Об уменьшении площади государственного природного комплексного заказника республиканского значения «Оңтүстік Алтай»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об уменьшении площади государственного природного комплексного заказника республиканского значения «Оңтүстік Алтай»
- Атауы (қаз.)
- «Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының ауданын азайту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 69
- Қабылданған күні
- 01.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2023 178481_618427.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000069
- ЭКБ идентификаторы
- 178481
- Редакция идентификаторы
- 178481_618427
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:30
0 «Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының ауданын азайту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік кешенді табиғи қаумалының ауданы Шығыс Қазақстан облысының шегінде 1354,6 гектарға азайтылсын.
2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 51-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
51
«Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы (кешенді)
195821,5
Күршім ауданы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
»;
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
Астана қаласы
38-1
Астана ботаникалық бағы
46,3
Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
».