Об установлении публичного сервитута для строительства линейно-кабельных сооружений волоконно-оптической линии связи направления «Аэропорт Туркестан-АО «Казтелерадио-Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казаэронавигация» Комитета гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута для строительства линейно-кабельных сооружений волоконно-оптической линии связи направления «Аэропорт Туркестан-АО «Казтелерадио-Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Казаэронавигация» Комитета гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- «Түркістан әуежайы-«Қазтелерадио» АҚ-Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» бағытында талшықты-оптикалық байланыс желісінің желілік-кәбілдік ғимараттарын салу үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 41
- Қабылданған күні
- 13.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2023 178750_620126.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23UR00041A
- ЭКБ идентификаторы
- 178750
- Редакция идентификаторы
- 178750_620126
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:24
0 «Түркістан әуежайы – «Қазтелерадио» АҚ –
Қазақстан Республикасы Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі
Азаматтық авиация комитетінің
«Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»
бағытында талшықты-оптикалық байланыс желісінің
желілік-кәбілдік ғимараттарын салу үшін
қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 2022 жылғы 05 тамыздағы №01-12-392 хатына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі,
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес “Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына” «Түркістан әуежайы» -«Қазтелерадио» АҚ бағытында талшықты-оптикалық байланыс желісінің желілік-кабелдерін төсеу және ғимараттарын салу үшін қажетті жер учаскелерін меншік иелерінен алып қоймай тұрақты мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны-құрылыс жұмыстар аяқталғаннан кейін бір ай мерзімнен кешіктірмей бұзылған жерлерді қалпына келтіру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтау бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етілсін.
3 3. «Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Садибаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
8 Түркістан облысы Сауран ауданында орналасқан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілеу бойынша ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
Сауран ауданыы әкімдігінің
2023 жылғы «13» ақпан
№41 қаулысына қосымша
Түркістан облысы Сауран ауданында орналасқан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілеу бойынша
ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
№
қ/с
Жер пайдаланушылар атауы
Кадастрлық номер
Нысаналы мақсаты
Жер учаскесінің орналасқан жері
Сервитуттың әрекет ету көлемі, (га)
Меншік түрі
1
2
3
4
5
6
7
1
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
19-304-104-1446
жаңа әуежайдың аэронавигация объектілерін салу үшін
Шаға ауыл округі
0,01
2
«Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
19-331-070-028
халықаралық әуежайды салу және пайдалану үшін
Шаға ауыл округі
0,1122
3
«Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
19-331-070-029
халықаралық әуежайды салу және пайдалану үшін
Шаға ауыл округі
0,0127
4
«Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
19-331-106-001
қолданыстағы әуежайға апаратын жол
Шаға ауыл округі
1,8421
5
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
19-304-031-338
Арыс-Түркістан каналының жер учаскесін бекіту үшін
Шаға ауыл округі
0,0337
6
Тәңірберген Рахманберді Тәңірбергенұлы
19-304-104-1389
тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін
Шаға ауыл округі
0,0621
Аудан бойынша барлығы:
2,0728