Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы в области связи

Бұйрық · № 35/НҚ · қабылданған 31.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178535/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы в области связи Қолданыста Бұйрық ·№ 35/НҚ ·31.01.2023
31.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы в области связи

Қолданыста Бұйрық ·№ 35/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы в области связи
Атауы (қаз.)
Байланыс саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
35/НҚ
Қабылданған күні
31.01.2023
Көрсетілген редакция
31.01.2023 178535_618546.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031861
ЭКБ идентификаторы
178535
Редакция идентификаторы
178535_618546
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:30

0 Байланыс саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру

енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 35/НҚ Бұйрықпен
бекітілген
Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі

1

1. «Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10730 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 19-12) тармағына, 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының жобасын дайындайды және жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдарды пайдалану тәртібін айқындайды және жоғары жиілікті құрылғылардың (бұдан әрі – ЖЖҚ), сондай-ақ азаматтық мақсаттағы РЭҚ-тың электромагниттік үйлесімділігінің (бұдан әрі – ЭМҮ) есебін жүргізу тәртібін белгілейді.
Осы Қағидалардың талаптары байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) өндірістік қызметте РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.
Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентінің ережелері ескерілген (International Telecommunication Union, ITU, Женева 2012 жыл).
Осы Қағидаларға 51-тармақты қоспағанда, осы Қағидалардың қолданысы:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар тізбесінде айқындалған РЭҚ және ЖЖҚ-ға;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 70-ө өкімімен құрылған Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі – РВК) ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радиожиілікпен қамтамасыз етуіндегі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың РЭҚ-ға және ЖЖҚ-ға;
3) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарына таратылмайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) дифференциалды станция – белгілі кеңістіктік координаттары бар пунктте орналасқан радиоэлектрондық және техникалық құралдар кешені, олардың көмегімен ғаламдық навигациялық спутниктік жүйенің сигналдарын қабылдау және өңдеу, дифференциалды түзетулерді есептеу және тұтынушы дифференциалды әрекет ету радиусында болған кезде оның кеңістіктік координаттарын анықтау дәлдігін арттыру үшін оларды байланыс арналары бойынша түзетуші ақпарат құрамында тұтынушыға беру жүзеге асырылады;
2) жиілік белдеуін, радиожиіліктерді (радиожиілік арнасын) беру (тағайындау) – радиожиілік спектрін пайдаланушыға тиісті радиожиілік органы осы рұқсатта көрсетілген жиілік белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралды қолдана отырып пайдалануға беретін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;
3) жиіліктерді ортақ пайдалану – жиіліктерді екі және одан да көп пайдаланушылардың пайдалануы;
4) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы (бұдан әрі – ДЖСНЖ ұлттық операторы) – дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
5) жоғары жиілікті құрылғы – телекоммуникациялар саласында қолдануды қоспағанда, өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық немесе басқа да мақсаттарда электромагниттік энергияны генерациялауға және пайдалануға арналған жабдық және (немесе) аспаптар;
6) жылжымалы радиоэлектрондық құрал – географиялық координаттарға тұрақты байланысы жоқ радиоэлектрондық құрал;
7) ұялы байланыс – бұл орналасқан жері өзгеруі мүмкін абоненттер арасындағы радиобайланыс;
8) РЭҚ және (немесе) ЖЖҚ иесі – осы құралдар немесе құрылғылар меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалға алу, өтеусіз пайдалану) болатын жеке немесе заңды тұлға;
9) радиожиілік спектрі (бұдан әрі – РЖС) – 3 килогерцтен (бұдан әрі – кГц) 400 гигагерцке (бұдан әрі – ГГц) дейінгі диапазондағы радиожиіліктердің белгілі бір жиынтығы;
10) радиоэлектрондық құрал – қосалқы жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды беруге және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;
11) ұялы байланыс сигналын күшейткіш (репитер, белсенді ретранслятор) - антенналармен және радиожиілік кәбілдерімен жиынтықта жұмыс істейтін және ұялы байланыс сигналымен жабу аймағын жергілікті кеңейтуге арналған ұялы байланыс сигналын қайталайтын және күшейтетін радиоэлектрондық құрал;
12) радиорелелік желілер (бұдан әрі – РРЛ) – қабылдау-беру (ретрансляциялық) радиостанцияларының тізбегінен құрылған желі бойынша радиобайланыс, оның ішінде «нүкте-нүкте» топологиясы бар радиомостар;
13) стационарлық радиоэлектрондық құрал – тұрақты географиялық координаттары бар радиоэлектрондық құрал;
14) Ұлттық кесте – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10375 болып тіркелген) барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер диапазонындағы Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі;
15) электромагниттік үйлесімділік – техникалық құралдың берілген электромагниттік жағдайда берілген сапамен жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік бөгеуілдер жасамау қабілеті;
16) VSAT-станция – спутниктік желінің бір бөлігі ретінде жұмыс істейтін (жұлдыз топологиясымен, әрқайсысымен немесе нүкте-нүктемен), желіні басқару орталығының (бұдан әрі – ЖБО) функционалдық құралдарының көмегімен орталықтан басқарылатын және бақыланатын немесе ЖБЛ функцияларын орындайтын VSAT тағайындалған станция антеннаның кіші апертурасы бар спутниктік байланыстың жердегі станциясы;
17) радиожиілік спектрі саласындағы құжаттарды ресімдеудің оңайлатылған рәсімі – халықаралық үйлестіру рәсімі аяқталғанға дейін РЖС рұқсатты және ЭМҮ қорытындысын ресімдеу;
18) конкурс (аукцион) (бұдан әрі – сауда-саттық) – қатысушылар тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып электрондық форматта өткізілетін өздерінің ұсыныстарын жария түрде мәлімдейтін сауда-саттық нысаны, оның қорытындылары бойынша ұйымдастырушы жеңімпазға жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) беруге (радиожиілік спектрін (бұдан әрі – РЖС) пайдалану құқығын беруге) міндеттенеді;
19) РЖС лоты (бұдан әрі – объект) – РЖС жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – РЖВАК) ұсынымы бойынша әрбір лоттың жиілік белдеуі енінің белгілі бір диапазонын, жиілік номиналдарын, пайдалану аумағын, байланыс технологиясын/түрін, елді мекендерді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді көрсете отырып, уәкілетті орган бекітетін жиілік белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) және (немесе) бастапқы бағасы конкурс (аукцион) жеңімпазына пайдалану құқығы берілетін аумақтар;
20) бастапқы баға – осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес айқындалатын лот бағасы;
21) бастапқы баға – лот бойынша сауда-саттықтың екінші кезеңі басталатын баға;
22) ағымдағы баға – лот бойынша сауда-саттықтың екінші кезеңі барысында қалыптасатын баға;
23) аукцион залы – бағаны көтеру аукционы нысанында өткізілетін сауда-саттықтың екінші кезеңін өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
24) аукциондық нөмір – сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушыға берілетін нөмір;
25) бағаның арттырылуына байланысты аукцион – бастапқы баға алдын ала жарияланған қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;
26) жеңімпаз – лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған сауда-саттыққа қатысушы;
27) кепілдік жарна – бұл аукцион шеңберінде міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында енгізілетін лоттың бастапқы бағасына тең ақша сомасы;
28) түпкілікті баға – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың ең жоғары бағасы;
29) тізілімнің веб-порталы – мемлекеттік мүлік тізілімін (бұдан әрі – тізілім) сату объектілері туралы электрондық дерекқорға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын, интернет желісінде мына мекенжай бойынша орналастырылған интернет-ресурс: www.gosreestr.kz;
30) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
31) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
32) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға, оған мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген;
33) қатысушы – сауда-саттыққа қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға;
34) ұйымдастырушы (уәкілетті орган) – байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын адамдардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
35) конкурстық комиссия – ұйымдастырушы сауда-саттықты өткізу үшін құратын алқалы орган;
36) үлестес тұлға – сауда-саттыққа осы әлеуетті қатысушының шешімдерін айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешімдерге, оның ішінде жазбаша нысанда жасалған мәміленің күшіне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ сауда-саттыққа әлеуетті қатысушының оған қатысты осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. РЭҚ жиіліктерінің номиналдары және (немесе) техникалық параметрлері өзгерген жағдайда, сондай-ақ РЖС-ға бұрын берілген рұқсатта көрсетілген мәннен асқан кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен РЖС-ға рұқсат алады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мыналар:
1) Қорғаныс министрлігімен бұрын келісілген, РЖВАК ұсынымдары негізінде көрсетілетін қызметті беруші бөлетін;
2) Ұлттық кестеде «ГР» санаты ретінде көрсетілген азаматтық пайдаланушылардың РЭҚ басымдықпен пайдалануына арналған;
3) Халықаралық электробайланыс одағының Радиобайланыс регламентінде белгіленген жиілік иеліктеріне сәйкес теңіз РЭҚ-ға және Апаттық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайлары үшін жаһандық теңіз жүйесіне (бұдан әрі – АҚҚЖЖТЖ) арналған;
4) Егер РЭҚ және ЖЖҚ-ның техникалық параметрлері, мақсаты және орнату орны өзгермеген жағдайда, сондай-ақ егер техникалық параметрлер РЖС-ға бұрын берілген рұқсатта көрсетілген мәннен аспаса, радиожиіліктердің бұрын келісілген жолақтары (номиналдары) үшін радиожиілік белдеулері (номиналдары) үшін келісу рәсімін жүргізу талап етілмейді.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. РЖС-ға рұқсат осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген рәсімдер жүргізілмей, мынадай:
1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы өзгерген;
2) көрсетілетін қызметті алушының байланыс және телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметке лицензия алған немесе қайта ресімдеген;
3) егер заңды тұлға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры болып табылған;
4) егер РЭҚ және ЖЖҚ-ның техникалық параметрлері, мақсаты және орнату орны өзгермесе, сондай-ақ егер техникалық параметрлер РЖС-ға бұрын берілген рұқсатта көрсетілген мәннен аспаған;
5) РЖС рұқсатты электрондық форматқа ауыстырған;
6) қалалық және ауылдық елді мекендерде Интернетке кең жолақты қол жеткізу жобаларын қаржыландыру бойынша міндеттемелер қабылданған;
7) халықаралық үйлестірудің оң нәтижелері алынған жағдайларда қайта ресімделеді.
Әкімшілік-аумақтық бірліктің, көшенің атауы, ғимараттар мен құрылыстардың нөмірленуі өзгерген жағдайда, РЖС-ға рұқсатты қайта ресімдеу талап етілмейді.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. РЖС-ға рұқсаттың қолданылуын көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, аумақтық бөлімшенің өтінішхаты бойынша мынадай:
1) пайдаланушының РЖС пайдалануға рұқсатты өз еркімен қайтару туралы өтініш берген;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аумақтық бөлімше жүргізетін РЖС мониторингінің нәтижелерімен расталатын РЖС бір жыл бойы пайдаланылмаған;
3) байланыс операторылары РЖС рұқсатында көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындамаған;
4) Салық кодексіне сәйкес үш тоқсан үшін РЖС пайдаланғаны үшін мемлекеттік бюджетке төлемақы төленбеген;
5) әрбір елді мекенде және (немесе) радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатты алғаннан кейін екі жыл өткен соң пайдалану аумағында халықтың кемінде отыз пайызының байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік беру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық инфрақұрылым болмаған жағдайларда тоқтатады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
«6-тарау. Ұялы байланыс желілерінде ұялы байланыс сигналын күшейткіштерді (репитерлерді, активті ретрансляторларды) пайдалану тәртібі
103. Пассивті ретрансляторларды қоспағанда, ұялы байланыс желілерінде ұялы байланыс сигналын күшейткіштерді (репитерлер, активті ретрансляторлар) қолданғысы келетін ұялы байланыс абоненттері байланыс сапасын жақсарту үшін өзі абоненті болып табылатын ұялы байланыс операторына ұялы байланыс сигналын күшейткіштерді (репитерлер, активті ретрансляторлар) орнатуға жазбаша келісім алу үшін жүгінеді.
Ұялы байланыс операторы талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша ұялы байланыс сигналының күшейткіштерін (репитерлер, активті ретрансляторлар) орнату қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
Ұялы байланыс абонентінің сұранысы қанағаттандырылған кезде, абонент ұялы байланыс сигналының күшейткіштерін (репитерлер, активті ретрансляторлар) орнатуды дербес жүзеге асырады. Ұялы байланыс операторы сондай-ақ ұялы байланыс абонентіне сигналды қабылдау сенімсіз аймақтарда ұсынылатын байланыс қызметтерінің сапасын жақсарту бойынша ықтимал баламалы нұсқаларды ұсынады.
104. Ұялы байланыс сигналын күшейткіштер (репитерлер, активті ретрансляторлар) жол берілмейтін кедергілер тудырмайды және кестеге сәйкес рұқсат беру құжаттарының негізінде жұмыс істейтін РЭҚ тарапынан кедергілерден қорғауды талап етпейді. Ұялы байланыс сигналын күшейткіштер тарапынан кедергілер туындаған кезде (репитерлер, активті ретрансляторлар) ұялы байланыс операторлары кедергілерді жою бойынша шаралар қабылдауы қажет.»;
осы Қағидаларға 10-қосымша Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Қағидаларға 15-қосымша Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10999 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыс қызметтерін, сондай-ақ олармен технологиялық байланысты қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Абонент ұялы байланыс қызметтерін және (немесе) олармен технологиялық байланысты қызметтерді пайдалану үшін ұялы байланыс Операторының абоненттік қол жеткізу жабдығымен техникалық үйлесімділік талаптарына сәйкес келетін абоненттік құрылғыларды пайдаланады.
Абоненттік құрылғылар ретінде ұялы телефондар, кіріктірілген модемдері бар смартфондар, планшеттер мен ноутбуктер, сондай-ақ USB-модемдер, мобильді Wi-Fi роутерлер және басқа да байланыс құралдары, оның ішінде ұялы байланыс операторының радиоэлектрондық құралдарының жұмысына кедергі келтірмейтін ұялы байланыс сигналын күшейткіштер пайдаланылады.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Абонент:
1) ұялы байланыс операторынан мыналар:
ұялы байланыс қызметтерін көрсетудің мазмұны мен ерекшеліктері;
ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасу тәртібі;
тапсырыс берілетін және алынған ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу тәртібі, көрсетілген ұялы байланыс қызметтері үшін есеп айырысу ерекшеліктері;
ұялы байланыс операторы қызметтерінің жұмыс режимдері туралы өтініштерді, наразылықтарды беру және оларды қарау тәртібі туралы ақпарат алады;
2) егер тарифтік жоспарды ауыстыру абоненттің өтінішін беру арқылы ұялы байланыс операторы бөлген абоненттік нөмірді ауыстырумен байланысты болмаса, бір тарифтік жоспарды басқасына ауыстыруды тегін жүзеге асырады.
3) егер тарифтік жоспарды ауыстыру ұялы байланыс операторына тиісті жазбаша өтініш бере отырып, абоненттік нөмірді ауыстырумен байланысты болса, қосымша ақы үшін (егер бұл ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартта көзделсе) бір тарифтік жоспарды басқасына ауыстыруды жүзеге асырады. Абоненттің қолданыстағы орнына тапсырыс берген тарифтік жоспар бойынша ұялы байланыс қызметтері тиісті өтініш берілгеннен кейін келесі күні көрсетіледі;
4) ұялы байланыс операторының техникалық мүмкіндігіне қарай күнтізбелік отыз күнге тең қызмет көрсету мерзімімен есеп айырысудың аванстық тәртібін және абоненттік төлемді көздейтін тарифтік жоспарлардың бірін қалыптастырады;
5) ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген талаптарға сәйкес ұялы байланыс операторының желісіндегі абоненттік нөмірді ауыстыруды жүзеге асырады;
6) ұялы байланыс қызметтерін пайдаланғаны үшін төлемді қайта есептеуді немесе есептік қате болған, ұялы байланыстың ақылы қызметтерін абоненттің өтінішінсіз көрсеткен жағдайда, сондай-ақ қолданыстағы тарифтік жоспардың мерзімі өткенге дейін тарифтік жоспар өзгерген жағдайда осы қызметтерді пайдаланғаны үшін төленген соманы қайтаруды талап етеді;
7) көрсетілген ұялы байланыс қызметтерінің сапасына, ұялы байланыс операторының қызметтері мен персоналының жұмысындағы кемшіліктерге, есеп айырысу кезіндегі қателіктерге шағым береді;
8) жазбаша өтініш береді не қосымша ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы қысқа хабарлама жіберу арқылы береді;
9) белгілі бір аумақта (әуежай, ұшақ және т.б.) қолданылатын талаптарды, сондай-ақ ықтимал кедергілер немесе қауіпті жағдайлар туындаған жағдайларда (медициналық мекемелер, отынды сақтау және қайта тиеу аумақтары, автомобильдер, жарылыс жұмыстарын жүргізу орындары және басқалар) шектеулерді сақтайды;
10) өтініш бойынша немесе ауызша (кейіннен өтінішті ауызша жүгінген сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірмей бере отырып) ұялы байланыс операторына абоненттік құрылғының бүлінгені (жойылғаны), оны пайдалануды бұғаттау мақсатында абоненттің сәйкестендіру картасының жоғалғаны (ұрланғаны) туралы хабарлайды. Қажет болған кезде ұялы байланыс операторы абоненттің осы сәйкестендіру картасына абоненттің құқықтарын растайтын қосымша мәліметтерді сұратады. Ұялы байланыс операторы абоненттің жоғалған сәйкестендіру картасын бұғаттағанға дейін абонент өзіне көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлейді;
11) ұялы байланыс операторынан өз таңдауы бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдау функциясы бар абоненттің сәйкестендіру картасын (SIM карта үшін) алады;
12) ұялы байланыс сигналының күшейткіштерін (репитер, активті ретранслятор) дербес орнату үшін өзі абоненті болып табылатын ұялы байланыс операторына сұрау салуды жібереді.».

3

3. «Байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 327 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 қарашада № 15980 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1-тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу рәсімінде қолдануға арналған.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Өлшеу бағыты болжамды өлшеу учаскесінде ұялы байланыс желілерімен жабудың болуын ескере отырып жоспарланады. Өлшеу маршруттары осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес маршруттарды сипаттау негізінде жасалады.».

4 4. «Байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 410 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 16064 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштері осы Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

1 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі ми­ни­стр­лі­гі­нің Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар ко­ми­те­ті

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
1-қосымша
Жиіліктер белдеулерін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондақ құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларына
10-қосымша
Нысан
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Цифр­лық да­му, ин­но­ва­ци­я­лар
және аэро­ға­рыш өнер­к­ә­сі­бі
ми­ни­стр­лі­гі­нің
Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар ко­ми­те­ті
Ко­ми­тет те­ле­ком­му­ни­ка­ций
Ми­ни­стер­ства циф­ро­во­го
раз­ви­тия, ин­но­ва­ций и
аэро­кос­ми­че­ской
про­мыш­лен­но­сти
Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат
РЖС N A/BB-CCC/DDDD
Берілді (заңды немесе жеке тұлғаның атауы)
Ұйымдастыру үшін: (радиобайланыс түрі)
Мынадай көрсеткіштері бар радиожиіліктерін пайдалануға рұқсат етіледі:
Р/с №
Ор­на­ты­лу пунк­ті
Жаб­дық тү­рі
Та­сы­мал­дау жи­і­лік­те­рі
Қу­ат
Ан­тен­на­ның ілі­ну би­ік­ті­гі
Ес­кер­ту­лер
Рұқсаттың қолданылу мерзімі: РЖС рұқсат бергені үшін алым төленетін жағдайларды қоспағанда, жыл сайынғы төлем төленген кезде келесі күнтізбелік жылға ұзартылады.
Берілген күні: 20___жылғы «__» __________________
Басшы ___________тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).
ӨБЖН
Негіз
Қо­сым­ша ақ­па­рат
Рұқсаттың қолданылу шарттары:

1 1. РЖС пайдалану рұқсаты Салық кодексіне сәйкес РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемді төлеген жағдайда қолданыста болады.

2

2. РЖС рұқсаты Портал арқылы мемлекеттік бюджетке РЖС пайдаланғаны үшін жылдық төлемнің төленгенін растайтын құжатты тең бөліктермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей РЖС пайдаланушымен қоса ұсынған жағдайда келесі жылға автоматты түрде ұзартылады.

3

3. Аналогты сигнал арқылы қызметті жүзеге асыратын теле,-радио компаниялары, телерадио хабар тарататын операторлар, мемлекеттік бюджетке РЖС рұқсатын алуға алымды енгізеді және хабарлама негізінде Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік бюджетке төленгенін растайтын құжатты РЖС пайдалану орны бойынша аумақты бөлімшеге ұсынады.

4 4. РЖС рұқсаты:

1 1) РЭҚ және ЖЖҚ пайдаланудың басталғаны туралы хабарламаның болмаған және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аумақтық бөлімшелер жүргізетін радиожиілік спектрі мониторингінің нәтижелерімен расталатын радиожиілік белдеулерін (номиналдарын) жыл бойы пайдаланбаған;

2 2) ұялы байланыс операторы РЖС рұқсатында көрсетілген елді мекендерді және (немесе) аумақтарды байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді орындамаған;

3

3) әрбір елді мекенде және (немесе) радиожиілік спектрін пайдалануға берілген рұқсатты алғаннан кейін екі жыл өткен соң пайдалану аумағында халықтың кемінде отыз пайызының байланыс қызметтеріне кең жолақты қолжетімділік беру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық инфрақұрылым болмаған жағдайларда қайтарып алынады.

5 5. РЭҚ және ЖЖҚ иелері «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-7 бабында көрсетілген талаптарды сақтауға міндетті.

Аумақта не қалалық немесе ауылдық елді мекендерде байланыс қызметтерімен, оның ішінде интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер.
р/с
Аумақ, немесе қалалық және ауылдық елді мекендер
Мерзімі
1
2
3
1

2 РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруді талап ететін РЭҚ мен ЖЖҚ тізбесі

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне
2-қосымша
Жиіліктер белдеулерін радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондақ құралдардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу қағидаларына
15-қосымша
Нысан
РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруді талап ететін РЭҚ мен ЖЖҚ тізбесі
Р/с №
Ра­дио­элек­трон­дық құ­рал­дар мен жо­ға­ры жи­і­лік­ті құ­ры­л­ғы­лар­дың түр­ле­рі
Пай­да­ла­ны­ла­тын ра­дио­жи­і­лік­тер бел­де­уле­рі (но­ми­нал­да­ры)
1
2
3
Те­ле­ви­зи­я­лық және ды­быст­ық ха­бар та­ра­ту, ды­быст­ық сиг­нал­ды та­ра­ту­ға ар­нал­ған ра­ди­о­та­ра­ту­шы құ­рал­дар
1
Те­ле­ви­зи­я­лық ха­бар та­ра­ту­ға ар­нал­ған ра­ди­о­та­рат­қыш құ­ры­л­ғы­лар
Ұлт­тық кесте­ге* сәй­кес бө­лін­ген жи­і­лік­тер
2
Эфир-кә­біл­дік те­ле­ви­зия стан­ци­я­ла­ры
Ұлт­тық кесте­ге* сәй­кес бө­лін­ген жи­і­лік­тер
3
Ды­быст­ық (ра­дио) ха­бар та­ра­ту­ға ар­нал­ған ра­ди­о­та­рат­қыш құ­ры­л­ғы­лар
Ұлт­тық кесте­ге* сәй­кес бө­лін­ген жи­і­лік­тер
Же­рү­сті ра­дио­бай­ла­ны­стар­ды қа­был­дап-та­рат­қыш жаб­дық­та­ры
4
Ста­ци­о­нар­лық және жы­л­жы­ма­лы (алып жү­ру­ге бо­ла­тын­да­рын қо­са ал­ған­да) қа­был­дап-та­рат­қыш ра­дио­стан­ци­я­ла­ры, мы­на­лар­ға ар­нал­ған: УҚТ-ра­дио бай­ла­ны­ста­ры Тран­кинг­тік ра­дио­бай­ла­ныс жүй­е­сі
33–48,5 МГц; 57–57,5 МГц; 117,975-137 МГц, 146–174 МГц, 380–385 МГц, 390–470 МГц (Қу­а­ты 2 Вт дей­ін ша­ғын қу­ат­ты алып жү­ру­ге бо­ла­тын РЭҚ-тан бас­қа (151,625; 159,775; 433.075-434.775; 462,5625; 462,5875; 462,6125; 462,6375; 467,5625; 467,5875; 467,6125; 467,6375; 467,6625; 467,6875; 467,7125 МГц)
5
Пей­джинг­тік бай­ла­ны­стың стан­ци­я­ла­ры, ра­дио­те­ле­мет­ри­я­ға ар­нал­ған ста­ци­о­нар­лы (ба­за­лық) қа­был­дап-та­рат­қыш стан­ци­я­ла­ры
117,975-137 МГц, 146–174; 380–385 МГц, 390–470 МГц
6
Ұя­лы стан­дарт бай­ла­ны­сы­ның ста­ци­о­нар­лық (ба­за­лық) стан­ци­я­ла­ры. Фем­то­сот­тар**
Ұлт­тық кесте­ге* сәй­кес бө­лін­ген жи­і­лік­тер
7
ҰТ, ОТ, ҚТ диа­па­зон­ды ста­ци­о­нар­лы және жы­л­жы­ма­лы РЭҚ
1,5-30 МГц (ОТ-ауқым­да­ғы пор­та­тив­ті және ұт­қыр ра­дио­стан­ци­я­лар­дан бас­қа (26970-27410; 27410-27860 кГц))
8
Ра­дио­ре­ле­лі стан­ци­я­лар:
Ұлт­тық кесте­ге* сәй­кес тір­кел­ген қыз­мет­ке ар­нал­ған жи­і­лік­тер
9
Ста­ци­о­нар­лық (ба­за­лық) және сым­сыз ра­дио қол­же­тім­ді­лік жүй­е­ле­рі (WLL)
Ұлт­тық кесте­ге* сәй­кес тір­кел­ген қыз­мет­ке ар­нал­ған жи­і­лік­тер
10
License-Assisted Access тех­н­ло­го­и­я­сын пай­да­ла­на оты­рып ин­тер­нет­ке сым­сыз ра­дио­қол­же­тім­ді­лік жүй­е­сі­нің (WLL) ста­ци­о­нар­лық (ба­за­лық) стан­ци­я­сы
5150-5925 МГц
11
DECT стан­дарт­ты сым­сыз бай­ла­ны­стың стан­ци­о­нар­лы (ба­за­лық) стан­ци­я­ла­ры
1880-1920 МГц
12
Те­ле­фон ар­на­сы­ның ра­дио­ұзарт­қы­шта­ры:
№ 1 ра­дио­жи­і­лік то­бы
№ 2 ра­дио­жи­і­лік то­бы
№ 3 ра­дио­жи­і­лік то­бы
№ 4 ра­дио­жи­і­лік то­бы
№ 5 ра­дио­жи­і­лік то­бы
№ 6 ра­дио­жи­і­лік то­бы
№ 7 ра­дио­жи­і­лік то­бы
қа­был­дау (МГц):
та­ра­ту (МГц):
252,9125
379,2625
252,9250
379,2750
253,0375
379,3875
253,0500
379,4000
253,1625
379,5125
253,1750
379,5250
253,2875
379,6375
253,3000
379,6500
253,4125
379,7625
253,4250
379,7750
253,5375
379,8875
253,5500
379,9000
253,6625
380,0125
253,6750
380,0250
253,7875
380,1375
253,8000
380,1500
307,5125
343,5125
307,5250
343,5250
307,5375
343,5375
307,5500
343,5500
307,5625
343,5625
307,5750
343,5750
307,5875
343,5875
307,6000
343,6000
307,6125
343,6125
307,6250
343,6250
307,6375
343,6375
307,6500
343,6500
307,6625
343,6625
307,6750
343,6750
307,6875
343,6875
307,7000
343,7000
307,7125
343,7125
307,7250
343,7250
307,7375
343,7375
307,7500
343,7500
307,7625
343,7625
307,7700
343,7700
307,7875
343,7875
307,8000
343,8000
307,8125
343,8125
307,8250
343,8250
307,8375
343,8375
307,8500
343,8500
307,8625
343,8625
307,8750
343,8750
307,8875
343,8875
307,9000
343,9000
307,9125
343,9125
307,9250
343,9250
307,9375
343,9375
307,9500
343,9500
307,9625
343,9625
307,9750
343,9750
307,9875
343,9875
13
Ра­дио­әу­ес­қой­лық ра­дио­стан­ци­я­лар
Ұлт­тық кесте­ге* сәй­кес ти­іс­ті қыз­мет­тер­ге ар­нал­ған жи­і­лік­тер
Се­рік­тік бай­ла­ныс жүй­е­ле­рі
14
«Thuraya», «Inmarsat», «Globalstar», «Inmarsat Global Xpress», «Iridium» ға­лам­дық жы­л­жы­ма­лы спут­ник­тік бай­ла­ныс жүй­е­ле­рі­нің ста­ци­о­нар­лық және або­нент­тік стан­ци­я­ла­ры, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы ор­на­ла­суы ти­іс же­лі­лер­ді ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған бас­қа­ру жүй­е­сі
1525,0-1559,0 МГц (ға­рыш-Жер);
1610,0-1660,5 МГ (Жер-ға­рыш);
2483,5-2500,0 МГц (ға­рыш-Жер);
19,7–20,2 ГГц (ға­рыш-Жер);
29,5–3 0Г­Гц (Жер-ға­рыш);
19,6 ГГц (ға­рыш-Жер);
29,1 – 29,3 ГГц (Жер-ға­рыш)
15
Ста­ци­о­нар­лық жер стан­ци­я­ла­ры***, со­ның ішін­де ға­рыш ап­па­рат­та­рын бас­қа­ру­дың жер стан­ци­я­ла­ры
Ұлт­тық кесте­ге* сәй­кес бө­лін­ген жи­і­лік­тер
16
Құ­ра­мын­да та­ра­та­тын құ­ры­л­ғы­лар бар те­ле­ви­зи­я­лық ре­пор­таж­дық жы­л­жы­ма­лы стан­ци­я­лар (ра­дио­ре­ле­лік спут­ник­тік бай­ла­ныс стан­ци­я­ла­ры), сон­дай-ақ спут­ник­тік бай­ла­ны­стың та­сы­мал­дау жер стан­ци­я­ла­ры.
Ұлт­тық кесте­ге* сәй­кес тір­кел­ген және тір­кел­ген спут­ник­тік қыз­мет­тер­ге ар­нал­ған жи­і­лік­тер
Те­ңіз жы­л­жы­ма­лы қыз­ме­ті­нің қа­был­дау-та­рат­қыш құ­ры­л­ғы­ла­ры
17
Те­ңіз жа­ға­лау қыз­ме­ті РЭҚ
Ұлт­тық кесте­ге* және Ха­лы­қа­ра­лық электр бай­ла­ныс ода­ғы­ның Ра­дио­бай­ла­ныс ре­гла­мен­тіне сәй­кес тір­кел­ген қыз­мет­ке ар­нал­ған жи­і­лік­тер
18
Ра­ди­о­на­ви­га­ци­я­лық құ­ры­л­ғы­лар: ұшақ жүр­гі­зу­дің және ұшақ­тың ұшу қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­дің ұшақ­тық қа­был­дап-та­рат­қыш ра­дио­тех­ни­ка­лық құ­рал­да­ры (ра­дио­би­ік­тікті өл­шеу, жыл­дам­дық­ты және ығу­ды өл­шеу құ­рал­да­ры, соқ­тығ­ы­лы­сты ал­дын-ала ес­кер­ту ап­па­ра­ту­ра­сы)
Ұлт­тық кесте­ге* және Ха­лы­қа­ра­лық электр бай­ла­ныс ода­ғы­ның Ра­дио­бай­ла­ныс ре­гла­мен­тіне сәй­кес тір­кел­ген қыз­мет­ке ар­нал­ған жи­і­лік­тер.
19
Ра­дио­бай­ла­ныс же­лі­сі­нің жұ­мысын ба­са­тын РЭҚ
Ескерту: РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама беруді талап ететін РЭҚ пен ЖЖҚ тізбесінде көрсетілген негізгі қысқартулар:
* Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеулерін бөлу кестесі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10375 болып тіркелген);
** фемтосоттарға РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алу талап етілмейді.
*** VSAT (HUB) желісінің жердегі Орталық спутниктік станциясына арналған радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған жағдайда HUB-технологиясы бойынша жұмыс істейтін VSAT-станциялары үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алу талап етілмейді.
ЖЖҚ – жоғарыжиілікті құрылғылар;
ГГц – гигагерц;
ҰТ – ұзын толқындар;
ҚТ – қысқа толқындар;
кГц – килогерц;
МГц – мегагерц;
РЭҚ – радиоэлектрондық құрал;
ОТ – орта толқындар;
УҚТ – ультра-қысқа толқындар;
HUB – орталық станция;
DECT – Digital Enhanced Cordless Telecommunication (цифрлық сымсыз байланыстың жақсартылған технологиясы);
SCPC – Single Channel per Carrier (тасымалдаушыға бір арна).
VSAT – Very Small Aperture Terminal (кіші антенна апертурасы бар серіктік байланыстың жердегі станциясы);
WLL – wireless local loop (сымсыз қолжетімділік жүйесі).

3 Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштері

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін
кейбір бұйрықтардың тізбесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 22 қарашадағы
№ 410 бұйрығымен
бекітілген
Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштері

Ұя­лы бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі­нің са­па көр­сет­кі­ші­нің ата­уы
Көр­сет­кіш­тің мәні
Да­уыс бай­ла­ны­сы қыз­мет­те­рі­нің са­па көр­сет­кіш­те­рі
1
Ұя­лы бай­ла­ныс же­лі­сі­нің або­нен­ті­мен қо­сы­лу­ды ор­на­ту ке­зін­де ша­қы­ру­лар­дың жал­пы са­ны­нан сәт­сіз ша­қы­ру­лар­дың үле­сі
3%
2
Тір­кел­ген те­ле­фон бай­ла­ны­сы же­лі­сі­нің або­нен­ті­мен қо­сы­лу­ды ор­на­ту ке­зін­де ша­қы­ру­лар­дың жал­пы са­ны­нан сәт­сіз ша­қы­ру­лар­дың үле­сі
2.5%
3
Або­нент­тің ба­ста­ма­сын­сыз ор­на­ты­л­ған қо­сы­лу­лар­дың ажы­ра­уы­мен аяқ­тал­ған ша­қы­ру­лар­дың үле­сі
3%
4
Сө­здер­ді бе­ру са­па­сы бой­ын­ша нор­ма­тив­тер­ді қа­на­ғат­тан­дыр­май­тын ша­қы­ру­лар­дың үле­сі (MOS POLQA < 2,8)
8%
5
Ұя­лы бай­ла­ныс же­лі­сін­де сол өңір­де­гі ұя­лы бай­ла­ныс же­лі­сі­мен те­ле­фон қо­сы­луын ор­на­ту­ды аяқ­та­удың ор­та­ша уа­қы­ты
8 сек
Жы­л­жы­ма­лы бай­ла­ныс же­лі­ле­рі ар­қы­лы Ин­тер­нет­ке қол жет­кі­зу қыз­мет­те­рі­нің са­па көр­сет­кіш­те­рі
1
HTTP сер­ве­рі­нен де­ректер­ді жүк­те­удің сәт­ті сес­си­я­ла­ры­ның үле­сі
95%і
2
«Тө­мен» ба­ғы­ты бой­ын­ша FTР сер­ве­рі­нен де­ректер­ді жүк­те­удің сәт­ті сес­си­я­ла­ры­ның үле­сі
95%1
3
HTTP WEB-па­рақ­ша­сын жүк­теу сес­си­я­ла­ры­ның сәт­ті әре­кет­те­рі­нің үле­сі
95%іі
4
FTP сер­ве­рі­нен де­ректер­ді жүк­те­удің ор­та­ша жыл­дамды­ғы көр­сет­кіш мән­де­рі­нің үле­сі «тө­мен» же­лі­сі бой­ын­ша 2 Мбит/с кем (ли­цен­зи­я­лық мін­дет­те­ме­лер­ге сәй­кес Д0, Д1, Д2, Д3 клас­сы үшін)ііі
10%
5
FTP сер­ве­рі­нен де­ректер­ді жүк­те­удің ор­та­ша жыл­дамды­ғы көр­сет­кіш мән­де­рі­нің үле­сі 3G тех­но­ло­ги­я­сын­да­ғы «тө­мен» же­лі­сі бой­ын­ша 1 Мбит/с кем (С1С, О1С клас­сы үшін)
10%
6
FTP сер­ве­рі­нен де­ректер­ді жүк­те­удің ор­та­ша жыл­дамды­ғы көр­сет­кіш мән­де­рі­нің үле­сі 4G тех­но­ло­ги­я­сын­да­ғы «тө­мен» же­лі­сі бой­ын­ша 5 Мбит/с кем (С1С, О1С клас­сы үшін)
10%
Бай­ла­ны­сты қам­ту­дың са­па көр­сет­кіш­те­рі

Көр­сет­кіш
Ел­ді ме­кен­нің ти­пі іv
1
2
3
4
1
RSSІ (Receіved Sіgnal Strength Іndіcator) - 2G тех­но­ло­ги­я­сын­да­ғы сиг­нал дең­гей­і­нің көр­сет­кі­ші, dBm.
Ба­стап­қы мәніv
≤-75
≤-85
≤-95
≤-95
Рұқ­сат еті­л­ген пай­ызvі, %
5
10
10
10
2
CPІCH RSCP – 3G тех­но­ло­ги­я­сын­да­ғы ска­нер­ле­у­ші қа­был­да­ғы­шы­ның кі­ру­ін­де қа­был­да­на­тын пай­да­лы сиг­нал­дың дең­гейі, dBm.
Ба­стап­қы мәні
≤ -80
≤-90
≤-100
≤-105
Рұқ­сат еті­л­ген пай­ыз, %
10
10
10
10
3
Ec/Іo – 3G тех­но­ло­ги­я­сын­да­ғы шу­ға пай­да­лы сиг­нал­дың қа­ты­сы, dB
Ба­стап­қы мәні
<15
<15
<15
<15
Рұқ­сат еті­л­ген пай­ыз, %
10
10
5
15
4
RSRP-4G тех­но­ло­ги­я­сы­ның ска­нер­ле­у­ші қа­был­да­ғы­шы­ның кі­ру­ін­де­де­гі қа­был­дан­ған ті­рек сиг­нал­дар кү­ші­нің ор­та­ша мәні, dBm
Ба­стап­қы мәні
≤ -100
≤ -105
≤ -105
Нор­ма­лан­бай­ды
Рұқ­сат еті­л­ген пай­ыз, %
5
10
15
Тір­кел­ген бай­ла­ныс же­лі­ле­рі ар­қы­лы Ин­тер­нет­ке қол жет­кі­зу қыз­мет­те­рі са­па­сы­ның көр­сет­кіш­те­рі
Қо­сы­лу тү­рі
Бай­ла­ныс ар­на­сы­ның өт­кі­зу қа­бі­ле­ті, Мбит/с
ІP-па­кет­тер­дің кі­ді­ру уа­қы­ты, ар­тық емес
ІP-па­кет­тер­дің кі­ді­ру ва­ри­а­ци­я­сы, ар­тық емес
ІP па­кет­те­рін жо­ғал­ту, ар­тық емес
ТОБЖ бой­ын­ша ұй­ым­да­сты­ры­л­ған бай­ла­ныс ар­на­ла­ры бой­ын­ша де­ректер­ді өл­шеу объ­ек­ті­сі мен опе­ра­тор­дың де­ректер­ді бе­ру же­лі­сін­де ор­на­лас­қан тест сер­ве­рі/ба­қы­ла­удың ап­па­рат­тық құ­ра­лы ара­сын­да бе­ру ке­зін­де
та­риф­тік жос­пар­да, шар­тта бел­гі­лен­ген мән­нен ке­мін­де 70%
20 мс
10 мс
0,2%
Опе­ра­тор­дың де­ректер­ді бе­ру же­лі­сін­де ор­на­лас­қан де­ректер­ді ТОБЖ+өрі­л­ген жұп, РРЖ+өрі­л­ген жұп өл­шеу объ­ек­ті­сі мен тест сер­ве­рі/ба­қы­ла­удың ап­па­рат­тық құ­ра­лы ара­сын­да­ғы бай­ла­ны­стың құ­рам­дас ар­на­ла­ры бой­ын­ша бе­ру ке­зін­де
150 мс
50 мс
0,3%
Опе­ра­тор­дың де­ректер­ді бе­ру же­лі­сін­де ор­на­лас­қан өл­шеу объ­ек­ті­сі мен тест сер­ве­рі/ба­қы­ла­удың ап­па­рат­тық құ­ра­лы ара­сын­да­ғы бір жер­се­рік­тік учас­ке­мен бай­ла­ны­стың құ­рам­дас ар­на­ла­ры бой­ын­ша де­ректер­ді бе­ру ке­зін­де
800 мс
100 мс
0,5%
Аббревиатуралар мен қысқартулар тізімі:
MOS – сөйлеу анықтығын орташа бағалау
HTTP – деректерді жіберу хаттамасы
FTP – желі бойынша файлдарды жіберу хаттамасы
ІP – желіаралық хаттама
ТОБЖ – талшықты-оптикалық байланыс желісі
Ескертпелер:
_______________________________
і деректерді (тестілік файлдарды) жүктеудің сәтсіз талаптары санының белгілі уақыт кезеңінде деректерді жүктеу әрекеттерінің жалпы санына пайызбен көрсетілген қатынасы;
іі HTTP WEB парақты жүктеудің сәтті талаптары санының белгілі уақыт кезеңінде HTTP WEB-парақты жүктеу әрекеттерінің жалпы санына пайызбен көрсетілген қатынасы;
ііі Өлшеулер жүргізілетін орындар классы:
С1С – әуежайлар, теміржол/сапаржай вокзалдары, бизнес орталықтары, әкімшілік кешендер, көрмелік алаңдар, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындары
Д0 – 1 миллионнан астам халқы бар қалалар
Д1 – республикалық маңызы бар және (немесе) халқы 300 мың адамнан асатын қалалар
Д2 – қалалық жер (халқы 50000-нан 300000 адамға дейін болатын орта және үлкен қалалар)
Д3 – 50000 адамға дейінгі халқы бар ауылдық жерлер және шағын қалалар
О1С – келіп түскен өтініштер негізіндегі өлшемдер
іv құрылыстардың тығыздығына байланысты елді мекендердің типтері:
1 – құрылыс тығыздығы жоғары қала (үй-жайлардың сыртынан);
2 – құрылыс тығыздығы төмен қала, шеттегі аймақтар (үй-жайлардың сыртынан);
3 – ауылдық жер (лицензиялық міндеттемелерге сәйкес желімен қамтылған, үй-жайлардың сыртынан);
4 – автомобиль жолдары (лицензиялық міндеттемелерге сәйкес желімен қамтылған)
v әртүрлі елді мекендер типтерінде желінің қолжетімділігі қамтамасыз етілетін бос кеңістіктің қабылдау нүктелеріндегі сигналдың ең төменгі деңгейі сигналдың таралуы кезінде өшуімен (бөгеуілдерді ескере отырып) айқындайды;
vі бастапқы мәндердің жол берілетін пайызы көрсетілген технологиялардың желісімен қамтылған учаскелерде алынған мәндердің жалпы санынан бастапқы мәннен төмен мәндердің үлесі ретінде есептеледі.

Қолданыстағы