О признании утратившими силу структурного элемента постановления и некоторых постановлений акимата города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу структурного элемента постановления и некоторых постановлений акимата города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің қаулысының құрылымдық элементінің және кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1/46
- Қабылданған күні
- 30.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2023 178443_617208.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23R0001714
- ЭКБ идентификаторы
- 178443
- Редакция идентификаторы
- 178443_617208
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:31
0 Алматы қаласы әкімдігінің қаулысының құрылымдық элементінің
және кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігі қаулысының құрылымдық элементінің және кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулысының құрылымдық элементінің және кейбір қаулыларының тізбесі
Алматы қаласы
әкімдігінің 2023 жылғы
30 қаңтардағы № 1/46 қаулысына
қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулысының құрылымдық элементінің және кейбір қаулыларының тізбесі
1 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2014 жылғы 14 шілдедегі № 3/589 қаулысының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1071 болып тіркелген).
2 2. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 1/109 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1144 болып тіркелген).
3 3. «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1/119 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1139 болып тіркелген).
4 4. «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1/120 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1143 болып тіркелген).
5 5. «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 1/125 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1138 болып тіркелген).
6 6. «Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 1/127 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1142 болып тіркелген).
7 7. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 1/128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1141 болып тіркелген).
8 8. «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 1/129 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1140 болып тіркелген).
9
9. «Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» 2014 жылғы 14 шілдедегі № 3/589 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 2/264 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1160 болып тіркелген).