Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Бұйрық · № 64 · қабылданған 31.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178464/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 64 ·31.01.2023
31.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 64 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
64
Қабылданған күні
31.01.2023
Көрсетілген редакция
31.01.2023 178464_624301.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031826
ЭКБ идентификаторы
178464
Редакция идентификаторы
178464_624301
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:31

0 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

0 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 64 Бұйрықпен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 88 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6828 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау курстарын ұйымдастыру қағидаларында:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауiптi жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастар алдында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органға белгіленген нысанда хабарлама жіберуге міндетті.».

2

2. «Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларында:
12-тармақ алып тасталсын;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мына жағдайлардың барлығында:
1) iрi габаритті автокөлік құралының ені 3,5 метрден асатын болса;
2) iрi габаритті автокөлік құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;
3) iрi габаритті автокөлiк құралының биіктігі 4,5 метрден асатын болса;
4) автокөлік құралының жалпы салмағын «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген) сәйкес белгіленген рұқсат етілген жалпы салмағынан асатын болса.
5) Арнайы рұқсаттың «Қозғалыстың ерекше шарттары» бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бiр жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен қозғалуы рұқсат етіледi деп көрсетiлген жағдайда немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда, арнайы рұқсаты бар ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі кезінде барлық жағдайларда бүркемелеу автомобилінің болуы міндетті.
17. Елді мекендерде:
1) iрi габаритті автокөлiк құралының енi 5,0 метрден асатын;
2) iрi габаритті автокөлiк құралының ұзындығы 40,0 метрден асатын;
3) қозғалыс кезiнде iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс жолағын ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болған жағдайларда ғана арнайы рұқсаты бар Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ауыр салмақты және (немесе) ірі көлемді автокөлік құралының жүріп өтуі кезінде ілесіп жүру автомобилінің болуы міндетті.
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының сол жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-20 метр қашықтықта қозғалады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) жазылған.»;
35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметке көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
36. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш келіп түскен кезде оны тіркеу және онда қамтылған мәліметтерді ұсынылған ақпараттың толықтығы, қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралының жүргізушісін даярлау туралы куәлік тұрғысынан тексеру жүргізіледі.
Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мынадай нәтижелердің бірі жіберіледі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы рұқсат;
2) құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту;
3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
4) бұдан бұрын берілген арнайы рұқсат бойынша көлік құралын ауыстыру;
5) арнайы рұқсаттың қолдану мерзімін ұзарту.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер «Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптары тізбесінің 9-тармағында көзделген.»;
41-тармақ алып тасталсын;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен және өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.»;
4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3

3. «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №353 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген).
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Отандық рұқсаттарды шетелдік тасымалдаушыларға олардың мемлекеттерінің құзыретті органдары тиісті жылға айырбасталған рұқсаттардың ішінен береді.
Отандық рұқсаттардың қолданылу мерзімін, егер халықаралық шарттарда өзгеше ескертілмесе, осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайды.
Шетелдік рұқсаттарды қайтару тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 25-тармағына сәйкес айқындалған.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген, тасымалдаушы орындайтын халықаралық автомобиль жүк тасымалдары рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады:
1) аумағында тасымалдаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;
2) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен;
3) Еуразиялық экономикалық одағына басқа мүше мемлекеттер арасында.
Шетел мемлекетінің тасымалдаушылары Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүктерді тасымалдауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел тасымалдаушысы тіркелген елдің құзыретті органдары берген рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.»;

4

4. «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларында:
10-тармақ алып тасталсын;
17-тармақ алып тасталсын;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер көзделген осы Қағидаларға 6-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі).»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен және өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. «Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамалары, нысандары, мазмұны мен нәтижесі, сондай-ақ «көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсетілетілуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшада мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі).»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасы болған және ол жарамды болған жағдайда, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді тексереді және көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті ресімдейді, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, немесе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберілетін негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Өтініш демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда «Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет келесі жұмыс күнінде көрсетіледі.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация).»;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні бекіткен және өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.»;
6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

1 «Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасының
аумағында ірі габаритті және ауыр
салмақты жүктерді тасымалдауды
ұйымдастыру және оны жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша
«Ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы «Ауыр сал­мақ­ты және (неме­се) ірі га­ба­рит­ті ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жү­ріп өту­іне ар­найы рұқ­сат бе­ру».
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы:
1) Ар­найы рұқ­сат бе­ру;
2) Бұ­рын бе­рі­л­ген ар­найы рұқ­сат бой­ын­ша кө­лік құ­ра­лын ауы­сты­ру;
3) Ар­найы рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мін ұзар­ту.
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі Көлiк ко­ми­тетiнiң аумақ­тық ор­ган­да­ры және Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың ке­ден­дік ше­ка­ра­сы­мен тұспа-тұс ке­ле­тін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы ар­қы­лы ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын өт­кі­зу пункт­те­рін­де, сон­дай-ақ та­у­ар­лар­ды Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың ке­ден­дік ше­ка­ра­сы ар­қы­лы өт­кі­зу­дің өзге де орын­да­рын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру тә­сіл­де­рі
Бар­лық кі­ші түр­ле­рі «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
1) Ар­найы рұқ­сат бе­ру – құ­жат­тар­ды қа­рас­ты­ру нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны бе­ру:
та­сы­мал­дау марш­ру­тын ке­лі­су қа­жет болған жағ­дай­да - 2 (екі) жұ­мыс кү­ні та­сы­мал­дау марш­ру­тын ке­лі­су қа­жет бол­ма­ған жағ­дай­да - 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
ав­то­көлiк құ­ра­лы та­би­ғи неме­се тех­но­ген­дiк си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар­ды жою үшiн жұ­мысқа тар­ты­л­ған жағ­дай­да - 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы ар­қы­лы ауыр сал­мақ­ты және (неме­се) iрi кө­лем­ді көлiк құ­рал­да­ры­ның жүрiп өту­іне ар­найы рұқ­сат (бұ­дан әрі - ар­найы рұқ­сат) (бес жұ­мыс кү­ні ішін­де алым­ды тө­ле­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге ке­ліп түс­кен сәт­тен ба­стап) не бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап - 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;.
2) Бұ­рын бе­рі­л­ген ар­найы рұқ­сат бой­ын­ша кө­лік құ­ра­лын ауы­сты­ру- 1 (бір) жұ­мыс кү­ні;
3) Ар­найы рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мін ұзар­ту -
1 (бір) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Бар­лық кі­ші түр­ле­рі элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Бар­лық кі­ші түр­ле­рі ар­найы рұқ­сат неме­се бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­дi жа­у­ап.
Пай­да­ла­ну­шы­ның ка­би­не­тіне мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін алу кү­ні мен ме­кен­жайы көр­се­ті­ле оты­рып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­рау са­лу­ды қа­был­дау ту­ра­лы мәр­те­бе көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі­нің түп­нұс­қа­лы­ғын пор­тал­да тек­се­ру­ге бо­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі пай­да­ла­ну­шы ка­би­не­тіне көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­м­ен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жі­бе­рі­ле­ді.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­ден өн­ді­рі­ле­тін тө­лем мөл­ше­рі және оны өн­ді­ру­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­ла­ры­мен көз­дел­ген тә­сіл­де­рі
1) Ар­найы рұқ­сат бе­ру:
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
Ірi кө­лем­ді және (неме­се) ауыр сал­мақ­ты отан­дық және ше­тел­дiк ав­то­көлiк құ­рал­да­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы ар­қы­лы жүрiп өтуі үшін алым (бұ­дан әрі - алым) «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­сі­нің (Са­лық ко­дек­сі) 554-ба­бы 3-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке тө­ле­не­ді.
2) Бұ­рын бе­рі­л­ген ар­найы рұқ­сат бой­ын­ша кө­лік құ­ра­лын ауы­сты­ру - те­гін түр­де.
3) Ар­найы рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мін ұзар­ту - те­гін түр­де.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Өті­ніш де­ма­лыс (сен­бі және жек­сен­бі) және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа са­ғат 16.00-ден кей­ін ке­ліп түс­кен жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де көр­се­ті­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кел­ген же­рі бой­ын­ша, же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бін­де көр­се­ті­ле­ді;
2) пор­тал - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі мен мә­лі­мет­те­рі
Пор­тал­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­луы.
Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат, же­ке кә­сіп­кер­ді және заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы құ­жат­тар, жы­л­жы­ма­лы мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тар, ірi кө­лем­ді және (неме­се) ауыр сал­мақ­ты отан­дық және ше­тел­дiк ав­то­көлiк құ­рал­да­ры­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы ар­қы­лы жүрiп өтуі үшін алым со­ма­сын бюд­жет­ке тө­ле­ге­нін рас­тай­тын құ­жат (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­да) мә­лі­мет­те­рін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның за­ңы­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның № 342 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11009 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ав­то­мо­биль жол­да­ры­мен жү­ру­ге ар­нал­ған ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жол бе­рі­ле­тін па­ра­метр­ле­рі­мен бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) ке­лі­су­ші ұй­ым­дар­дың мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­а­бы;
4) егер ав­то­көлiк құ­ра­лы­ның жа­са­у­шы за­уыт бел­гі­ле­ген тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры та­сы­мал­да­у­ға мәлiм­дел­ген iрi га­ба­рит­ті және (неме­се) ауыр сал­мақ­ты жүк­тi та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асы­ру­ға мүм­кiн­дiк бер­ме­се;
5) та­сы­мал­да­у­шы­ға ха­бар бер­ген кү­ні­нен ба­стап бес жұ­мыс кү­ні ішін­де ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жү­ріп өт­ке­ні үшін алым со­ма­сы тө­ле­мі­нің бол­мауы;
6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар
1) Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры ин­тер­нет-ре­сур­стар­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған: Ми­ни­стр­лік­тің - www.​miіd.​gov.​kz «Кө­лік ко­ми­те­ті» бө­лі­мі­нің «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лім­де;
2) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тәр­ті­бі және мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: 1414, 8 800 080 7777.
3) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ЭЦҚ-сы болған шар­ттар­ды пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды

2 «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Бұйрыққа 2-қосымша
Автомобиль көлігімен
қауіпті жүктерді
тасымалдау қағидаларына
6-қосымша
«1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы «1, 6 және 7-сы­нып­та­ғы қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ар­найы рұқ­сат бе­ру»
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі Кө­лік ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
Пор­тал.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Екі жұ­мыс күн.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
1, 6 және 7-сы­нып­та­ғы қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ар­найы рұқ­сат неме­се осы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» көр­се­ті­ле­тін бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы (бұ­дан әрі - ЭЦҚ) қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды және сақ­та­ла­ды
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны: элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі, жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­ші ке­зін­де, өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­ле­рін бе­ру кей­ін­гі жұ­мыс күн­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Ми­ни­стр­лік­тің көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да - www.mі­іd.gov.​kz, Кө­лік ко­ми­те­ті бө­лі­мі, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» де­ген кі­ші бө­лі­мін­де ор­на­лас­қан.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі мен мә­лі­мет­те­рі
Осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ЭЦҚ ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
Қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­дай­тын кө­лік құ­ра­лы жүр­гі­зу­ші­нің дай­ынды­ғы ту­ра­лы ку­ә­лік;
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның за­ңы­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және он­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777 ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

3 «Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Бұйрыққа 3-қосымша
Автомобиль көлігімен
қауіпті жүктерді
тасымалдау қағидаларына
8-қосымша
«Көлік құралына халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы «Кө­лік құ­ра­лы­на ха­лы­қа­ра­лық қа­ты­на­ста қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру»
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі Кө­лік ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі - көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш­тер­ді қа­был­дау пор­тал ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
Бір жұ­мыс күн.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Кө­лік құ­ра­лын ха­лы­қа­ра­лық қа­ты­на­ста қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға жі­бе­ру ту­ра­лы ку­ә­лік не бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда дай­ын құ­жат­тар­ды же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты (не но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі) не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат­ты ұсын­ған кез­де бе­ру.
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция құ­жат­тар­дың сақ­та­луын бір ай ішін­де қам­та­ма­сыз ете­ді, со­дан кей­ін олар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге одан әрі сақ­тау үшін бе­ре­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бір ай өт­кен соң жү­гін­ген кез­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның сұ­рау са­луы бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бір жұ­мыс кү­ні ішін­де дай­ын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бе­ру үшін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жі­бе­ре­ді.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция - өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің дай­ын нәти­же­ле­рін бе­ру Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
Ми­ни­стр­лік­тің көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.mі­іd.gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, Кө­лік ко­ми­те­ті бө­лі­мі, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» де­ген кі­ші бө­лі­мін­де;
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­лас­қан;
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі мен мә­лі­мет­те­рі
Осы Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­на 7-қо­сым­ша­ға сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын, же­ке кә­сіп­кер­ді неме­се заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы құ­жат­тар­дың мә­лі­мет­те­рін, кө­лік құ­ра­лын тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы, ме­ха­ни­ка­лық кө­лік құ­рал­да­рын және олар­дың тір­ке­ме­ле­рін мін­дет­ті тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­дің бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық жүй­е­сі­нен ди­а­гно­сти­ка­лық кар­та ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның за­ңын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен қа­уіп­ті жүк­тер­ді та­сы­мал­дау қа­ғи­да­ла­рын және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­мен та­сы­мал­да­у­ға жол бе­рі­ле­тін қа­уіп­ті жүк­тер­дің тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ве­сти­ци­я­лар және да­му ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2015 жы­л­ғы 17 сәу­ір­де­гі № 460 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11779 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған субъ­ек­ті­лер үшін қол­же­тім­ді.
Субъ­ект мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­тор­лан­ды­ру­дан өте­ді, бұ­дан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­мін­де одан әрі пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті құ­жат­ты қа­рай­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы 1414, 8-800-080-7777 ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

Қолданыстағы