Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба

Өзге акт · № 1 · қабылданған 01.02.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178469/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·01.02.2023
06.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба
Атауы (қаз.)
Жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
01.02.2023
Көрсетілген редакция
06.11.2023 178469_665401.kaz
Соңғы өзгеріс
06.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NB00001B
ЭКБ идентификаторы
178469
Редакция идентификаторы
178469_665401
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:30

0 Жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:

1 1. Қостанай облысы Рудный қаласының аумағында жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2 2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Рудный қаласы әкімінің орынбасары Д.В. Петрухно тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3 3. «Рудный қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы шешімнің Рудный қаласы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы