Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для культурно-оздоровительных, рекреационных, туристских и спортивных целей
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1286
- Қабылданған күні
- 22.12.2003
- Көрсетілген редакция
- 24.02.2016 AI17864_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030001286_
- ЭКБ идентификаторы
- 17864
- Редакция идентификаторы
- AI17864_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:41
0 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiнiң 102-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса берілiп отырған Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Мыналардың:
1 1) "Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру (қалпына келтiру) мақсаттарында пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 16 наурыздағы N 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., N 13, 130-құжат);
2
2) "Өсiп тұрған сүрек үшін төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгiзу ережесiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 431 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 110-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
0 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2003 жылғы 22 желтоқсандағы
N 1286 қаулысымен
бекiтiлген
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану ережесi
1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес әзiрлендi, әрi жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрi - орман пайдаланушылар) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануы тәртiбiн регламенттейдi.
Осы Ереженiң күші ерекше қорғалатын орман аумақтарын қоспағанда, мемлекеттiк орман қорына қолданылады.
2
2. Орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану орман ортасы жағдайында дем алу, емделу, спортпен шұғылдану арқылы адамдардың денсаулығын қалпына келтiру және нығайту, сондай-ақ бiрегей орман ландшафтарын, табиғат, мәдени және тарихи мұра ескерткiштерiн барып көруге және зерделеуге байланысты туризм үшiн орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалануды көздейдi.
3
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттарда ормандағы жоғары өрт қауiптiлiгi кезеңдерiнде, селекциялық-тұқым шаруашылығы жұмыстарын, жаңғақ кәсiпшілігi мен орман жемiсi шаруашылығын жүргiзу мүддесi үшiн, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде шектеледі.
4
4. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында өздерiнiң мұқтаждықтары үшiн жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрi-дәрмектiк шикiзат, өзге де орман ресурстарын жинауына облыстық атқарушы органның ұсынымы бойынша облыстық өкілеттiк органның шешiмiмен бекiтiлген нормалар шегiнде рұқсат етіледi.
5 5. Орман пайдаланушылар мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн демалу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық iс-шараларға қатысу мақсатында пайдаланған кезде мына талаптарды орындайды:
өрт қауiпсiздiгi ережесiн сақтайды, ағаштар мен бұталардың сынуына және кесiлуiне, орман дақылдарының бүлiнуiне, ормандардың ластануына, құмырсқа илеулерiнiң, құс ұяларының зақымдануына жол бермейдi;
жабайы өсетін азықтық орман ресурстарын, дәрi-дәрмектік шикiзатты оларды молықтыруға нұқсан келтiрмейтiн мерзiмде және тәсiлдермен жинайды, мемлекеттік орман қоры аумағында болудың және орман ресурстарын пайдаланудың Қазақстан Республикасының орман заңнамаларында белгіленген басқа да ережелерiн сақтайды.
6
6. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық iс-шаралар жүргізу автотұрақтармен, спорт алаңдарымен, туристік маршруттармен және соқпақтармен, мемлекеттік орман иеленушiнiң рұқсатымен басқа да объектілермен жабдықталған арнайы бөлiнген учаскелерде жүзеге асырылады.
7 7. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттарда пайдалану кезiнде орман пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгiленген тәртiппен үй-жайлар, құрылыстар және басқа да объектiлер (бұдан әрi - объектiлер) сала алады.
8 8. Орман пайдаланушыларға мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiндегi объектiлердi олар орман өсiрудi жоспарлау материалдарының құрамында бекiтiлген құрылыс салу жобаларына сәйкес орман пайдалану мерзiмiне салады.
Объектілердi салу орындары мiндеттi түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізіліп, уәкілеттi органмен келiсiледi.
9
9. Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде объектiлер орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде орман пайдаланушылар ормандарды сарқынды сулардың, өнеркәсiп және коммуналдық-тұрмыстық тастандылардың, қалдықтар мен қоқыстардың терiс әсерiнен қорғауды қамтамасыз ететiн iс-шараларды көздеуi және жүзеге асыруы тиіс.
10
10. Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшiн орман пайдаланушыларға берiлген мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде олар салған объектілер пайдалану мерзiмi аяқталғаннан кейiн орман пайдаланушылардың есебiнен құлатуға, алып кетуге жатады немесе белгіленген тәртіппен мемлекеттiк орман иеленушiнің теңгерiміне берiледi.