Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности по Ордабасынскому району
Қолданыста
Қаулы
·№ 22
·
17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности по Ордабасынскому району
- Атауы (қаз.)
- Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 26.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2023 178368_616867.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23UH130623
- ЭКБ идентификаторы
- 178368
- Редакция идентификаторы
- 178368_616867
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:32
0 Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ордабасы ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ордабасы аудандық
мәслихаты
4 Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Ордабасы ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 22 қаулысына қосымша
Ордабасы ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1 1) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2 2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3 3) ассистент;
4 4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
5 5) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік
қызметкер;