Об установлении значений результатов обучения, предоставляющих лицам, завершившим обучение в организациях образования и в организациях образования при Президенте Республики Казахстан в рамках государственного заказа по программам высшего или послевузовского образования, возможность занятия административных государственных должностей корпуса «Б» без проведения конкурса
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении значений результатов обучения, предоставляющих лицам, завершившим обучение в организациях образования и в организациях образования при Президенте Республики Казахстан в рамках государственного заказа по программам высшего или послевузовского образования, возможность занятия административных государственных должностей корпуса «Б» без проведения конкурса
- Атауы (қаз.)
- Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 11.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2026 178667_830431.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031904
- ЭКБ идентификаторы
- 178667
- Редакция идентификаторы
- 178667_830431
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:25
0
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің аумақтық органдары осы бұйрықта белгіленген тұлғалардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуына тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндері
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2023 жылғы 11 ақпандағы
№ 38 бұйрығына
қосымша
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндері
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен уəкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижесінің мәні келесіден төмен емес:
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
Әріптік жүйе бойынша бағалар
Балдардың сандық эквиваленті
Балдар
(%-тік құрамы)
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
Жергілікті атқарушы органдарда, мəслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың жəне олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мəслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) орналаса алады.
B+
3,33
85-89
жақсы
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен уəкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндері келесіден төмен емес:
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары
Әріптік жүйе бойынша бағалар
Балдардың сандық эквиваленті
Балдар
(%-тік құрамы)
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
1. Облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына;
2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органның басшылық емес лауазымына;
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына;
4. Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.
B+
3,33
85-89
жақсы