Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Бұйрық · № 121 · қабылданған 15.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-178777/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 121 ·15.02.2023
15.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 121 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
121
Қабылданған күні
15.02.2023
Көрсетілген редакция
15.02.2023 178777_619956.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031942
ЭКБ идентификаторы
178777
Редакция идентификаторы
178777_619956
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:23

0 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларын және оған мәліметтер мен олардың өзгерістерін енгізуді растайтын куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1315 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17325 болып тіркелген):
2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1 тармақшамен толықтырылсын:
«9-1. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган «электрондық үкіметтің» ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілетін қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.»;
2-қосымшада:
реттік нөмірі 7-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Жұмыс кестесі
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Кодексіне және Заңға сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
»;

2

2) «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20153 болып тіркелген):
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1 тармақшамен толықтырылсын:
«15-1. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде уәкілетті орган «электрондық үкіметтің» ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.»;
2-қосымшада:
реттік нөмірі 7-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Жұмыс кестесі
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары www.egov.kz, www.elicense.kz порталдарында орналастырылған.
Веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы