Құжат мәтініне өту

Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Аягозскому району

Өзге акт · № 21/429-VII · қабылданған 16.01.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178335/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Аягозскому району Күшін жойған Өзге акт ·№ 21/429-VII ·16.01.2023
20.09.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Аягозскому району

Күшін жойған Өзге акт ·№ 21/429-VII · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Аягозскому району
Атауы (қаз.)
Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21/429-VII
Қабылданған күні
16.01.2023
Көрсетілген редакция
20.09.2024 178335_740504.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23FE000010
ЭКБ идентификаторы
178335
Редакция идентификаторы
178335_740504
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:41

0 Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №24382 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 бұйрығына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің 2 -қосымшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Аягөз аудандық мәслихатының
2023 жылғы 16 қаңтардағы
№ 21/429-VII шешіміне
1 қосымша
Аягөз ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы
Есептік бірлік
Теңге
(қосылған құн салықсыз)
Жайлы үйлер
айына 1 тұрғыннан
420,04
Жайлы емес үйлер
айына1 тұрғыннан
469,00
Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
1 м3
3092,30

5 Аягөз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

Аягөз аудандық мәслихатының
2023 жылғы 16 қаңтардағы
№ 21/429-VII
Аягөз аудандық мәслихатының
шешіміне 2 қосымша
Аягөз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

1

1. Аягөз аудандық мәслихатының «Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы және Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2018 жылғы 9 ақпандағы №19/138-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5490 болып тіркелген) шешімі;

2

2. Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы №19/138-VІ «Аягөз ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 27 маусымдағы №39/262-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6072 болып тіркелген) шешімі;

3

3. Аягөз аудандық мәслихатының «Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы және Ақтоғай кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2018 жылғы 9 ақпандағы №19/138-VI шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы» 2020 жылғы 14 сәуірдегі №46/367-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6951 болып тіркелген) шешімі.

Қолданыстағы