Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил расчета и выплаты временной балансирующей платы

Бұйрық · № 11 · қабылданған 26.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178394/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил расчета и выплаты временной балансирующей платы Қолданыста Бұйрық ·№ 11 ·26.01.2023
26.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил расчета и выплаты временной балансирующей платы

Қолданыста Бұйрық ·№ 11 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил расчета и выплаты временной балансирующей платы
Атауы (қаз.)
Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11
Қабылданған күні
26.01.2023
Көрсетілген редакция
26.05.2023 178394_635347.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031793
ЭКБ идентификаторы
178394
Редакция идентификаторы
178394_635347
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:32

0 Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

0 Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 26 қаңтардағы
№ 11 Бұйрықпен
бекітілген
Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 124-6-бабының 10-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мыналарға:

1 1) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына (бұдан әрі – Оператор);

2 2) Ұлттық инфрақұрылым операторына бағытталатын Ұлттық жүк тасымалдаушының уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу және төлеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

1 1) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің босату бағасы (бұдан әрі – босату бағасы) – қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қолданатын баға;

2 2) уақытша теңгерімдеу төлемақысы (BF) – Ұлттық жүк тасымалдаушының жолаушылар тасымалдарын қолдауға бағытталған шығыстары;

3 3) уақытша теңгерімдеу төлемақысы (BF1) – жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына бағытталатын уақытша теңгерімдеу төлемақысы;

4 4) уақытша теңгерімдеу төлемақысы (BF2) – Ұлттық инфрақұрылым операторына бағытталатын уақытша теңгерімдеу төлемақысы;

5 5) уәкілетті органның ведомствосы – қоғамдық маңызы бар нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.

2 2-тарау. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын есептеу тәртібі

3 3. Уақытша теңгерімдеу төлемақысының (BF) сомасын айқындауға арналған материалдар мен есептеулерді Оператор уәкілетті органның ведомствосына жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш көрсетілетін қызметтеріне шекті бағаны келісуге арналған ақпаратпен бір уақытта ұсынады.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

5

5. Уақытша теңгерімдеу төлемақысының (BF2) сомасы магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген тарифтік сметада көзделген кірістер шегінде, соңғы 5 жылдағы Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістерінің орташа нақты сомасын есептеумен айқындалады.

6 6. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын қалыптастыру кезінде локомотивтік тартқыштың реттеліп көрсетілетін қызметімен байланысты, мыналарды:

тауарларды өндіруге және қызметтерді ұсынуға арналған шығыстар;
жалпы және әкімшілік шығыстар;
сыйақы төлеуге арналған шығыстар;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) (бұдан әрі – Баға белгілеу қағидалары) сәйкес белгіленген тәртіппен келісілген инвестициялық бағдарламаны іске асыруға арналған;
негізгі борышты өтеуге арналған шығыстарды қамтитын шығыстар ескеріледі.

7 7. Оператор шығыстарының сомасын қалыптастыру кезінде Баға белгілеу қағидаларына сәйкес шығыстар сметасына сәйкес Оператордың шығындары қабылданады.

3 3-тарау. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын төлеу тәртібі

8 8. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын (BF) төлеудің көзі Ұлттық жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік қатынаста теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау бойынша қызметтен алатын кірісі болып табылады.

9 9. Уақытша теңгерімдеу төлемақысының (BF) төлеуге жоспарланған сомасын Ұлттық жүк тасымалдаушы бір жыл ішінде тең көлемде айларға бөледі.

10 10. Уақытша теңгерімдеу төлемақысын (BF) Операторға және Ұлттық инфрақұрылым операторына төлеуді Ұлттық жүк тасымалдаушы ай сайын 10-ы күніне дейінгі мерзімде жүргізеді.

Қолданыстағы