Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан

Қаулы · № 1094 · қабылданған 29.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178601/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1094 ·29.12.2022
29.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1094 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1094
Қабылданған күні
29.12.2022
Көрсетілген редакция
29.12.2022 178601_620778.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200001094
ЭКБ идентификаторы
178601
Редакция идентификаторы
178601_620778
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:08

0 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып өзгертілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорын жарғысына тиісті өзгерістерді бекітуге енгізсін;

2 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №580 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы