Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 32 · қабылданған 07.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178632/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста Қаулы ·№ 32 ·07.02.2023
18.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қолданыста Қаулы ·№ 32 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии и лесного хозяйства, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
32
Қабылданған күні
07.02.2023
Көрсетілген редакция
18.01.2024 178632_697397.kaz
Соңғы өзгеріс
18.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23F0002218
ЭКБ идентификаторы
178632
Редакция идентификаторы
178632_697397
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:28

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiнiң 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшаларына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) айқындалсын.

2 2. Абай облысының «Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Абай облысы әкімінің
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 32 Қаулыға
1 қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1

1. Басқарушы персонал: денсаулық сақтау ұйымының басшысы мен оның орынбасары, клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері, дәріхана (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі, басшының әкімшілік-шаруашылық бөлімі және мейіргер ісі жөніндегі орынбасары.

2

2. Негізгі персонал: мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), медициналық мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер, әлеуметтік қызметкер, психолог.

10 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы «7» ақпандағы
№ 32 қаулысына
2-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі

1 1. Басқарушы персонал: мансап орталығының директоры мен оның орынбасары, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы мен оның орынбасары (стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар, үйде қызмет көрсету ұйымдар, уақытша болу ұйымдар, аумақтық және оңалту орталықтары).

2

2. Негізгі персонал: мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының) басшысы, мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, психолог, логопед, әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, иппотерапия жөніндегі инструктор-әдіскер, мәдени ұйымдастырушы, емдік дене шынықтыру жөніндегі инструктор, жүзу жөніндегі инструктор, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

3 3. Әкімшілік персонал: кітапханашы.

4 4. Қосалқы персонал: ассистент.

15 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы «7» ақпандағы
№ 32 қаулысына
3-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтiн білім беру
саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1

1. Басқарушы персонал: облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация басшысы, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы, облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері, мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас экономисі.

2

2. Негізгі персонал: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушысы және әдіскері, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері, дефектолог-мұғалім, (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) логопед-мұғалім, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы-оқытушысы, орта білімінен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шебері, жетекші, тәрбиеші, әдіскер, дене тәрбиесі нұсқаушысы, музыкалық жетекші, қосымша білім беру педагогы, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, зертханашы, хореограф, сүйемелдеуші, барлық мамандықты дәрігерлер, мейірбике (мейіргер), диеталық мейірбике.

3 3. Әкімшілік персонал: мемлекеттік мекемедегі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындағы басшы (меңгеруші): кітапхана, лагерь, интернат, шеберхана, оқу-өндірістік шеберхана, кітапханашы, концертмейстер, көркемдік жетекші, бухгалтер, экономист.

4 4. Қосалқы персонал: тәрбиешінің көмекшісі.

20 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Абай облысы әкімінің
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 32 Қаулыға
4 қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Басқарушы персонал: мәдениет пен архив ісі саласындағы мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы мен басшы орынбасары, сектор, бөлім, филиал басшысы.

2 2. Негізгі персонал: мамандар, оның ішінде архивист, археограф, экскурсовод, барлық атауы бар әртіс, әдістемеші, балетмейстер, кітапханашы, барлық атауы бар суретші, музыкалық жетекші, режиссер.

3 3. Әкімшілік персонал: мәдени ұйымдастырушы, инспектор, қор сақтаушысы.

4 4. Көмекші персонал: архивариус, мұражай қараушысы.

25 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Абай облысы әкімінің
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 32 Қаулыға
5 қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Басқарушы персонал: облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеменің басшысы мен орынбасары, облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы-оқытушы.

2 2. Негізгі персонал: жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, әдіскер, нұсқаушы, психолог, хореограф, дәрігер, медициналық мейіргер, зертханашы (негізгі қызмет бойынша).

28 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Абай облысы әкімінің
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 32 Қаулыға
6 қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Басқарушы персонал: мемлекеттік мекеменің басшысы мен оның орынбасары.

2 2. Негізгі персонал: ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер.

31 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн орман шаруашылығы мамандары лауазымдарының тізбесі

Абай облысы әкімінің
2023 жылғы 7 ақпандағы
№ 32 Қаулыға
7 қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн орман шаруашылығы мамандары лауазымдарының тізбесі

1

1. Басқарушы персонал: орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және басшы орынбасары, орман күзету және қорғау бас инженері (табиғи кешендерді күзету және қорғау инженері), орманды қалпына келтіру бас инженері (орманды молықтыру және орман өсіру инженері), орманшылық басшысы (орман күтуші), орманшылық басшысының орынбасары, орман тұқымбағының бастығы, орман өрт сөндіру станциясының бастығы.

2 2. Негізгі персонал: аңшылықтанушы, орман шебері, орманшы (инспектор), авиациялық өртсөндіру командасының (тобының) нұсқаушысы, орман шаруашылығы негізгі қызметтерінің барлық мамандықтарының инженерлері.

Қолданыстағы