О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства индустрии и новых технологий Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 60
- Қабылданған күні
- 30.01.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2023 178478_618555.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031835
- ЭКБ идентификаторы
- 178478
- Редакция идентификаторы
- 178478_618555
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:31
0 Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2023 жылғы 30 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 404 бұйрығы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9241 болып тіркелген).
2. «Талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістерін қолдана отырып материалдар құрамы мен қасиеттерін талдау» кәсіби стандартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 436 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9162 болып тіркелген).
3. «Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 441 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9160 болып тіркелген).
4. «Аяқ киім өндірісі» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 455 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9390 болып тіркелген).
5. «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 456 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9399 болып тіркелген).
6. «Трикотаж, тоқыма, галантерея бұйымдарының технологиясы» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 457 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9395 болып тіркелген).
7. «Иіру және түту өндірісінің технологиясы» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 458 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып № 9388 тіркелген).
8. «Жеңіл өнеркәсіп ұйымдарының жабдықтары» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 459 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде болып № 9400 тіркелген).
9. «Электр техникасы өндірісінің жалпы кәсіптер» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 468 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9186 болып тіркелген).