Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы Министерства финансов Республики Казахстан

Қаулы · № 1466 · қабылданған 30.10.1997
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1787/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Некоторые вопросы Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста 20.09.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Некоторые вопросы Министерства финансов Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы № 1466 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы Министерства финансов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1466
Қабылданған күні
30.10.1997
Көрсетілген редакция
20.09.1999 AI1787_3.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P970001466_
ЭКБ идентификаторы
1787
Редакция идентификаторы
AI1787_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:55
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiн ұйымдастыру-құрылымдық жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментiне (бұдан әрi - Қазынашылық) заңды тұлға мәртебесi берiлсiн.

2. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.09. N 1028 қаулысымен.

3. Оның жекелеген функцияларын, мүлiк пен iстi басқару жөнiндегi өкiлеттiгiн Қазынашылыққа беру арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкi таратылсын.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

1997 жылдың 31 желтоқсанына дейiн заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiн таратуды жүргiзсiн және 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттiк мекемелерге қолма-қол ақша берудi екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырсын;
1997 жылдың 1 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде Қазынашылық валюталық шоттары арқылы бюджеттiк мекемелердiң валюталық операцияларын орталықтандырылған жүргiзудiң тәртiбiн әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментiне банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беру ұсынылсын.

6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазынашылық пен оның Алматы, Ақмола қалаларындағы және облыс орталықтарындағы аумақтық органдарына байланыс арналарын бөлудi қамтамасыз етсiн.

7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен.

8. Мыналардың:

"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 42-құжат);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 қыркүйектегi N 1349 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

9. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.

10 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi туралы ЕРЕЖЕ

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкi­метiнiң
1997 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы
N 1466 қа­улы­сы­мен
Бекiтiл­ген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi туралы ЕРЕЖЕ
📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.09. N 1028 қаулысымен.