Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования области Абай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типовых правил внутреннего распорядка организации образования области Абай
- Атауы (қаз.)
- Абай облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 38
- Қабылданған күні
- 17.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2024 178715_729724.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23F000038A
- ЭКБ идентификаторы
- 178715
- Редакция идентификаторы
- 178715_729724
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:22
0 Абай облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Абай облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;
2 2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бакылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Абай облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы «17» ақпандағы
№ ____ қаулысымен
бекітілген
Абай облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Абай облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2
2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту кезінде бірыңғай тұрғыда қарауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. 3. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, сондай-ақ білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың және білім беру ұйымының өзге де заңды өкілдерінің оларға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен және Білім беру ұйымы ішкі тәртіп қағидаларымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.
2 2-тарау. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі
4 4. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидалары:
білім беру ұйымының әкімшілігі мен педагогтарының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналармен және өзге заңды өкілдермен өзара іс-әрекет етуін;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алуы және олардың өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайдың жасалуын; ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды; білім беру ұйымы жұмысының басталу мен аяқталу уақытын, олардың арасындағы үзілістерді;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығын; оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібін көздейді.