Құжат мәтініне өту

О введении запрета на вывоз лука репчатого с территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 39 · қабылданған 28.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178359/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О введении запрета на вывоз лука репчатого с территории Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 39 ·28.01.2023
29.04.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении запрета на вывоз лука репчатого с территории Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 39 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении запрета на вывоз лука репчатого с территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағынан басты пиязды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
39
Қабылданған күні
28.01.2023
Көрсетілген редакция
29.04.2023 178359_627191.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031799
ЭКБ идентификаторы
178359
Редакция идентификаторы
178359_627191
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:31

0 Қазақстан Республикасының аумағынан басты пиязды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасының аумағынан басты пиязды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияға осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөніндегі шаралардың қолданылғаны туралы хабарласын.

3

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

4 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы