Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений

Қаулы · № 107-174 · қабылданған 02.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178491/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений Қолданыста 02.02.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О признании утратившими силу некоторых постановлений

Қолданыста Қаулы № 107-174 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений
Атауы (қаз.)
Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107-174
Қабылданған күні
02.02.2023
Көрсетілген редакция
02.02.2023 178491_620377.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23ABW13320
ЭКБ идентификаторы
178491
Редакция идентификаторы
178491_620377
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:29
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 16 шілдедегі № 113-ө өкіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Келесі қаулылардың:

1) «Нұр-Сұлтан қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-595 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 908 болып тіркелген);

2) «Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 107-595 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 107-902 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1312 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.