Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к специализированным лабораториям

Бұйрық · № 38 · қабылданған 27.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178410/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к специализированным лабораториям Қолданыста Бұйрық ·№ 38 ·27.01.2023
27.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к специализированным лабораториям

Қолданыста Бұйрық ·№ 38 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к специализированным лабораториям
Атауы (қаз.)
Мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
38
Қабылданған күні
27.01.2023
Көрсетілген редакция
27.01.2023 178410_630042.kaz
Соңғы өзгеріс
27.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031802
ЭКБ идентификаторы
178410
Редакция идентификаторы
178410_630042
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:32

0 Мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1.  Қоса беріліп отырған мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі

0 Мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 38 бұйрығымен
бекітілген
Мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Осы мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – біліктілік талаптары) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мамандандырылған зертханаларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.

2 2. Осы біліктілік талаптарында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) мамандандырылған зертхана – аккредиттелген заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ заңды тұлғаның молекулярлық генетикалық сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген құрылымдық бөлімшесі;

2 2) молекулалық генетикалық сараптама – жануардың шығу тегінің дұрыстығын бағалау және (немесе) генетикалық ауытқуларды анықтау мақсатында жүзеге асырылатын оның биологиялық материалын зерттеу;

3 3. Мамандандырылған зертханаларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1

1) «Cәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және МЕМСТ ISO/IEC 17025 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» мемлекетаралық стандартына сәйкес молекулалық генетикалық сараптама жүргізуге мамандандырылған зертхананың құзыреттілігін куәландыратын аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестатының болуы;

2

2) басшылар мен мамандардың мынадай білікті құрамының болуы: «Биология», «Биотехнология», «Ветеринария», «Денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, мамандығы бойынша кемінде 3 (үш) жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар басшы және «Биология», «Биотехнология», «Ветеринария» және «Денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар мамандар (кемінде 3 (үш) адам).

Қолданыстағы