулы ·№ 36 ·25.01.2023
25.01.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О переименовании акционерного общества «Информационно-аналитический центр нефти и газа»

Қолданыста Қаулы ·№ 36 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании акционерного общества «Информационно-аналитический центр нефти и газа»
Атауы (қаз.)
«Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
36
Қабылданған күні
25.01.2023
Көрсетілген редакция
25.01.2023 178274_619975.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2300000036
ЭКБ идентификаторы
178274
Редакция идентификаторы
178274_619975
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:33

0 «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының атауы «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамы болып өзгертілсін.

2 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қ.» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-82-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-82. АЛА-003812 «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«17. АЛА-003812 «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ».

3 3. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» акционерлік қоғамы».
________________________________

Қолданыстағы