Құжат мәтініне өту

Об утверждении углеродного бюджета

Бұйрық · № 704 · қабылданған 15.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178595/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении углеродного бюджета Қолданыста Бұйрық ·№ 704 ·15.11.2022
15.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении углеродного бюджета

Қолданыста Бұйрық ·№ 704 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении углеродного бюджета
Атауы (қаз.)
Көміртегі бюджетін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
704
Қабылданған күні
15.11.2022
Көрсетілген редакция
15.11.2022 178595_630052.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030652
ЭКБ идентификаторы
178595
Редакция идентификаторы
178595_630052
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:02

0 Көміртегі бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экология кодексі 286-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Көміртегі бюджеті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

0 Көміртегі бюджеті

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 15 қарашадағы
№ 704 Бұйрығымен
бекітілген
Көміртегі бюджеті

1 1. Көміртегі бюджеті Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 286-бабының 5-тармағына және «Париж келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Көміртегі бюджеті Қазақстан Республикасының көміртегі балансы үшін көміртектік бюджеттеу кезеңіне жол берілетін шекті көлемді айқындайды.

3 3. 1990 жылғы көміртегі балансы 381 694 078 тонна СО2* құрайды.

Кезең
Парниктік газдардың квоталанатын шығарындыларының көміртегі бюджеті, тонна СО2
Парниктік газдардың квоталанбайтын шығарындыларының көміртегі бюджеті, тонна СО2
Парниктік газдардың жалпы шығарындылары, тонна СО2
2023 жыл
175 307 265
189 466 933
364 774 198
2024 жыл
172 677 656
186 624 929
359 302 585
2025 жыл
170 087 491
183 825 556
353 913 047
*көміртегі балансы БҰҰ КӨНК 1995 жылғы 2 маусымдағы №FCCC/CP/1995/7/Add.1 климаттың өзгеруі туралы шешіміне сәйкес Монреаль хаттамасымен реттелмейтін көздерден антропогендік шығарындылар кадастры және парниктік газдар сіңіргіштері абсорбциясы туралы Ұлттық баяндама негізінде есептелген https://unfccc.int/documents/461955

Қолданыстағы