Об утверждении Правил передачи имущества между правоохранительными и специальными государственными органами, Вооруженными Силами Республики Казахстан, другими войсками и воинскими формированиями во время введения чрезвычайного или военного положения на всей территории Республики Казахстан и в отдельных ее местностях
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил передачи имущества между правоохранительными и специальными государственными органами, Вооруженными Силами Республики Казахстан, другими войсками и воинскими формированиями во время введения чрезвычайного или военного положения на всей территории Республики Казахстан и в отдельных ее местностях
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 48
- Қабылданған күні
- 26.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2023 178336_618553.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000048
- ЭКБ идентификаторы
- 178336
- Редакция идентификаторы
- 178336_618553
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:32
0
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидаларын бекіту туралы
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру тәртібін айқындайды.
2
2. Осы Қағидаларда мүлік – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік мекемелерінің жедел басқару құқығындағы қару-жарақ, әскери техника, арнайы құралдар және басқа да мүлік ұғымы пайдаланылады.
2 2-тарау. Мүлікті беру тәртібі
3
3. Төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде негіз болған жағдайды жою жөніндегі мәселелерді жедел шешу және іс-шараларды жүргізу мақсатында құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті беру төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезеңде жүзеге асырылады.
4
4. Құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында төтенше жағдайды оқшаулау және жою кезінде мүлікті беру Мемлекеттік комиссияның немесе төтенше жағдай енгізілген жергілікті жер комендантының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
5 5. Төтенше жағдай кезінде мүлікті беру үшін:
1 1) Мемлекеттік комиссия төрағасының немесе жергілікті жер комендантының атына мүліктің атауы мен санын көрсетіп, оған қажеттілік туралы мемлекеттік органның (мекеменің) өтінімі (еркін нысанда жасалады);
2 2) қабылдауды-беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (ұйымдарды) көрсетіп, мүлікті дереу беру туралы Мемлекеттік комиссияның немесе жергілікті жер комендантының шешімі негіз болып табылады.
6 6. Соғыс жағдайы енгізілген кезде мүлікті беру үшін:
1 1) Қорғаныс кеңесі төрағасының атына мүліктің атауы мен санын көрсетіп, оған қажеттілік туралы мемлекеттік органның (мекеменің) өтінімі (еркін нысанда жасалады);
2 2) қабылдауды-беруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды (ұйымдарды) көрсетіп, мүлікті дереу беру туралы Қорғаныс кеңесінің шешімі негіз болып табылады.
7
7. Мемлекеттік органның (мекеменің) өтінімі және Мемлекеттік комиссияның немесе жергілікті жер комендантының, Қорғаныс кеңесінің шешімі негізінде мүлікті беру кіріс-шығыс құжаттарын (хабарлама, растау, жүкқұжат) қоса беріп, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті қабылдау-беру (орнын ауыстыру) актісімен (бұдан әрі – қабылдау-беру актісі) ресімделеді.
8 8. Қабылдау-беру актісі екі данада жасалады, оған беруші және қабылдаушы тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары (өкілдері) мен материалдық жауапты тұлғалары қол қояды.
9 9. Қабылдау-беру актісі ресімделгеннен кейін Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес кейіннен ресімдеу үшін мемлекеттік органның (мекеменің, ұйымның) бухгалтериясына беріледі.
_____________________________
1 ____________________________________________ Мемлекеттік органның (мекеменің) атауы
Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында және оның жекелеген
жергілікті жерлерінде төтенше
жағдай немесе соғыс жағдайы
енгізілген кезде құқық қорғау
органдары және арнаулы
мемлекеттік органдар,
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштері, басқа да
әскерлер мен әскери құралымдар
арасында мүлікті беру
қағидаларына қосымша
Нысан
____________________________________________
Мемлекеттік органның (мекеменің) атауы
Бекітемін:
Беруші тараптың мемлекеттік
органының (мекемесінің)
басшысы ____________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________ жылғы «____» _______
Мөр орны
Бекітемін:
Қабылдаушы тараптың мемлекеттік
органының (мекемесінің) басшысы
____________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________ жылғы «____» _________
Мөр орны
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар арасында мүлікті қабылдау-беру (орнын ауыстыру) актісі
Р/с
№
Мүлік атауы
Өлшем бірлігі
Саны
Зауыттық нөмірі
Санаты
Баланстық құны
Техникалық жай-күйі жарамды/ақаулы
Шығарылған жылы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Беруші тараптың өкілі: ___________________________________________________
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________________________
Қабылдаушы тараптың өкілі: ______________________________________________
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________________
Мемлекеттік комиссияның немесе жергілікті жер комендантының,
Қорғаныс кеңесінің ________ жылғы «____» ________ № ______ шешімі негізінде
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
қабылданатын (берілетін) мүлік атауы
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
_______________________________________________________қарап-тексеру жүргізілді.
Мүлікті берген: __________________________________________________________
лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________ жылғы «____» ______________________________________________________
Мүлікті қабылдаған: _____________________________________________________
лауазымы, қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________ жылғы «____» ______________________________________________________
Беруші тараптың бухгалтерлік қызметінің белгісі ______________________________
Беруші тараптың бас бухгалтері ____________________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қабылдаушы тараптың бухгалтерлік қызметінің белгісі ________________________
Қабылдаушы тараптың бас бухгалтері ______________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________